
- •1 Инвестициялық саясаттың теориялық негіздері
- •1.1 Инвестиция саясатының экономикалық теориясы
- •1.2 Қр экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары
- •1.3 Қазақстан Республикасынын инвестициялық қызмет іс әрекеттерін заңдармен қамтамасыз ету
- •2 Қазақстан республикасы инвестициялық қызметтің белсенділігін бағалау
- •2.1 Қазақстан Республикасы инвестициялық кызметіне талдау
- •2.2 Алматы қаласың экономикалық жағдайына талдау
- •2.3 Алматы қаласың экономикалық жағдайына талдау
- •3 Инвестициялык қызметтің белсенділігін ояту мен ынталандыру механизмдерін жетілдіру
- •3.1 Шетел инвестицияларын тартудың халықаралық тәжірибесі және оларды республикада кешенді пайдалану
- •3.2 Техникалық саясатты дамыту мақсатында тікелей шетелдік инвестицияларды пайдалану мәселелері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.3 Алматы қаласың экономикалық жағдайына талдау
Алматы қаласы, республиканың іскерлік пен қаржы орталығы бола отырып, Қазақстандағы ең бір инвестициялық жағынан тартымды өңірлердің бірі болып қалуда, өйткені қалада қажетті еңбек, тұтыну және инфрақұрылымдық әлует жеткілікті. Алматы 2013 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы мен Астана қаласынан ғана кейін қалып, негізгі капиталға құйылатын инвестицияның үлес салмағы бойынша Қазақстанның 3-ші өңірі болып табылады.
Алматы қаласы инвестициялық қызметінің негізгі көрсеткіштерін қарастырып кетейік (10-кесте):
Кесте 10 - Алматы қаласы инвестициялық қызметінің негізгі көрсеткіштері
|
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
2013ж |
Инвестиция (млрд. теңге), оның ішінде: |
485,1 |
382,7 |
398,4 |
415,4 |
458,3 |
Өнеркәсіп |
36,5 |
47,4 |
73,1 |
62,2 |
59,4 |
Құрылыс |
10 |
7,8 |
8,5 |
7,5 |
9,1 |
Сауда: автожөндеу және т.б.. |
30,5 |
27,8 |
35,3 |
33,5 |
45,4 |
Көлік пен байланыс |
153 |
112,9 |
91,4 |
126,4 |
158,8 |
Қаржылық қызмет |
27,6 |
23,4 |
36,4 |
23,8 |
25,8 |
Жылжымайтын мүлікпен операциялар |
163,8 |
87,4 |
64,2 |
96,4 |
80,3 |
Білім беру |
16,02 |
13,4 |
8,05 |
9,1 |
26,9 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету |
13,1 |
17,1 |
21,2 |
13,8 |
10,2 |
Басқалар |
2,5 |
1,7 |
0,5 |
0,4 |
0,6 |
ҚР үлес салмағы (%) |
11,5 |
8,3 |
8,7 |
8,3 |
8,4 |
Инвестицияның таза көлемінің индексі (%) |
109,3 |
90 |
80,3 |
102,7 |
106,3 |
Ескертпе - «Алматы 2013 жылда» атты қысқаша статистикалық жылнамасы, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2014 ж. |
Инвестицияның жиынтық көлеміндегі Алматы қаласының үлес салмағы 2009 жылы ең жоғарғы деңгейге өсті және 2009 және 2013 жылдар аралығында – 11,6%-ға дейін жетіп, одан кейін 2013 жылы 8,4% дейін төмендеді.
Кесте 11- Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көздері
|
2009г. |
2010г. |
2011г. |
2012г. |
2013г. |
Барлығы, млн. теңге оның ішінде мыналардың есебінен қаржыландырылатын: |
485 068 |
382 684 |
398 408 |
415 419 |
458 276 |
Республикалық бюджеттің |
80 321 |
121 966 |
136 284 |
92 316 |
91 996 |
Жергілікті бюджеттің |
27 020 |
10 967 |
12 192 |
25 037 |
26 160 |
Өз қаражатынан |
186 846 |
164 949 |
164 668 |
183 651 |
232 286 |
Шет елдік қаражаттан |
1 950 |
3 252 |
19 843 |
13 554 |
1 773 |
Басқа заемдық қаражаттар |
188 931 |
81 550 |
65 421 |
100 861 |
106 061 |
Ескертпе - «Алматы 2013 жылда» атты қысқаша статистикалық жылнамасы, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2014 ж. |
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға құйылатын инвестицияның құрылымы біршама өзгерді. 2009 жылдан бері басымдық көрсетіп келген заемдық қаражат инвестицияның жалпы көлемінде 39%-дан 23,2%-ға дейін 2013 жылы төмендеді.
2013 жылы қаржыландыру көздері арасында үлкен бөлігін өз қаражаттары құрағанын өз кезегінде айта кету қажет, ол 2009 жылмен салыстырғанда 50,7 %. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат 2013 жылы қаржыландырудың жалпы көлемінен 20%-ды құрады 32.
Өңірлік инвестиция құрылымы соңғы алты жыл ішінде инвестиция құю бойынша алда келе жатқан жылжымайтын мүліктермен операция, жалға беру сияқты салалар, біраз өзгеріске ұшырап, бірінші орынды капитал құю үлесі 2013 жылы жалпықалалық көлемнің 34,6%-ын құраған көлік пен байланыс секторына берді.
Ұлттық инновациялық саясаттың негізгі мақсаты болып тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, жоғары технологиялық өндірісті дамыту, ғылыми өнімдер көлемін өсіру есебінен бюджетке түсімдерді көбейту, жаңа технологияларды пайдалану жолымен экологиялық және әлеуметтік түйткілдерді шешу табылады. 12-кестені қараңыз:
Кесте 12 - Ғылым мен инновацияны дамыту көрсеткіштері
|
2009 ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. |
2013ж. |
Барлығын зерттеуге және әзірлеуге ішкі шығындар, млн.теңге |
14951,7 |
20683,6 |
13319,8 |
16287,6 |
19 061,5 |
ҒЗТКЖ-ға шығындар, млн.теңге |
- |
2007,7 |
994,6 |
1206,4 |
1 545,1 |
Тех.инновац-ға жалпы шығындар |
9 425,9 |
3 320,7 |
5974,8 |
7291,6 |
8 345,4 |
Ғылыми зерттеулер мен әзірлеулерді орындаған мамандардың саны, адам |
7225 |
8218 |
8 178 |
8 689 |
8 644 |
Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны, бірлік |
166 |
151 |
133 |
143 |
243 |
Инновациялық өнімнің көлемі, млн.теңге |
11085,6 |
7711,2 |
12686,6 |
10601,4 |
12 579,2 |
Ескертпе - ҚР статистика жөніндегі агенттігінің «Қазақстан Республикасындағы 2013 жылғы ғылыми-техникалық қызмет», «ҚР кәсіпорындарының 2013 жылғы инновациялық қызметі туралы» статистикалық бюллетеньдері. |
2009-2013 жылдар арасындағы кезеңде зерттеулер мен әзірлемелерге кеткен ішкі шығындар 28%-ға көбейді. Олардың ішінде 2013 жылы ҒЗТКЖ-ға кеткен шығындар 1545,1 млн.теңгені құрады, ол ішкі шығындардың жалпы көлемінен 9%-ды құрайды
Қала бойынша ғылыми зерттеулермен және жұмыстармен айналысатын мамандар саны 2013 жылы республика бойынша жұмыс істейтіндердің жалпы санының (20 404 адам) 8 644 адамды немесе 43%-ын құрады. Сонымен қатарталданып отырған кезеңде санының жыл сайынғы өсімі байқалады.
Теріс динамикаға қарамастан 2009-2013 жылдар кезеңінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны 166-дан 243 бірлікке, инновациялық өнімнің көлемі 11 085,6-дан 12 579,2 млн. теңгеге көбейгені байқалады.
Қаладағы инновациялық жағынан белсенді кәсіпорындар мен ұйымдардың саны 143-ті немесе республика бойынша жұмыс істейтіндердің жалпы санының (614 бірлік) 23%-ын құрады.
Алматы – Тянь-Шань жоталарының солтүстік бетіндегі Іле Алатауының солтүстік етегінде орналасқан республикамыздың оңтүстік-шығысындағы аса ірі қала. Қаланың координаты - 77° оңтүстік бойлық пен 43° солтүстік ендік.
Алматы қаласының аумағы 451,5 шаршы шақырымды құрайды. Әкімшілік жағынан қала жеті ауданға бөлінген, олар: Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб.
Қалада ірі демографиялық және еңбек әлуеті бар: 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұндағы халық саны 1475,4 мың адамды немесе республика тұрғындарының 8,7%-ын құрады. Экономкалық белсенді халықтың үлесі – 65,8 %, еңбекпен қамту деңгейі – 94,3 %.
Алматы елдегі ірі іскерлік пен кәсіпкерлік қызметтің орталығы болып табылады. Қалада тіркелген заңды тұлғалардың үлес салмағы еліміздегі олардың жалпы санының 28,3%-ын құрайды, ал шағын бизнес кәсіпорындарының саны 1000 тұрғынға есептегенде (белсенді кәсіпорындар бойынша) 55,6-ға тең, бұл Қазақстан өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша қала ел өңірлерінің арасында бірінші орынға шығып, қала үлесі 2013 жылы 18,6 %-ды құрады. Қаланың ЖӨӨ салалық құрылымы 2013 жылдың қорытындылары бойынша: қызметтер (сауданы қоспағанда) – 27,9%, сауда – 32,4%, көлік және қоймаларға орналастыру – 5,8%, ақпарат және байланыс – 8,3%, өнеркәсіп – 5,2%, құрылыс – 3,5% болды.
Алматы жоғары инвестициялық қызығу-шылық туғызып отырған қала: негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі бойынша қала жалпыреспубликалық көлемде екінші межені иеленіп отыр 33, 4-8б..
Қаланың экономикалық мамандануы сауда, қаржы, білім беру, көлік-логистикалық, туристік және басқа да қызметтер түріне негізделген.
Қала жалпы республикалық көлемдегі сауда қызметінің 28%-ын көрсетіп, кең көлемді тауарлар ассортиментін ұсынады, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қазіргі заманғы инфрақұрылымға ие.
Алматы еліміздің туристік индустриясын дамытуда көшбасшы болып келеді, жалпы республика көлемінде туристік салада атқарылған жұмыстар мен қызметтердің 81%-ын, қызмет көрсетілген барлық тұтынушылар санының 19 %-ы соның үлесіне тиесілі.
Қала еліміздегі аса ірі көлік-логистикалық және коммуникациялық орталық болып табылады, республиканың көлік және байланыс саласындағы қызметтің 87,2%-ы осында көрсетіледі.
Алматы елдің жетекші қаржы-экономикалық орталығы болып табылады: республика бойынша қаржы саласында қызмет істейтіндердің үштен бір бөлігі, жалпы депозиттер көлемінің 44,1%-ы, барлық несиелердің 39%-ы қалаға тиесілі. Ұлттық банк, қаржылық қызметті реттейтін органдар, қор биржасы, қолданыстағы екінші деңгейдегі 39 банктің 33-і, ЖЗҚ-ның 9-і, сақтандыру компанияларының 31-і өз қызметтерін қала аумағында жүзеге асырады.
Алматы республикадағы ең қуатты ғылыми және зерттеу әлуеттеріне ие болып отыр: елдегі ғылыми ұйымдардың 35%-ы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаратын барлық қызметкерлердің 43%-ы, ғылыми зерттеулерге жұмсалатын жалпы шығындар көлемінің 38%-ы, ақпараттық-коммуникациялық технология шығындарының 47%-ы мен атқарылған ғылыми-техникалық жұмыстардың 35%-ы - қала еншісінде.
Қала еліміздің ірі білім мен мәдениет орталығы болып табылады. Жоғары білім беретін барлық оқу орындарының 33%-дан астамы, елдегі студенттер санының 28%-ы Алматыда шоғырланған.
Қалада республика бойынша медициналық қызмет көрсетуге арналған ең ірі инфрақұрылым жасалған: мамандандырылған жүздеген диагностикалық, емханалық және амбулаториялық мекемелер, ғылыми-зерттеу және шипажайлық ұйымдар, әртүрлі емдеу орталықтары жұмыс істейді. Қала бойынша алғанда дәрігерлермен қамтамасыз ету республикадағымен салыстырған 2 есе жоғары.
Қала сыртқы сауда қызметінің маңызды орталығы болып саналады: сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша ол елдегі жалпы көлемнің 13,1%-ын, оның ішінде экспортта – 6% және импортта – 28,3%-ды құрайды.
Алматыдағы халықтың тұрмыс деңгейі республика бойынша орта есеппен алғанда анағұрлым жоғары. Ел бойынша орта есеппен алғанда Алматыда бір адамға шаққандағы ақшалай кіріс 1,9 есе, қала тұрғындарының орташа айлық номинальдық еңбек ақысы 1,3 есе, тұтынуға жұмсалатын ақшалай шығындар 1,5 есе артық 34, 156б..