
- •1 Инвестициялық саясаттың теориялық негіздері
- •1.1 Инвестиция саясатының экономикалық теориясы
- •1.2 Қр экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары
- •1.3 Қазақстан Республикасынын инвестициялық қызмет іс әрекеттерін заңдармен қамтамасыз ету
- •2 Қазақстан республикасы инвестициялық қызметтің белсенділігін бағалау
- •2.1 Қазақстан Республикасы инвестициялық кызметіне талдау
- •2.2 Алматы қаласың экономикалық жағдайына талдау
- •2.3 Алматы қаласың экономикалық жағдайына талдау
- •3 Инвестициялык қызметтің белсенділігін ояту мен ынталандыру механизмдерін жетілдіру
- •3.1 Шетел инвестицияларын тартудың халықаралық тәжірибесі және оларды республикада кешенді пайдалану
- •3.2 Техникалық саясатты дамыту мақсатында тікелей шетелдік инвестицияларды пайдалану мәселелері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Алматы қаласың экономикалық жағдайына талдау
Алматы – Тянь-Шань жоталарының солтүстік бетіндегі Іле Алатауының солтүстік етегінде орналасқан республикамыздың оңтүстік-шығысындағы аса ірі қала. Қаланың координаты - 77° оңтүстік бойлық пен 43° солтүстік ендік.
Алматы қаласының аумағы 451,5 шаршы шақырымды құрайды. Әкімшілік жағынан қала жеті ауданға бөлінген, олар: Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб.
Қалада ірі демографиялық және еңбек әлуеті бар: 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мұндағы халық саны 1475,4 мың адамды немесе республика тұрғындарының 8,7%-ын құрады. Экономкалық белсенді халықтың үлесі – 65,8 %, еңбекпен қамту деңгейі – 94,3 %.
Алматы елдегі ірі іскерлік пен кәсіпкерлік қызметтің орталығы болып табылады. Қалада тіркелген заңды тұлғалардың үлес салмағы еліміздегі олардың жалпы санының 28,3%-ын құрайды, ал шағын бизнес кәсіпорындарының саны 1000 тұрғынға есептегенде (белсенді кәсіпорындар бойынша) 55,6-ға тең, бұл Қазақстан өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
Жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша қала ел өңірлерінің арасында бірінші орынға шығып, қала үлесі 2013 жылы 18,6 %-ды құрады. Қаланың ЖӨӨ салалық құрылымы 2013 жылдың қорытындылары бойынша: қызметтер (сауданы қоспағанда) – 27,9%, сауда – 32,4%, көлік және қоймаларға орналастыру – 5,8%, ақпарат және байланыс – 8,3%, өнеркәсіп – 5,2%, құрылыс – 3,5% болды.
Алматы жоғары инвестициялық қызығу-шылық туғызып отырған қала: негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі бойынша қала жалпыреспубликалық көлемде екінші межені иеленіп отыр 26, 24-27б..
Қаланың экономикалық мамандануы сауда, қаржы, білім беру, көлік-логистикалық, туристік және басқа да қызметтер түріне негізделген.
Қала жалпы республикалық көлемдегі сауда қызметінің 28%-ын көрсетіп, кең көлемді тауарлар ассортиментін ұсынады, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қазіргі заманғы инфрақұрылымға ие.
Алматы еліміздің туристік индустриясын дамытуда көшбасшы болып келеді, жалпы республика көлемінде туристік салада атқарылған жұмыстар мен қызметтердің 81%-ын, қызмет көрсетілген барлық тұтынушылар санының 19 %-ы соның үлесіне тиесілі.
Қала еліміздегі аса ірі көлік-логистикалық және коммуникациялық орталық болып табылады, республиканың көлік және байланыс саласындағы қызметтің 87,2%-ы осында көрсетіледі.
Алматы елдің жетекші қаржы-экономикалық орталығы болып табылады: республика бойынша қаржы саласында қызмет істейтіндердің үштен бір бөлігі, жалпы депозиттер көлемінің 44,1%-ы, барлық несиелердің 39%-ы қалаға тиесілі. Ұлттық банк, қаржылық қызметті реттейтін органдар, қор биржасы, қолданыстағы екінші деңгейдегі 39 банктің 33-і, ЖЗҚ-ның 9-і, сақтандыру компанияларының 31-і өз қызметтерін қала аумағында жүзеге асырады.
Алматы республикадағы ең қуатты ғылыми және зерттеу әлуеттеріне ие болып отыр: елдегі ғылыми ұйымдардың 35%-ы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқаратын барлық қызметкерлердің 43%-ы, ғылыми зерттеулерге жұмсалатын жалпы шығындар көлемінің 38%-ы, ақпараттық-коммуникациялық технология шығындарының 47%-ы мен атқарылған ғылыми-техникалық жұмыстардың 35%-ы - қала еншісінде.
Қала еліміздің ірі білім мен мәдениет орталығы болып табылады. Жоғары білім беретін барлық оқу орындарының 33%-дан астамы, елдегі студенттер санының 28%-ы Алматыда шоғырланған.
Қалада республика бойынша медициналық қызмет көрсетуге арналған ең ірі инфрақұрылым жасалған: мамандандырылған жүздеген диагностикалық, емханалық және амбулаториялық мекемелер, ғылыми-зерттеу және шипажайлық ұйымдар, әртүрлі емдеу орталықтары жұмыс істейді. Қала бойынша алғанда дәрігерлермен қамтамасыз ету республикадағымен салыстырған 2 есе жоғары.
Қала сыртқы сауда қызметінің маңызды орталығы болып саналады: сыртқы сауда айналымының көлемі бойынша ол елдегі жалпы көлемнің 13,1%-ын, оның ішінде экспортта – 6% және импортта – 28,3%-ды құрайды.
Алматыдағы халықтың тұрмыс деңгейі республика бойынша орта есеппен алғанда анағұрлым жоғары. Ел бойынша орта есеппен алғанда Алматыда бір адамға шаққандағы ақшалай кіріс 1,9 есе, қала тұрғындарының орташа айлық номинальдық еңбек ақысы 1,3 есе, тұтынуға жұмсалатын ақшалай шығындар 1,5 есе артық.
Алматы қаласы – еліміздің қаржы, инвестиция, мәдениет пен іскерлік орталығы рөлін атқаратын еліміздегі аса ірі қала. Төмендегі кестеде (5-кесте):
Алматы қаласының ЖӨӨ көлемі және құрылымы көрсетілген:
Кесте 5 - Алматы қаласының ЖӨӨ көлемі және құрылымы
№ |
Атауы |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. |
2013г. |
1. |
ЖӨӨ көлемі, млрд.теңге |
2949,67 |
3175,2 |
3923,4 |
4896,3 |
5641,2 |
2. |
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі , мың теңге |
2193,2 |
2306,8 |
2797,3 |
3418,8 |
3856,1 |
3. |
ЖӨӨ құрылымы, % |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
|
Өнеркәсіп |
6,1 |
5,8 |
6,1 |
5,8 |
5,2 |
|
Құрылыс |
6,7 |
5,2 |
4,6 |
3,8 |
3,5 |
|
Сауда |
27,6 |
27,3 |
29,5 |
29 |
32,4 |
|
Көлік және байланыс |
15,3 |
16 |
17,8 |
15,6 |
14,1 |
|
Ауыл шаруашылығы |
0,1 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
|
Басқа да қызметтер |
44,2 |
45,7 |
42,0 |
45,8 |
44,8 |
Ескертпе: Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің 2013 жылғы статистикалық жылнамадан алынған деректері. Ұлттық шоттар статистика сайты. |
2012 жылы Алматы қаласы Қазақстанның ЖӨӨ-нің 17,8%-ын қамтамасыз етеді, 2013 жылы ЖӨӨ өндірісінде Алматы қаласының үлесі 18,7% құрады және өңірлердің арасында ең жоғарғы болып отыр. 2012 жылы ЖӨӨ көлемі 4896,3 млрд.теңгені құрады, 2013 жылы 9,4%-ға өсе отырып 5641,2 млрд.теңгені құрды.
Жалпы өңірлік өнім қаланың жан басына шаққанда 3856,1 мың теңгені құрды 27.
ЖӨӨ салалық құрылымында негізгі үлес саудаға (32,4%), басқа да қызметтер саласына (44,8%), жылжымайтын мүлік операцияларын жүргізу (10,8%), көлік және байланыс (14,1%) келеді.
ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесінің төмендеуі байқалады, ол 6,1%-дан 5,2%-ға дейін, құрылыста 6,7-ден 3,5%-ға дейін. Осыған қарамасьан сауданың үлесі 27,6%-дан 32,4%-ға дейін көбейгені белгіленді.
ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесінің төмендеуіне қарамастан осы сала өндірісінің көлемі 363,9 млрд. теңгеден 584,6 млрд. теңгеге дейін 2009 жыл мен 2013 жылдар аралығында өскенін көрсетеді.
Келесі кестеде сыртқы сауда айналымына талдау жасалынған (6-кесте):
Кесте 6 - Сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері
млн. АҚШ долл. |
|
|
||||
Көрсеткіштер |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. |
2013ж. |
|
Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары |
20626,1 |
15785,8 |
13887,8 |
22274,4 |
25399,2 |
|
ҚР бойынша үлесі, % |
18,9 |
22 |
15,2 |
18 |
20 |
|
Экспорт |
6029,9 |
4512,8 |
4487,9 |
6258,1 |
6287,01 |
|
ҚР бойынша үлесі, % |
8,4 |
10,4 |
7,4 |
8 |
8 |
|
Импорт |
14596,1 |
11273 |
9399,9 |
16016,3 |
19122,2 |
|
ҚР бойынша үлесі, % |
38,5 |
39,7 |
30,2 |
44 |
42 |
|
Сальдо |
-8566,1 |
-6760,2 |
-4912 |
-9758 |
-12835,2 |
|
Ескертпе: Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 2011-2013 жылдардағы статистикалық жинағы. |
2013 жылы тауарлардың сыртқы саудадағы айналымы бағамен есептегенде 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,2 есе, оның ішінде, экспорт 1,1 есе, импорт 1,3 есе өсті және 25399,2 млн.АҚШ долларын құрады.
Тұтас алғанда республикалық сыртқы сауда көлеміндегі Алматы қаласының 2013 жылғы үлесі осының алдындағы жылмен салыстырғанда шамалы өсті, бұл қала экспорты үлесінің өсуіне байланысты болған еді.
Өнімдердің экспорттында минералдық ресурстар басым (жалпы көлемнен 52,3%). Импорт бойынша негізгі массаны машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, құралдар және аппараттар құрайды, олар қаланың барлық сыртқы сауда айналымының 52,6%-ын алады.
2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалада 5901 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген, олардың жұмыс істейтіндері 3010, оның ішінде 2507 белсенді, 172 - ірі және орташа кәсіпорындар, қызметкерлерінің жалпы саны 51 мың адамнан асады 28, 29-35б..
Өнеркәсіп өндірісі дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып кетейік (7-кесте):
Кесте 7 - Өнеркәсіп өндірісі дамуының негізгі көрсеткіштері
|
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. |
2013ж. |
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге |
363,9 |
353,4 |
429,5 |
532,7 |
584,6 |
Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі, % мөлшерлемеде |
80,9 |
90,5 |
122,5 |
113,6 |
103,3 |
ҚР-ғы Алматы қаласы өнеркәсіп өндірісінің үлесі, % |
3,6 |
3,9 |
3,5 |
3,3 |
4 |
Өнеркәсәп кәсіпорындарының саны, барлығы |
1 711 |
1556 |
1441 |
1414 |
1451 |
Ескертпе: «Алматы 2013 жылда» атты қысқаша статистикалық жылнамасы. |
Алматы қаласында 2013 жылы (үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағамен 584,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, ол 2012 жылмен салыстырғанда 103,3%-ды құрды. Өңдеу өнеркәсібінде 418 млрд.теңгеге өнім өндірілді, 2012 жылмен салыстырғанда НКИ 3,4%-ға өсті.
Өнеркәсіп құрылымында өндіріс көлемінің 78%-ы өңдеу өнеркәсібіне келеді, электр энергиямен жабдықтауға, газ беруге, бу және ауаны баптауға 19%, сумен жабдықтауға; кәріз желілеріне, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылауға 4% келеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі қызмет түрлерінің көпшілігінде өнім шығаруда өсу байқалады, ең үлкен өнім шығару көрсеткіштері жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру (37,2%-ға), басқа да металл емес минералдық өнім шығару (22,9%-ға), баспа және жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту (24,1%-ға) салаларында тіркелген. Ал көлемнің кемігені тоқыма бұйымдарын (14,0%-ға), былғары және оған жататын өнімдер (13,5%-ға), киім өндіру (22,5%-ға) салаларында тіркелді.
Емдік дәрі-дәрмектер, лактау-бояу өнімдерін шығаруды өсіру есебінен химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі ұлғайды.
Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру.
Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру халықты азық-түлік өнімдерімен тұрақты жабдықтау мәселесін шешудің тиімді жолы болып табылады.
Жоба шеңберінде «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингпен бірге 48,6 млрд.теңге сомаға 57 инвестициялық жобалар іске асырылады, олардың 2010 жылы 11 жоба, 2011 жылы – 9 жобалар, 2012 жылы – 11 жобалар іске қосылды, 2013 жылы – жаңа жобалар іске асырмалған.
Сондай-ақ жылыжай кешенінің құрылысы бойынша 2 жоба Алматы облысында іске асырылды.
Сонымен қатар, Қарасай ауданында көкөніс сақтау қоймасының құрылысы бойынша 3 жоба іске асырылды, «Vege - Cool» ЖШС 3000 тонна, Балқаш ауданында «Агрофуд» ЖШС 5400 тонна, Талдықорған қаласында – 4000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасы 29.
Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде жалпы ауданы 0,76 га шағынаумақты жылыжай салынды, олардың 0,66 га ауданы туннельдік үлгідегі үлдірлі жылыжай. 200 тонна көлемінде әлеуметтік-бағытталған баға бойынша маусым аралық кезеңде жыл сайын томаттарды жеткізу жоспарлануда, 20 адамды жұмысқа тұрғызу.
«Алматы» ӘАТК» ҰК» АҚ азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде делдалдардың көпдеңгейлі тізбесіне ұрынбай тікелей ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерден сатып алуды жүзеге асырады, ол нәтижесінде Алматы қаласының азық-түлік нарығында ең төменгі сату бағасымен сауда интервенциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол орта қалалық бөлшек сауда бағасынан 15-20%-ға төмен. Сату өз сауда желісі арқылы жүргізіледі, ол 23 сауда павильондарынан, 7 автолавкадан, 19 сауда палаталарынан және 1 әлеуметтік дүкеннен тұрады.
«Алматы» ӘАТК» ҰК» АҚ Алматы қаласы әкімдігі өткізетін өңіраралық ауылшаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысады, онда біздің қаламыздың тұрғындары тікелей өндірушілерден сапалы және арзан ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға мүмкіндіктері бар. 2013 жылдағы «Алматы» ӘКК ҰК» АҚ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан және Солтүстік-Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық өндірушілерінің қатысуымен бес өңіраралық жәрмекенге қатысты. Әрбір жәрменкеге шамамен 1 млрд. теңге сомаға ауылшаруашылығы өнімдері сатылды. Сондай-ақ тұрақты негізде апта сайын өтетін қалалық жәрмеңкелерде ауылшаруашылық тауарлары сатылады.
Сонымен қатар, АӨК дамытуда және Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін құруда бірқатар түйткілдер бар:
- несие алу кезінде ауылшаруашылығы өндірушілерінде қажетті ликвидті кепілдеме мүліктің болмауы;
- қаланың қайта өңдеу кәсіпорындарының моральдық және физикалық ескірген құрал-жабдықтары үлесінің жоғарылығы;
- өнеркәсіптік қайта өндеуге жарамды шикізаттың жетіспеуі.
Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау нарығында келеңсіз жағдайларға жол бермеу мақсатында қала төңірегінде көкөніс қоймаларының және жылыжайлар құрылысын қаржыландыру қарастырылған, ол жоғары сұраныс кезеңінде жеміс-көкөніс өнімдерінің тапшылығына жол бермейді.
Қаладағы бар кәсіпорындар тоқтап тұр. Нәтижесінде негізгі әлеуметтік- маңызды азық-түлік тауарларына баға өсуі мүмкін, сондықтан шара қабылдау қажет.
Шағын және орта кәсіпкерлік. Қала шағын және орта бизнесті дамытудың ірі орталығы болып табылады (8-кесте):
Кесте 8 - Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (ШОК)
|
2009 ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. |
2013 ж. |
ШОК белсенді субъектілерінің саны, бірлік оның ішінде: |
68 038 |
58 581 |
71 111 |
96 781 |
88 070 |
Шағын кәсіпкерлік кәсіпорны |
16 108 |
15 988 |
18 688 |
16 177 |
13 987 |
Орта кәсіпкерлік кәсіпорны |
805 |
811 |
2 270 |
2 361 |
2 285 |
Жеке кәсіпкерлер |
51 115 |
41 775 |
50 147 |
62 042 |
71 791 |
Шаруа (фермерлік) шаруашылығы |
10 |
7 |
6 |
5 |
6 |
ШОК айналысатындардың саны, адам оның ішінде: |
295 747 |
312 013 |
370 825 |
334 209 |
364 847 |
Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында |
89 273 |
122 627 |
155 150 |
111 931 |
128 100 |
Орта кәсіпкерлік кәсіпорындарында |
74 685 |
72 283 |
129 972 |
121 375 |
124 050 |
Жеке кәсіпкерлер |
131 638 |
116 970 |
85 650 |
100 856 |
112 674 |
Шаруа (фермерлік) шаруашылықтарда |
151 |
133 |
53 |
47 |
23 |
Ескертпе - «Алматы 2013 жылда» атты қысқаша статистикалық жылнамасы, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2014 ж. |
2013 жылы Алматыда шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді заңды тұлғаларының 88,1 мың бірлігі болса, (бұл 2009 жылғымен салыстырғанда 29% көп), олардың 14 мыңы – шағын бизнес кәсіпорындары, 2285 – орта бизнес кәсіпорындры, 71,8 мыңы жеке кәсікерлер (ЖК), 6 – шаруа қожалықтары.
2009-2013 жылдар ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, негізінен, ЖК санының өсуі есебінен, тұрақты қарқынмен дамып отырды, 2010 жылғы бағаның құлдырауын қоспағанда 2011 жылдан бастап өсім байқалады. Соңғы жылдары бұл өсім тоқтаған жоқ, қаржы-экономикалық дағдарыстың кері салдарларына қарамастан, шағын бизнес секторының барынша мығым екендігін осы деректен-ақ байқауға болады.
ШОБ субъектілері 2013 жылы 1936,8 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды. Өнім шығару көрсеткіштері қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалына барынша сезімтал келеді, сондықтан 2010 жылғы недәуір өсімнен кейін күрт төмендеу де орын алды. 2011 жылдан бастап ШОБ өнімдерін шығаруда тұрақты өсім байқалады 30, 52б..
Қаланың шағын және орта бизнесінің салымы 2013 жылы экономиканың осы секторы өндірісінің жалпыреспубликалық көлемінің 24,2 %-ын құрды.
Қаланың ШОК-де жұмыс істейтіндер саны 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 364,8 мың адамды құрады, ол 2009 жылғы деңгейден 23%-ға артық. Бүгінгі күнге олардың 128,1 адам шағын бизнес кәсіпкерлері, 124,1 адам орта бизнес кәспорындарында, 112,7 мың адам - ЖК жұмыс істейді; шаруа шаруашылығында 23 адам жұмыс жасайды.
ШОК саласында негізгі түйткілдер болып, шағын және орта кәсіпкерлікке банктердің несие беруіне нақты баламаның жоқтығы табылады. Соңғы бес жылда экономикаға берілген несиелердің көлемі 2-еседен артық қысқарылды, ШОК-ке екінші денгейлі банк секторларының несие беруі 3-есеге қысқартылды, сонымен қоса несиелердегі орта және шағын кәсіпкерлік несиелерінің үлесі 5%-ға төмендеді. Сондықтан ШОК-ке несие беру саласында екінші деңгейлі банктердің жоспарлары маңызды болып табылады.
Өндірушілерді әсіресе инновациялық кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындарды қолдау мемлекеттік және өңірлік саясатың негізгі басымдығы болып табылуы қажет 31, 43б..
Алматы қалалық бизнес-инкубатордың (АҚБИ) шағын кәсіпкерліктің өнеркәсіп аймағы түріндегі қызмет тәжірибесі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мамандандырылған инфрақұрылымды қалыптастыру өңірлердің өнеркәсіп әлеуетін құруға және дамытуға, импорттың орнын ауыстыру бағдарламасын жылжытуға, жаңа технологияларды енгізуге, инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ықпал етеңтіндігін көрсетті.
Кәсіпкерлікті дамыту экономиканың осы саласына жауапты мемелекеттік құрылымдардың арнайы тармақталған желілерінің болуын талап етеді. Төмендегілер кіретін тармақталған желілерді олардың өкілдіктерін, жалпы ел бойынша құру дұрыс деп санаймыз: өңірлік және жергілікті өкілдіктер, консультациялық бюролар, ақпараттық және техникалық қолдау орталықтары, оқу орталықтары және т.б.
Жаңа кәсіпорынды рәсімдеу және тіркеу, есеп өткізу кезінде әкімшілік кедергілер шағын бизнесті дамытуға аса манызды кедергі болып табылады. Осы кедергіні жеңу үшін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру тиімді шара болар еді, ол жалпыға қол жетімді немесе бизнес портал түрінде болар еді, оның басты міндетті болып - бастаушы, сандай-ақ жұмыс жасаған кәсіпкерлерді он-лайн режімінде тәулік бойы кеңес беру болып табылар еді.
2013 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1256,4 млрд. теңгені құрап, 17,6%-ға көбейді (9-кесте):
Кесте 9 - Сауда дамытудың негізгі көрсеткіштер
|
2009г. |
2010г. |
2011г. |
2012г. |
2013г. |
Бөлшек сауда айналымының көлемі, млрд. теңге |
993,5 |
899,3 |
968,2 |
1 068,6 |
1 245,8 |
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемінің индексі, %-бен |
97,6 |
84,0 |
101,1 |
101,4 |
111,8 |
Ескертпе - «Алматы 2013 жылда» атты қысқаша статистикалық жылнамасы, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2014 ж |
2009 жылдан бастап 2013 жылдар аралығы кезеңінде бөлшек сауда тауар айналымының оң динамикасы байқалады, онда өсім 25,4%-ды құрды.
2013 жылдағы тауар айналымның жалпы көлімі 6482,7 млрд. теңгені құрды және 2009 жылымен салыстырғанда 71,7%-ға (2009 ж. - 3774,6%) көбейді. Алматы қаласы тауар айналымның жалпы республикалық құрылымында барынша үлкен үлес салмаққа (40,4%) ие, сонымен қатар 2009 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға көбейді (2009 ж. – 40,1%).
2013 жылы көтерме сауда айналымының көлемі 5349,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың тиісіті кезеңімен салыстырғанда 92,3%-ға артық. Негізгі көлем 87,2% жеке меншік түріндегі кәсіпорындарға тиесілі.
Қалада 6000 астам сауда нысандары немесе мөлшері мен қызмет бағыты әртүрлі 1,3 млн. шаршы метр сауда алаңдары жұмыс істейді. Бұл тұстағы ерекше көңіл аударатын жағдай, жаңа үлгідегі ірі сауда нысандарының салынуы.