Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каржылык есеп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.32 Кб
Скачать
  1. Бухгалтерлік баланс құрылымы. Хқес №1«Қаржылық есеп беру»

Баланс — белгілі бір сәттегі (кездегі) субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі Бухгалтерлік баланста ресурстарды топтау субъектісінің шаруашылық ресурстарының экономикалық саралауға және осы ресурстардың құралу көздеріне негізделінеді. Олар ресурстар мен шаруашылық операцияларының экономикалық мазмұнын жақсырақ көрсететіндей, сол арқылы субъектінің қаржылық жағдайын зерттеу мақсатындағы балансты талдауды жеңілдететіндей тұрғыда орналасады. Баланстың сол жағы актив өзіне екі бөлімді қосып алады. І бөлім–«ағымдағы активтер». ІІ бөлім «ұзақ мерзімді активтер» Баланс активінің І бөлімінде статьялардың мынадай тобы болады: тауар–материал активтері, дебиторлық берешек және басқа да активтер.Баланс активінің ІІ бөлімі ұзақ мерзімде пайдалануға арналған, Материалдық емес активтер, негізгі құралдар, аяқталмаған күрделі құрылыс, инвестиция, дебиторлық берешек, алдағы кезеңдердің шығындары. Баланс пассиві осы ресурстардың құралу көздері мен мақсатты бағыттарын көрсетеді: Ол мынадай бөлімдерден тұрады: І бөлім: «Ағымдағы міндеттемелер» , ІІ бөлім «ұзақ мерзімді міндеттеме» ІІІ бөлім «Меншікті капитал »: Бірінші бөлім субъектінің міндеттемелерін өтегеннен кейін қолында қалғандарын көрсететін статьяларды біріктіреді.Ұзақ мерзімді міндеттемелер дегеніміз шаруашылық субъектінің ақшалай формада міндеттемелерін, көрсетілген қызметтерді және басқаларды бір жылдан астам уақыт мерзімде төлейтін соманы білдіреді. Қаржылық есеп беру құрамы: 1)Бухгалтерлік баланс.2)Табыстар мен шығындар туралы есеп. 3) Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп. 4)Есеп саясаты туралы ақпарат және түсінік хат.5)Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.