Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каржылык есеп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.32 Кб
Скачать
  1. Материалдық емес активтер түрлері және бағалануы хқес №38

ХҚЕС №38. ХҚЕС №38 «Материалдық емес активтер» - табиғи маңызы жоқ, сезілмейтін бірақ өздерінің қабілеттеріне қарай ұзақ уақыт бойы табыс әкелетін активтер. МЕА шартты түрде 4 топқа бөлінеді: 1) Өндіріспен байл-ты МЕА- ноу-хау, өнд-к ақпараттарды пайдалану құқығы, ЭВМ бағдарламамен жабдықтау; 2) Коммерциялық қызметпен б/ты – тауар таңбалары, тауардың шыққан жердің атауы; 3) қолдану құқықтарымен б/ты МЕА(патент, лицензия, өнеркәсіптік үлгілер); 4) МЕА-ң басқа түрлері – интеллектуалдық меншік, гудвилл, ноу-хау – қандай да бір өнімді дайындауда, қызметті орындауда қоданылатын мәліметтердің, білімдердің, техникалық, коммерциялық, кәсіпорынның өндірістік құпияларының жиынтығы. ХҚЕС №38-ге сәйкес бағаланады: Баланстық құн - бұл кез келген жинақталған амортизация және құнсыздану нәтижесінде жинақталған залалдарды шегеруден кейін актив танылатын сома. Өзіндік құн - төленген ақша құралдарының немесе олардың балама сомасы, немесе сатып алу немесе құру уақытына активтің құнын төлеу есебіне өзге қарсы ұсыныстың әділ құны, не болмаса, қолдануға сай келген жағдайда, мұндай активке, ол алғаш рет басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер», нақты талаптарына сәйкес танылған кезде жатқызылатын сома. Амортизациялық құн - активтің өзіндік құны немесе жою құнын шегеріп тастағанда көрсетілген сома. Әділ құн - бұл жақсы ақпараттандырылған, шарт жасауға ниеті бар және бір-бірінен тәуелсіз тараптардың арасында жасалатын шарт негізінде активті айырбастауға мүмкін сома. Материалдық емес активтің тарату құны – бұл, егер бұл актив пайдалы қызмет мерзімінің аяғында болады деп күтуге болатын жасқа және жағдайға жетсе, шығаруға болжанған шығындарды шегергенде активті өткізуден ағымдағы кезде ұйым алуы мүмкін есептік сома. МЕА-ның синтетикалық есебі – «2730» «Өзге де мат-қ емес активтер», ал тозуы «2740» «Өзге де мат-қ емес активтердің амортизациясы» шотында жүргізіледі. Опер-р: 1) МЕА ҚҚС-мен жеткізушілерден алынды 2730-3310 1420-3310; 2) Жеткіз-ге кассадан төленді 3310-1010; 3) Жарғылық капиталға салым ретінде ноу хау енгізілді 2730-5110; 4) Дәрілік препараттарды алуға құқық өтеусіз алынды 2730-6220; 5) МЕА сатылды, баланстық құн есептен шығарылды 7410-2730; 6) Сатып алушылармен келісілген құн ҚҚС-мен 1210-6210 1210-3130; 7) Жыл соңында табыстың ұлғаюы 6210-5610; 8) Жыл соңында таб-ң кемуі 5610-7410; 9) МЕА-ның тозу сомасы көрсетілді 2730-2740.

  1. Алынған және берілген аванстар бойынша есептесу есебі

Жабдықтаушылармен есеп айырысуға бір жылға дейінгі мерзімге берілген аванстар «1610» «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шотында, ал бір жылдан асатын мерзімге берілген аванстар «2910» «Берілген ұзақ мерзімді аванстар» шотында есепке алынады. Опер-я: 1) Тауарға алдын – ала төленген аванс 1610,2910 – 1010,1030; 2) Төленген авансты кейін қайтару 1010,1030 – 1610,2910; 3) Берушілер мен мердігерлер алдындағы кредиторлық берешек көрсету (ҚҚС-сыз) 1310,2410 – 3310, 4110; 4) Берушілер мен мердігерлермен кассадан қолма – қол ақшамен есептесу (ҚҚС-сыз) 3310, 4110 – 1010; 5) Берушілер мен мердігерлермен алдын – ала жасалған төлем б/ша есептесу (ҚҚС-сыз) 3310, 4110 – 1610,2910.

Сатып алушылармен есеп айырысуға алынатын аванстар «3510» «Алынған қысқа мерзімді аванстар», «4410» «Алынған ұзаақ мерзімді аванстар» шотында есепке алынады. Опер-я: 1) Тауарға алдын – ала алынған аванс 1010, 1030 – 3510, 4410; 2) Алдынған авансты кейін қайтару 3510, 4410 – 1010, 1030; 3) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешегін көрсету 1210, 2110 – 6010; 4) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің кассадағы қолма – қол ақшамен есептесу 1010 – 1210, 2110; 5) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің алдын ала жасаған төлем б/ша есептесуі 3510, 4410 – 1210, 2110.

  1. Әкімшілік шығындардың синтетикалық және аналитикалық есебі.

Басқару аппаратының мұқтаждарын қамтамасыз етуге байл-ты шығындардың есебін жүргізу үшін 7210 «Әкімшілік шығындар»шоты тағайындалған. Опер-я: 1) Басқару аппаратына еңбекақы, сыйақы, дем-ақы есептелді Дт Дт7210 Кт3350; 2) Аударымдар: а) әлеум.салық Дт7210 Кт3150, б) әлеум.қам-у Дт7210 Кт 3210; 3) Әкімшілік мақсаттағы нег.құралдардың тозуы Дт7210Кт 2420; 4) МЕА-ның тозуы Дт7210 Кт2740; 5) Әкімш.мақсатта жұмсалған материалдар есептен шығарылды Дт7210 Кт 1310; 6) Ғимаратты жалдау б/ша шығындар Дт7210 Кт3360, 4150; 7) Әкімш.мақсаттағы салықтар: а) жер Дт7210 Кт3160, б) көлік Дт 7210 Кт3170; 8) Басқару аппараттарының іс сапар шығындары Дт7210 Кт1250; 9) Банк қызметтері б/ша төлем төленді Дт7210 Кт1030; 10) Зауыттық лабараториясына сапасын тексеру үшін дайын өнім босатылды Дт7210 Кт1320; 11) Жыл соңында әкімш.шығын сомасы қорытынды табыс арқылы өтелді Дт 5610 Кт 7210. 7210 шот б/ша аналитикалық есеп №10 журнал – ордердің №3 ведомостінде жүргізіледі, онда шығын баптарының типтік номенклатурасы типографиялық әдіспен басылған.