
- •Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты хқес №8
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі. Қр-ғы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.
- •Бөлшек сауда кәсіпорныдағы келіп түскен тауарлардың есебі және құжаттық рәсімделуі.
- •Тауарларды түгендеу мерзімі,тәртібі және құжаттық рәсімделуі .
- •Бөлшек сауда кәсіпорныдағы тауарлырды түгендеу және түгендеу нәтижесінің есебі.
- •Еңбекақы төлеу түрлері және жұмыс уақытын пайдалану есебі. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру.
- •Еңбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі
- •Негізгі өндірістегі үстеме шығындар есебі
- •Көмекші өндірістегі шығындар есебі
- •Есеп айырысу шотының операцияларының құжаттық рәсімделуі. Банк көшірмесін тексеру және өңдеу
- •Негізгі құралдардың бағалануы және түсуі мен шығу есебі.Хқес №16
- •Негізгі құралдардың амортизацясын есептеу әдістері хқес №16
- •Материалдық емес активтер түрлері және бағалануы хқес №38
- •Алынған және берілген аванстар бойынша есептесу есебі
- •Өнімді(қызметтерді,жұмыстарды) өткізу бойынша шығындар есебі
- •Табыстар есебі (хқес №18)
- •Жарғылық капиталдың қалыптасуы және өзгерісінің есебі
- •Мердігерлік құрылыс ұйымындағы құрылыстық және монтаждық жұмыстарының шығындарының есебі
- •Ауылшаруашылығын жүргізу ерекшеліктері
- •Балансты құрастыру алдындағы дайындық жұмыстары.
- •Бухгалтерлік баланс құрылымы. Хқес №1«Қаржылық есеп беру»
Еңбекақы төлеу түрлері және жұмыс уақытын пайдалану есебі. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру.
Шаруашылық қызмет барысында жұмыскерлерді қызметтен босату жүргізіледі, жұмысшылардың сандық құрамы өзгереді, қызмет бойынша ауыстырулар болады. Кадрлар бөлімі жеке құрамның есебін жүргізеді, ол ол жұмысшылардың құрамы туралы деректерді алады: саны, жынысы, жасы, категориясы, жұмыс стажы және т.б. Жұмысқа жаңадан келгені жетекшінің бұйрығымен, жұмысшының қолхаты бойынша ресімделеді, кадрлар бөлімінде жұмыскердің жеке ісі ашылады, онда жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы арыз және барлық тиісті құжаттар тіркеледі, еңбек кітапшасы ашылады немесе жеке ісіне және еңбек кітапшасына белгі жасалады. Жұмыс уақытының есебі «жұмыс уақытының есебін жүргізу табелінде» жүргізіледі, оны карлар бөлімінің қызметкері жүргізеді.
Еңбек ақы «Еңбек туралы заң» бойынша құрастырылған «Еңбек ақы төлемі туралы ережеге» сәйкес есептеледі және минимаолды еңбекақыдан кем болмауы керек. Еңбек ақылары келесі түрлерге бөлінед:
неігзі – нақты жұмыс істеген уақыт үшін немесе өндірілген өнімнің саны мен сапасы үшін еңбек ақы
қосымша – жұмыс істелмеген уақытқа, демалыс күндеріне, сый ақыға, үстеме ақыға төленетін еңбек ақы.
Еңбек ақы төлемінің келесі түрлері бар:
мерзімді – сыйақы, ол жұмыскерге нақты жұмыс атқарған уақыты үшін есептелетін, жұмыс түрі.
кесімді, кесімді – сыйақы – бұл, өндірілген өнім бірлігі үшін немесе орындалған жұмыс мөлшері үшін жұмыскерге есептелетін еңбекақы.
Аккордтық еңбекақы төлемі кесімді еңбекақының ерекшелігі болып табылады, бұл жағдайда материалдық қызығушылықты арттыру, еңбек өнімділігін жетілдіру және жұмысты орындау мерзімдерін қысқарту үшін атқарылған жұмыстың көлемі пайдаланылады. Уақыт бойынша еңбек ақы төлемін есептеу үшін бір ғана жұмыс уақытының есебін жүргізу табелі жеткілікті.
Кесімді еңбек ақы төлемін жүргізу үшін жұмыс уақытының есебін жүргізу табелімен қатар орындалған жұмыстың көлемін растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Еңбекақы бойынша синтетикалық есеп 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа кредиторлық берешек» шотында жүргізіледі.. Опер-я: 1)Құрылыс жұмысшыларына еңбекақы есептелді 2930-3350. 2)Әкімшілік қызметкерлерге еңбекақы есептелді 7210-3350. 3)Сатушыларға еңбекақы есептелді 7110-3350. 4)Негізгі өндіріс қызметкерлеріне еңбекақы есептелді 8112-3350. 5)Цех қызметкерлерге еңбекақы есептелді 8412-3350. 6)Электр цех қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі 8312-3350. 7.Еңбекақы бойынша аналитикалық есеп айырысу есебі. «Есеп айырысу төлем ведомості» еңбекақы есептеу үшін міндетті құжат болып табылады,
Еңбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі
Еңбекақы бойынша синтетикалық есеп 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа кредиторлық берешек» шотында жүргізіледі.. Опер-я: 1)Құрылыс жұмысшыларына еңбекақы есептелді 2930-3350. 2)Әкімшілік қызметкерлерге еңбекақы есептелді 7210-3350. 3)Сатушыларға еңбекақы есептелді 7110-3350. 4)Негізгі өндіріс қызметкерлеріне еңбекақы есептелді 8112-3350. 5)Цех қызметкерлерге еңбекақы есептелді 8412-3350. 6)Электр цех қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі 8312-3350. 7.Еңбекақы бойынша аналитикалық есеп айырысу есебі. «Есеп айырысу төлем ведомості» еңбекақы есептеу үшін міндетті құжат болып табылады,
Еңбекақыдан ұсталымдар түрлері және есебі. Әлеуметтік салық бойынша аударымдарды есептеу.
Еңбекақы ұсталым түрлері: Міндетті және ерікті болады.Міндетіге: 1)зейнетақы жинақтау қорына 10% көлемінде 3220шоты; 1)Еңбекақыдан ЖЗҚ ұсталды Дт3350 Кт3220 2)ЖЗҚ есеп шоттан аударылды Дт3220 Кт 1030. 2)жеке табыс салығы 3120шоты; ЖТС=(еңбекақы-ЖЗҚ-минемалды еңбекақы)*10%; 1)ЕңбекақыданЖТС ұсталды Дт 3350 Кт3120 2) ЖТС есеп шоттан аударылды Дт3120 Кт 1030
Ерікті:алимент,материалдық шығын,т.б. Операция мазмұны:. 1)Пайдаланылмаған есеп беру сомалары еңбекақыдан ұсталды 3350-1250. 2)Еңбекақыдан алимент ұсталымдар 3350-3390. 3)Еңбекақыдан кәсіподақ жарнасы ұсталды 3350-3390. 4)Еңбекақыдан материалдық шығын ұсталды 3350-1250. 7) Комуналдық қызметтер, оқу ақысы т.б. ұсталды 3350-3390.
Әлеуметтік салық есебі 3150 шотында жүргізіледі.Ол 11 пайызды құрайды, егер кәсіпорын әлеуметтік сақтандыру төлеушілері болса, олар 6 пайыз ғана бюджетке аударады. Операция: 1)Әкімшілік қызметкерлерге әлеуметтік салық есептелді Дт 7210 Кт3150 2) Құрылысшыларға есептелді Дт2930 Кт3150, 3) Сауда қызметкерлеріне есептелді Дт7110 Кт 3150, 4) Негізгі өндіріс қызметкерлеріне Дт 8113 Кт 3150 ,5)Әлеуметтік салық бюджетке аударылды Дт 3150 Кт 1030