Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каржылык есеп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.32 Кб
Скачать
  1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты хқес №8

ХҚЕС № 8 «Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» сәйкес Есеп саясаты дегеніміз – ол бухгалтерлік есепті жүргізу үшін пайдаланылатын әдістердің, тәсілдердің, принциптердің, дәстүрлердің, ережелердің жиынтығы және оның негізінде қаржылық есептілік құрылады. Есеп саясатын қалыптастыру тәртібі « Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заң мен ХҚЕС №8 –ге сәйкес негізделеді. Есеп саясаты 1 жылға құрастырылады. Есеп саясатын жетекші бекітеді және жетекші жауапты болып табылады. Пайдаланылатын есеп с-ның басты міндеті – к\о-ң қызметін барынша көрсету және толық, шынайы ақпаратпен қамту.Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, тех-калық, ұйымдық жақтарын. Әдістемелік аспектісі деп к\о-да өнімнің өзіндік құнын есептеу, амор-яны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланылатын әдістерін айтады; тех-калық осы әдістердің синт-қ шот-да көрсету сызбасы, есеп регстрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асатындығын айтад; ұйымдық деп осы әдістердің бух-к қызмет тұрғысынан жүзеге асатындығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін жауапкершілік субъект басшысына жүктеледі. Есеп саясатын қалыптастыру барысында келесі принциптерді қадағалау керек: «Есептеушілік» , «Салыстырымдылық» , «Аяқталу», «Сақтық», «Үздіксіз қызмет», «Түсініктілік», «Маңыздылық», «Бейтараптық». , «Сенімхат»

  1. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі. Қр-ғы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі.

Кассадағы синтетикалық есеп: 1010 «Кассадағы ақша қаражат». Шотында жүргізіледі. Дебеттік сальдо есеп беру кезеңінің басында кассада қалған ақшаны білдіреді.Шоттағы дебет б/ша-кассаға ақша түсуі н/е түгендеу барысында анықталған артық ақша. Шоттағы кредит б/ша-кассадан ақшаның шығуы н/е түгендеу барысында кем шығуы. Опер-я: 1)ЕАШ-нан кассаға келіп түскен ақша Дт 1010 Кт 1030; 2)Кассаға моральдіқ шығын қайтарылды Дт 1010 Кт 1250; 3)Сатып алушылардың төлемі кассаға келіп түсті Дт 1010 Кт 1210; 4)Пайдаланылмаған есеп беру сомалары кассаға қайтарылды Дт 1010 Кт 1250; 5)Жарғылық капиталға салым ретінде, кассаға құрылтайшылардың жарналары тапсырылды Дт 1010 Кт 5110; 6)Кассаға аванстар қабылданды Дт 1010 Кт 3510; 7)Түгендеу барысында кассада артық шығу анықталды және кәсіпорынның табысына қабылданды Дт 1010 Кт 6280; 8)Кассаға ҚҚС-сыз сауда түсімі тапсырылды Дт 1010 Кт 6010, Дт 1010 Кт 3130; 9)Кассадан еңбекақы берілді Дт 3350 Кт 1010; 10)К-н жеткізушілерге төленді Дт 3310 Кт 1010; 11)К-н есептесу ақшасы берілді Дт 1250 Кт 1010; 12)К-н аванстар берілді Дт 1610 Кт 1010; 13)К-н тауар емес сипаттағы кызмет түрлері төленді(коммуналдық, транспорттық, қызмет байланыстары және т.б) Дт 3390 Кт 1010; 14)Түгендеу барысында кассадан кем шығу анықталды Дт 1250 Кт 1010; 15)К-н ұсақ әкімшілік шығындар төленді Дт 7210 Кт 1010. 1010 шот б/ша аналитикалық есеп №1 ЖО-де және №1 ведомосте жүргізіледі. 1010 шотындағы дебет және кредит б/ша топтастыру ведомостары жазба жүргізуге негіз болады.

  1. Есеп беруші тұлғаларға ақша берудің құжаттық рәсімделуі. Іссапар шығындарын төлеу тәртібі.

Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жүргізіледі.1250 шотының дебеттік сальдосының болуы қызметкердің әлі қайтарылмаған берешегін көрсетеді.Операция: 1)Есеп беруші тұлағаға ақша кассадан берілдіДт1250-Кт1010; 2)Пайдаланылмаған есеп беру сомасы кассаға қайтарылды Дт 1010 Кт1250; 3)Қайтарылмаған есеп беру сомасы еңбекақыдан ұсталынды Дт3350 Кт1250; 4)Шығындалған есеп беру сомасы есептелді Дт 7210 Кт1250; 5)Есеп беру сомаларына ҚҚС-сыз тауарлар алынды Дт1330 , 1420 Кт1250; 6)Есеп беру сомаларына ҚҚС-сыз негізгі құралдар алынды Дт 2410 Кт1250 Есеп беруші тұлғалармен есепетесудің аналитикалық есеп №7 ЖО-де жүргізіледі. Іссапарға жүру үшін жетекші Бұйрық немесе шығарады және жұмыскерге «Іссапар куәлігі» беріліеді Іссапрар барысында қызметкердің еңбекақысы сақталады, және оған қайтарылады: Тәуліктік ақысы,Пәтерлік ақы,Жолақысы – таксиден басқа көліктің барлық түрлеріне. Есеп беруші тұлға іссапардан келгеннен кейін 5 күннің ішінде нақты жұмсалған есеп беру сомалары бойынша есеп беруге міндетті.