
- •Астана 2013 ж.
- •«Туризм» кафедрасының меңгерушісі,
- •Мазмұны
- •Жалпы жағдайы
- •1.1 Оқу үрдісінде кәсіптік тәжірибенің өтетін орнын анықтау
- •1.2 Кәсіптік тәжірибенің мақсаты
- •1.3 Кәсіптік тәжірибенің міндеті
- •Кәсіптік тәжірибені өту тәртібі, ұйымдастыру және басқару
- •3. Тәжірибе базасы
- •4. Тәжірибе жетекшілерінің міндеті (факультеттен, кәсіпорыннан)
- •4.1 Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі міндетті:
- •4.2 Кәсіпорын атынан жетекші міндетті:
- •5. Кәсіптік тәжірибені өту барысында студенттің құқығы мен міндеті
- •6. Кәсіптік тәжірибенің мазмұны
- •Бөлім 2. Ұйымдағы қызметпен танысу
- •2.1 Кәсіпорынның даму жоспарын қарастыру (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді).
- •2.2 Кәсіпорынның салық төлеу жүйесімен танысу және оны сипаттау. Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық қызметімен танысу және сипаттау (салыстырмалы таңдау негізінде).
- •2.3 Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекетін қарастыру (баға қалыптастыру жүйесі, жарнамалық іс-әрекет, бәсекеқабілеттілік саясаты)
- •2.4 Туризмдегі бухгалтерлік есеп
- •2.5 Туризмнің кәсіпкерлік қызметінің негіздері
- •7. Кәсіптік тәжірибе туралы жеке тапсырмалардың тізімі
- •8. Студенттің есеп беру құжаты
- •9. Кәсіптік тәжірибе нәтижесін рәсімдеу, студенттің жұмысын бағалау
- •10.Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •5В090200 «Туризм» мамандығы
5. Кәсіптік тәжірибені өту барысында студенттің құқығы мен міндеті
Практикадан өту барысында студенттерге келесідей міндеттер жүктеледі:
көрсетілген уақытта тәжірибе орнында (кәсіпорын, фирма) болуға;
кәсіпорын тарапынан тағайындалған жетекшімен бірге диплом алдындағы тәжірибенің күнтізбелік жоспарын әзірлеуге;
диплом алдындағы тәжірибе бағдарламасында көрсетілген тапсырманы, сондай-ақ жеке тапсырмаларды толығымен орындауға;
орындалған жұмыстарды күнделікке жүйелі түрде жазып отыруға;
дипломдық жұмысты жазуға арналған материалдарды жинауға;
көрсетілген уақытта кәсіпорын жетекшісінің пікірімен бірге диплом алдындағы тәжірибенің жазбаша есебін, кәсіпорынның мөрімен бекітілген тәжірибе күнделігін кафедраға көрсетуге;
Тәжірибе бағдарламасын орындамаған, теріс пікір немесе есепті қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға алған студент келесі жылы практикаға қайта жіберледі немесе оқу орынынан шығарылады.
Берілген тақырыптың сұрақтарын зерттей отырып, студент кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары бойынша нормативтік құжаттармен, сондай-ақ жарғы және құрылтайшылық келісім шарттарды басшылыққа алуға міндетті.
Берілген тақырып бойынша студент төмендегі сұрақтарды қарастыруы қажет:- қысқаша кәсіпорын, ұйым, мекеме, фирма тарихы:
- аты, мекен-жайы, құрылған жылы, ұйымдық-құқықтық формасы;
- негізгі және қосымша қызмет түрі;
- ұйымның басқару құрылымы;
- барлық, бөлімдердің қызметтерін көрсете отырып, іс-әрекеттерін сипаттау.
Берілген сұрақты қарастыра отырып, студент кәсіпорынның құқықтық база қызметін, статистикалық көрсеткіштер және нарықты зерттеуге міндетті.
- саладағы қызмет жағдайын талдау (ағымдағы жағдай және оның даму бағыттары);
- қызметтің әлеуметтік-экономикалық бағыттары;
- үкіметтің саясаты;
- елдің демографиялық құрылымындағы өзгерістер;
- нарық конъюнктурасын зерттеу.
6. Кәсіптік тәжірибенің мазмұны
Бөлім 1. Тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын зерттеу (бөлімшелердің және құрылымдық бөлімдердің қызметтері, кәсіпорын қызметкерлерінің қызметтік міндеттемелері)
Кәсіпорынмен танысу кезінде тәжірибеден өтуші студент анықтауы керек:
өндіріс түрі және көлемі, басқару құрылымының ұйымдастырылуын, шығырылатын өнім атауымен және оның жаңару дәрежесімен танысу;
кәсіпорынның алдыңғы екі-үш жылғы негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштері;
кәсіпорынның техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің дәрежесі, кәсіпорынның жобалық қуаттылығын пайдалану дәрежесі, өзге кәсіпорындармен қауымдасуы мен мамандануы;
болашақ туризм тармағында жұмыс атқаратын қызметкерге келешектегі іскерлігін және еңбекті ұйымдастыруын дағдыландыру;
туристік фирмаларда, туристердің жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, студенттерді адамдармен жұмыс істеуге үйрету;
студенттерді іс жүргізуді жеке-дара жүргізуге, қазіргі оргтехниканы қолдануға, туристік-экскурсиялық қызмет ету бағдарламаларын құрастыруға, туристік сапар желілерін өңдеуге дайындау;
туристерді елге қабылдауға арналған және туристердің сыртқа шығуына рұқсат етілетін өтініштер, елшілік визалар және басқа құжаттарды дайындауға үйрету;
фирмалардың қызметін экономикалық талдау дағдыларын, олардың болашақтағы ұзақ мерзімді жоспарларын, нақты фирманың келешекте дамуына болжаулар құрастыруын студенттерге меңгерту;
жарнамалық іс-әрекетке, басқа жарнамалық материалдар мен кітапшалар жасауға, жарнамалық қызметке, іскерлікке үйрету;
студенттерге туристік қызметтердің калькуляциясын, қаражаттық құжатнама басқаруды оқыту;
әуе кассалары мен мейманханаларда орындарды сақтау бағдарламаларын қолдану дағдыдыларын қалыптастыру («Amadeus», «Galileo») және т. б.
Кәсіпорынмен танысу материалдарына байланысты ұйым құрылымының схемасы құрылады. Ерекше назар есептік-аналитикалық қызметтің құрылуына және оның өндіріс көлеміне тәуелді қызметтеріне бөлінеді.