- •Case технологиясының қолданылуы.
- •3.Алгоритм түсінігі және оның қасиеттері
- •Алгоритм қасиеттері
- •Access ортасындағы қосымшаларды автоматтандыру.
- •3.Delphi бағдарламалау ортасы
- •Деректер қоры. Мәліметті енгізу-шығару.
- •3. Delphi бағдарламалау тілінің бағдарламалық құрылымы
- •Деректер қоры. Формалар түрі. Формалар элементтері. Есеп және форманың ерекшеліктерін реттеу.
- •1.3. Деректер моделі және түрлері
Access ортасындағы қосымшаларды автоматтандыру.
MS Access ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады.
MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).
Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.
Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп беруіңізді дайындайсыз.
Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді аласыз.
Деректерге қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server деректер қорында сақталған Интернет немесе Интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады.
Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.
Біз MS Access 2000-мен жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз, онда меню, саймандар тақтасы, диалог терезесі ұғымдарымен таныс боларсыз. MS Access-ті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолдануға болады:
1. Access-ті іске қосуды бастау үшін Windows жүйесіндегі Запуск батырмасын қолданыңыз.
Access-ті баптау аяқталған соң, қатты дискідегі С:\Windows\Start-menu\Programs бумасына Access үшін іске қосу файлы құрылады. Бұл бумадағылар басты менюден шақырылатын Бағдарламалар (Programs) бағыныңқы менюінің элементтері болып табылады, сонымен қатар онда Access-ті іске қосу (1-сурет) командасы көрінеді.
3.Delphi бағдарламалау ортасы
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphі әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphі-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphі-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Delphі тілінде программалау ортасымен танысу
Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated Development Envіronment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері ІDE ортасында орындалады.
Delphі ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск —> Программы —> Borland Delphі — Delphі 7.
Delphі-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:
Негізгі терезе (Project 1);
Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Іnspector);
Формаларды құрастырушының терезесі (Form1);
Программа кодының терезесі (Unіt1.pas).
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphі бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Wіndows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unіt кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphі жүктелгенде, Unіt терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphі ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.
Delphі ортасының компоненттері программа орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтер ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphі ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни көрсеткіш емес көптеген маңызды компоненттері бар. Жалпы, дәлірек айтсақ, құрауыш алдын-ала даярланған программаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан программаға ендіруге болады.
3-билет
