Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бапанова ЖЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.6 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………......

3

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ............................................................................................

4

1.1 Процестің теориялық негіздері…………………………………............

4

1.2. Өндіріс шикізатына және өніміне сипаттамасы…..................................

12

1.3. Формальдегид алу өндірісінің технологиялары ………………………

14

1.4. Қолайлы сызба нұсқасының сипаттамасы..............................................

16

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………….......

19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………

21

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда формальдегид өте үлкен масштабта өндіріледі. Негізінен, оны бірқатар полимерлер өндірісі (-фенол, -карбамидті және -меламинформальдегидті полимерлер, полиформальдегид) және изопрен, пентаэритрит, гексаметилентетрамин (уротропин) синтезі үшін және басқа да бағалы заттарды алу үшін қолданылады.

Формальдегидті сонғы жылдары дегидрлеумен алады.

Дегидрлеу процестерінің өндірістегі мәні өте зор. Олардың синтетикалық каучук және пластмасса (бутадиен-1,3 және изопрен, стирол) өндірістерінде мономер ретінде қолданылуы зор рөл атқарады.

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Процестің теориялық негіздері

Дегидрлеу деп - сутегі атомын органикалық қосылыстардан тартып алумен байланысты химиялық процесті айтады. Дегидрлеудің неғұрлым типтік реакцияларын сутегі атомын тартып алатын байланыс түріне қарай С-С, С-О, С-N дегидрелеу деп классификациялауға болады.

Дегидрлеудің барлық процестерінің ішінде неғұрлым практикалық мәні бар келесілер болып табылады:

  1. cпирттердің дегидрленуі мен тотығуы (формальдегид пен кетонды алу);

  2. aлкил ароматты қосылыстардың дегидрленуі (стирол мен оның гамологтарын алу);

  3. парафин мен олефиндердің дегидрленуі (бутадиен-1,3 және изопрен алу).

Дегидрлеу процесі өнеркәсіпте маңызды рөл атқарады. Оның нәтижесінде синтетикалық каучук және пластикалық масса (бутадиен-1,3, изопрен, стирол) өндірісінде мономер қызметін атқаратын бағалылығы жөнінен өте жоғары қанықпаған қосылыстарды алуға болады, сонымен қатар кейбір альдегидтер мен кетондарды да алады. Гидрлеу реакциясымен циклогександы және оның туындыларын, көптеген аминдерді (анилин, гексаметилендиамин), спирттерді (н-пропанол, н-бутанол және одан жоғары спирттер) синтездейді. Гидрлеу процестерін, сонымен қоса, майлардың гидрогенизациясы кезінде және жасанды сұйық (гидрокрекинг, риформинг, көмірдің гидрогенизациясы және т. б.) отын алуда қолданылады.

Дегирлеу реакциясы көбінесе бағалы органикалық қосылыстардың–мономерлер, беттік активті заттар, еріткіштер және т.б. көп сатылы синтездеудің кезеңдері болып табылады.

Дегидрлеудің кейбір өнімдерінің өндіру масштабын келесі көрсеткіштермен анықтауға болады (АҚШ-тағы млн. тонна бойынша): формальдегид-3,0; бутадиен-1,3-1,2; изопрен-0,3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]