Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Ole объекті өрісі

MS Access кестелерде бейнелерді және басқа екі еселенген мәліметтерді (мысалы, MS Excel электрондық кестесі, MS Word құжаты, сурет, дыбыстық жазба) сақтайды. OLE объектісінің өрісі мәліметтер типі осыған арналған. Бұл мәліметтер типінің өрісіне енгізе алатын мәліметтер көлемі 1 Гигабайттан аспайды.

Гиперсілтеме өрісі

Бұл типтің өрісі әріптер мен цифрлардан тұратын жолдарды сақтау үшін және гиперсілтеме адресін көрсетуге арналған. Гиперсілтеме адресі ең көп дегенде үш бөліктен тұрады:

Гиперсілтеме өрісінің бөлігі

Сипаттама

Мәтін

Өрісте немесе басқару элементінде шығатын мәтін

Адрес

Файлға (UNC жолының пішімінде) немесе бетке

(URL адресі) бару

Қосымша адрес

Файлдың немесе беттің ішінде ығысу

Ауыстыру шеберінің мәліметтер типі

Бұл типті таңдау, тұрақты мәндер немесе басқа кестедегі мәндер жиынынан тұратын, ашылған тізімнен мәндерді таңдайтын өрістерді жасау үшін арналған ауыстырымдылық ретінде қолданылатын (әдетте 4 байт) түйінді өріс мөлшерімен сәйкес келеді.

Бастапқы кілт

Бастапқы кілт жазбаны бірмәнді ұқсататын информациядан тұрады. Егер MS Access қолданатын стандартты тәсіл бізді қанағаттандырмай, бастапқы кілтті өзіміз жеке орнықтырғымыз келсе, бастапқы кілт ретінде қолдануға болатын өрісті таңдаймыз. Әрі қарай “Кестелердің конструкторы” саймандар қатарында Кілттік өріс батырмасын шертеміз. Таңдалған өрістің маркілі аймағында кілт бейнесімен пиктограмма пайда болады.

Шебер көмегімен кестенің құрылуы

MS Access бізге қажетті прототип ретінде біз қолдана алатын бірқатар кестелерден тұрады. Шеберді қолданған кезде біз тек қана кестені құратын уақытты үнемдеп қоймай, кесте өрістерінің стандартты аттары мен мәліметтерінің типтерін қамтамасыз ете аламыз. Кестені жасауға арналған шеберді шақыру үшін “Жаңа кесте” сұхбаттасу терезесінде Кесте шебері опциясын таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Экранда 14–суретте көрсетілгендей сұхбаттасу терезесі ашылады.

14 - cурет Кесте шеберінің құрылуы

Алдымен бізге Кесте үлгілері тізімінен өзіміз жасағымыз келген кестеге ұқсас кестенің прототипін таңдау керек, одан кейін Өріс үлгілері тізімінен кестенің өрісін таңдап, оларды Жаңа кесте өрістері тізіміне орналастырамыз.

Өрістерді таңдау үшін Өріс үлгілері тізімінің оң жағында орналасқан бағыттауыш батырмаларды қолданамыз:

Батырма

Қызметі

Өріс үлгілері тізімінен ерекшеленген өріс құрылғалы жатқан кестенің өрістер тізіміне қосылады.

Өріс үлгілері тізіміндегі барлық өрістер құрылғалы жатқан кестенің өрістер тізіміне қосылады.

Құрылғалы жатқан кестенің өрістер тізімінен Жаңа кестенің өрісі тізімінде ерекшеленген өріс жойылады.

Жаңа кестенің өрісі тізіміндегі барлық элементтер жойылады.

Өріс атын өзгерту батырмасын қолданып, қажет кезінде Жаңа кестенің өрісі тізімінен таңдалған кез келген өрістердің атын өзгертуге болады. Құрылатын кестенің өрістер тізімін қалыптастырып алып, Әрі қарай батырмасын шертеміз.

Кестені жасаудың келесі қадамында кестенің атын беруге болады және түйінді сөзді анықтаймыз. Шебер ат қою кезінде өзінің нұсқасын ұсынады, оны біз Tab пернесін шерту арқылы қабылдаймыз. Егер біз кестеге қандай да бір басқа атты меншіктегіміз келсе, оны мәтіндік өріске енгіземіз.

Енді кесте үшін бастапқы кілт автоматты таңдауды шеберге нұсқап, келесі сұхбаттасу терезесіне көшу үшін Әрі қарай батырмасын шертуге болады. Егер өзіміздің мәліметтеріміздің қорында бұрын жасалған кесте бар болса, үшінші қадамда шебер жасалған кестені бұрынғы жасалғанмен байланыстыруға көмектеседі. Ол үшін жасалған кестені мәліметтер қорының бар кестелерімен байланыстыру үшін кестенің мәліметтер қорындағы тізімінде бар байланыстырғымыз келген кестені таңдап, Байланыстар батырмасын шертеміз. “Байланыстар” сұхбаттасу терезесінде жасалатын байланыс типін көрсетеміз.

Біз MS Access-ке кестені жасауға арналған барлық қажетті информацияны көрсеттік. Келесі қадамда біз алдағы жұмысымыздың режимін көрсетеміз:

  • Кестенің құрылымын өзгерту – шебер жұмысты аяқтаған соң экранда

кестенің жасалған құрылымының мүмкін модификациясы үшін конструктор режимі ашылады;

  • Кестеге мәліметтерді тікелей енгізу – шебер жұмысты аяқтаған соң

экранда кестеге мәліметтерді енгізуді бастауға мүмкіндік беретін кесте режимі ашылады;

  • Кестеге мәліметтерді шебер жасаған пішін көмегімен енгізу – шебер

жұмысты аяқтаған соң экранда жасалған кестеге информацияны енгізудің экрандық пішіні ашылады. Керекті режимді орнықтырып, Дайын батырмасын шертеміз. Бұл қадаммен шеберді кестені қалыптастыруға жіберуге болады. Бұл процесс аяқталған соң өзіміз таңдаған опциядан тәуелсіз, экранда кестенің Конструкторы терезесі, кестенің Қарау терезесі немесе кестеге мәліметтерді енгізудің экрандық пішіні ашылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]