Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Мәтіндік өрістер

MS Access-тегі өрістің алғашқы атын енгізгенде, оған мәліметтердің мәтіндік типі өрістің ені 50-ге тең болатындай етіп меншіктейді. Өріс енінің барынша ең үлкен мәні 255 символды құрайды. Өрістің енін өзгерту үшін «Өрістің қасиеттері» бөлімінің өріс мөлшері жолында өріс енін айқындайтын (1-255 – ке дейін) санды беру қажет.

Сандық өрістер

Мәтіндік өріспен танысқан соң, мүмкін символдары ретінде өрістің бұл типі сандардан тұруы мүмкін екені бізге белгілі. Осыған байланысты мынадай сұрақ туады: Өрістің сандық типі неліктен енгізіледі? Сандық типті қолданудың негізгі дәлелі ретінде мыналарды келтірелік:

1. Сандық типтің мәліметтерін енгізгенде мәліметтерді автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Егер мәліметтер мәтіндік немесе арнайы символдардан тұрса, онда MS Access ескерту жасап қате мәліметтер енгізілмейді.

2. Тек сандық өрістермен ғана математикалық операциялардың орындалуы мүмкін.

Ақша типінің өрісі

Ақша өрісі сандық өріске ұқсас. Сандық өрістен айырмашылығы, ақша өрісі үшін Өрістің пішімі қасиеті Ақшалай мәніне автоматты орнықтырылады, ал ондық таңбалар саны қасиеті қажет кезінде өзгертуге болатын, үтірден кейінгі екі таңбаға тең мәнді қабылдайды. Ақшалай типтің көмегімен бүтін 15 таңбаға дейінгі және бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейінгі дәлдікпен есептеуді орындай алады. Мұнда өрістің мөлшері 8 байтты құрайды.

Санауыш типінің өрісі

Санауыш типтегі өрістердің мәндері редакцияланбайтын, бірақ кестеге әрбір жаңа жазба қосуды автоматты орнықтыратын мәліметтерді сақтауға арналған. Олардың мәндері әрбір жаңа жазба қосуда 1-ге тізбектей артып отыруда бірегей немесе кез келген сан болу мүмкін.

Дата/уақыт өрісі

Мәліметтердің арнайы пішімде көрсетілген өрістердің датасы мен уақытын сақтау үшін қолданылуының бірқатар қосымша ерекшеліктері бар:

1. MS Access даталарды бірнеше пішімде енгізуге және бейнелеуге мүмкіндік береді. Дата/уақытты бейнелеудің нақты нұсқасы кесте конструкторының терезесінің Өріс пішімі қасиетінде орнықтырылады. Мәліметтерді сақтау кезінде бұл пішімдер мәліметтердің ішкі көрінісіне автоматты түрленеді.

2. MS Access-ке даталарды енгізген уақытта мәліметтердің пішімін тексереді және тек дұрыс даталарды енгізуге мүмкіндік береді.

Логикалық өрістер

Логикалық өрістер екі мәннің бірін қабылдайтын мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Логикалық өрістің Өріс пішімі арнайы пішімдерді немесе Ақиқат/Жалған, Иә/Жоқ, немесе Қосу/Өшіру – үш құрамдастардың бірін қолдануға мүмкіндік береді. Мұнда Ақиқат, Иә және Қосу – True логикалық мәнінде, ал Жалған, Жоқ және Өшіру - False логикалық мәніне эквивалентті. Егер біз құрамдас пішімді таңдап, сосын эквивалентті логикалық мәнді енгізсек, онда енгізілген мән таңдалынған пішімде бейнеленеді. Мысалы, егер True немесе Қосу мәні Өріс пішімі қасиетінде көрсетілген Иә/Жоқ үшін Өріс типінің басқару элементіне енгізілсе, онда енгізілген мән Иә-ға автоматты түрленеді.

Кез келген ұзындықтағы мәтіндік өрістер

Кез келген ұзындықтағы мәтіндік өрістер (МЕМО өрісі) қарапайым мәтіндік өрістегідей мәліметтер типінен тұруы мүмкін. Бұл өрістің арасындағы айырмашылық – МЕМО мөлшері 255 символмен ғана шектелмей 65535 символдан тұруы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]