
- •Мазмұны
- •1 Мәліметтер қоры
- •Реляциялық мәліметтер қоры
- •1 Cурет - ms Access – ті іске қосу 2 - cурет Файлды құру терезесі ms Access компоненттері
- •Ms Access басты терезесімен танысу
- •Ms Access саймандар қатары
- •Саймандар қатары батырмаларының атқаратын қызметтері:
- •Ms Access параметрлерін баптау
- •3 Мәліметтер қорын құру
- •Бос мәліметтер қорын құру
- •4 Кестелерді құру
- •Кестелердің құрылымы
- •Конструктор терезесінде кестенің құрылуы
- •Мәтіндік өрістер
- •Сандық өрістер
- •Санауыш типінің өрісі
- •Дата/уақыт өрісі
- •Логикалық өрістер
- •Кез келген ұзындықтағы мәтіндік өрістер
- •Ole объекті өрісі
- •Гиперсілтеме өрісі
- •Ауыстыру шеберінің мәліметтер типі
- •Бастапқы кілт
- •Шебер көмегімен кестенің құрылуы
- •Кесте режимінде кестелердің құрылуы
- •5 Индекстер
- •Құрамды индекстердің құрылуы
- •Көпкестелі мәліметтер қорын жобалаудың ерекшеліктері
- •6 Кестелер арасында байланыс орнату
- •“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесі
- •Кестенің пішімін өзгерту
- •Мәліметтерді сұрыптау
- •Сүзгінің қолданылуы
- •Сүзгіден жазбаларды алып тастау
- •7 Сұрау көмегімен кестеден мәліметтерді таңдау
- •Шебер көмегімен сұрауларды құру
- •Сұрау конструкторының терезесі
- •Қарапайым сұраудың құрылуы
- •Сұрау бланкісінде өрістердің қосылуы
- •8 Пішінді құрудың қарапайым тәсілі
- •Жазбалар бойынша жылжыту батырмалары
- •Пішін құрудың альтернативті тәсілдері
- •Пішіндерді баспаға шығару
- •Баспадан шығаруға кіріселік
- •Пішіндер конструкторының терезесі
- •Пішіндер аймағы
- •Пішіндер конструкторында пішіндер құру
- •Мәтіндік информацияны орналастыру
- •Енгізу өрістерін орналастыру
- •Басқару батырмаларының құрылуы
- •9 Қарапайым есеп беруді құру
- •Есеп беруді құрудың қарапайым тәсілі
- •Есеп берудің басқа тәсілдері
- •Есеп берудің конструктор терезесі
- •Есеп беру аймақтары
- •Есеп берудің басталатын датасын қою
- •Пошталық жапсырмалардың құрылуы
- •10 Макрос объектісі
- •Макрос конструкторы
- •11 Бет объектісі
- •Шебер көмегімен бет құру
- •Автобеттер көмегімен беттер құру
- •12 Модуль объектісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
4 Кестелерді құру
Кестелер мәліметтер қорының негізі болып табылады, себебі барлық мәліметтер сонда сақталады. Пішінді немесе есеп беруді жасар алдында ең алдымен кестені құрып алғанымыз жөн. Кестелерге орналасатын кестелерді және мәліметтерді тиянақты жоспарлап алуымыз тиіс. Енді бізді қанағаттандыратын кестені жасауға мүмкіндік беретін кестені жобалаудың негізгі кезеңдерін қарастырамыз.
Кесте – бұл мәліметтерді сақтайтын объект. Кестені жасауда біртипті информациядан тұратын өрісті анықтаймыз. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. Әрбір қатар – бұл жазба, әрбір баған - өріс.
Кестелердің құрылымы
Кестелердің құрылымын жасау алдында мәліметтер қорын жасаудың нәтижесінде жететін мақсатымызды көрсетуіміз керек. Оған жету үшін қолданылатын кестенің қандай болу керек екенін анықтап алып, қажетті кестені жасауға кірісеміз. Егер біз біркестелік мәліметтер қорын жасасақ, онда кестенің құрылымын анықтау қиын емес.
Кестенің құрылымын анықтаған соң MS Access-те жасауға кірісеміз. MS Access-те кестені жасау мәліметтер қорының терезесінде жүзеге асырылады:
Мәліметтер қоры терезесін ашып, “Кестелер” категориясын таңдаймыз.
Мәліметтер қорының терезесінде Жасау батырмасын шертеміз.
“Жаңа кесте” сұхбаттасу терезесі ашылады, оның оң жағында келесі
нұсқалар тізімі берілген.
Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені жасауға мүмкіндік
береді;
Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте жасауға мүмкіндік
береді;
Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте жасауға мүмкіндік береді;
Кестелер импорты - сыртқы файлдан ағымдағы мәліметтер қорына
кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен
кестелер жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осы сұхбаттасу терезесінде өзіміздің кестемізді жасауға сәйкес нұсқаны
таңдап, ОК батырмасын шертеміз.
Таңдалған құралдың көмегімен кесте құрылымын жасаймыз.
Кестені өзінің ішіндегі информациямен байланыстыру үшін әрбір кестеге
оның аты меншіктеледі. Кесте атын “Сақтау” сұхбаттасу терезесіне беріп, ОК батырмасын шертеміз.
Біз кестені жасаудың негізгі қадамдарын қарастырдық, ал енді кестенің құрылымын жасаудың жеке тәсілдерін қарастыралық.
Конструктор терезесінде кестенің құрылуы
Конструктордың терезесінде кестенің жасалуы жасалатын кестенің параметрлерін анықтаудың едәуір кең мүмкіндігін береді. Кестелердің конструкторына көшу үшін “Жаңа кесте” сұхбаттасу терезесінде Конструктор опциясын таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Нәтижесінде бұл әрекеттерді орындау үшін кестенің конструкторының терезесі ашылады (сурет 13). Конструктордың терезесіне кестелерді жасау шеберінен баруға болады.
13 - cурет Кесте конструкторы терезесі
Сұхбаттасу терезесінің жоғарғы жағында жасалатын кестенің көрсеткіштерінен, яғни өрістің атынан, мәліметтер түрінен және сипаттамасынан тұратын кесте бар. Бұл негізгі көрсеткіштерден басқа, кестенің әрбір өрісі конструктордың төменгі жағында бейнеленген мәліметтерді енгізудің шарттарымен анықталатын қосымша қасиеттерден тұрады. Кестенің әрбір өрісінің атына, ереже бойынша берілген өрісте сақталатын информацияны сипаттайтын кез келген ат таңдалады. Өрістің типі осы өрісте сақталатын мәліметтер типімен анықталады. Енді кесте өрістерінің анықтамаларын қарастырайық.
Мәліметтер түрі
Өрістің аты кестелердің мәліметтеріне сүйену үшін қолданылады. Сақталатын мәліметтердің типін анықтауға мәліметтер типі пайдаланылады. Өрістің мәліметтер типі Мәліметтер типі бағаны өрісінде енгізіледі. MS Access-те келесі типті мәліметтердің болуы мүмкін:
Мәтіндік
Сандық
Ақшалай
Санауыш
Мерзімдер/уақыттар
Логикалық
МЕМО өрісі
OLE объектісі өрісі
Гиперсілтеме
Ауыстырулар шебері