
- •Мазмұны
- •1 Мәліметтер қоры
- •Реляциялық мәліметтер қоры
- •1 Cурет - ms Access – ті іске қосу 2 - cурет Файлды құру терезесі ms Access компоненттері
- •Ms Access басты терезесімен танысу
- •Ms Access саймандар қатары
- •Саймандар қатары батырмаларының атқаратын қызметтері:
- •Ms Access параметрлерін баптау
- •3 Мәліметтер қорын құру
- •Бос мәліметтер қорын құру
- •4 Кестелерді құру
- •Кестелердің құрылымы
- •Конструктор терезесінде кестенің құрылуы
- •Мәтіндік өрістер
- •Сандық өрістер
- •Санауыш типінің өрісі
- •Дата/уақыт өрісі
- •Логикалық өрістер
- •Кез келген ұзындықтағы мәтіндік өрістер
- •Ole объекті өрісі
- •Гиперсілтеме өрісі
- •Ауыстыру шеберінің мәліметтер типі
- •Бастапқы кілт
- •Шебер көмегімен кестенің құрылуы
- •Кесте режимінде кестелердің құрылуы
- •5 Индекстер
- •Құрамды индекстердің құрылуы
- •Көпкестелі мәліметтер қорын жобалаудың ерекшеліктері
- •6 Кестелер арасында байланыс орнату
- •“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесі
- •Кестенің пішімін өзгерту
- •Мәліметтерді сұрыптау
- •Сүзгінің қолданылуы
- •Сүзгіден жазбаларды алып тастау
- •7 Сұрау көмегімен кестеден мәліметтерді таңдау
- •Шебер көмегімен сұрауларды құру
- •Сұрау конструкторының терезесі
- •Қарапайым сұраудың құрылуы
- •Сұрау бланкісінде өрістердің қосылуы
- •8 Пішінді құрудың қарапайым тәсілі
- •Жазбалар бойынша жылжыту батырмалары
- •Пішін құрудың альтернативті тәсілдері
- •Пішіндерді баспаға шығару
- •Баспадан шығаруға кіріселік
- •Пішіндер конструкторының терезесі
- •Пішіндер аймағы
- •Пішіндер конструкторында пішіндер құру
- •Мәтіндік информацияны орналастыру
- •Енгізу өрістерін орналастыру
- •Басқару батырмаларының құрылуы
- •9 Қарапайым есеп беруді құру
- •Есеп беруді құрудың қарапайым тәсілі
- •Есеп берудің басқа тәсілдері
- •Есеп берудің конструктор терезесі
- •Есеп беру аймақтары
- •Есеп берудің басталатын датасын қою
- •Пошталық жапсырмалардың құрылуы
- •10 Макрос объектісі
- •Макрос конструкторы
- •11 Бет объектісі
- •Шебер көмегімен бет құру
- •Автобеттер көмегімен беттер құру
- •12 Модуль объектісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Ms Access саймандар қатары
Жұмыстың әрбір режиміне өзінің саймандар қатары сәйкес келеді. Қазір
(сурет 4) жиірек қолданылатын саймандар қатарымен танысамыз.
4 - cурет «Мәліметтер қоры» саймандар қатары
Саймандар қатары батырмаларының атқаратын қызметтері:
Батырмалар |
Аты |
Атқаратын қызметі |
|
Құру |
Жаңа мәліметтер қорын жасайды |
|
Ашу |
Бұрын жасалған мәліметтер қорын ашады |
|
Сақтау |
Ағымдағы объектті сақтайды |
|
Баспа |
Құжатты баспаға жібереді |
|
Алдын-ала көру |
Құжатты алдын-ала көру терезесін ашады |
|
Орфография |
Орфографияны тексереді |
|
Қиып алу |
Ерекшеленген мәтінді немесе ерекшеленген объектілерді жояды және оларды буферге орналастырады |
|
Көшіру |
Буферге ерекшеленген мәтіннің немесе ерекшеленген объектілердің көшірмесін ғана апарып салу |
|
Кірістіру |
Буфердің мазмұнын кірістіреді. Бұл батырманың нақты іс-әрекеті жұмыс істеліп жатқан режимге байланысты |
|
Үлгі бойынша пішім |
Таңдалған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді |
|
Болдырмау |
Соңғы іс-әрекетті болдырмау |
|
Office-пен байланыстар |
MS Office-тің басқа қосымшаларымен байланысты жүзеге асырады |
|
Программа |
Модульдің терезесін ашады |
|
Қасиеттер |
Таңдалынған объекттің қасиеттер терезесін ашады/жабады |
|
Мәліметтер сызбасы |
Кестелер арасындағы байланыстарды жасайды және редактірлейді |
|
Жаңа объект |
Мәліметтер қорының жаңа объектісін жасайды |
|
Көмекші |
Көмекшіні шақырады |
Кез келген терезеде жұмыс істегенде біздер саймандар қатарының батырмаларының қызметін, оған маус меңзерін апара отырып, біле аламыз. Себебі маустың меңзері астында оның аты шығады.
Өз қалауымыз бойынша MS Access-тің басқа объекттері секілді саймандар қатарын баптауымызға болады. Ол үшін Түр/Саймандар қатары командасын таңдаймыз, экранның төменгі жағында Баптау командасы бар меню шығады. Бұл команданы таңдағанда экранда саймандар қатарының бүкіл тізімнен тұратын “Баптау” сұхбаттасу терезесі пайда болады. Осы уақытта саймандар қатарында көрсетілгендері -мен белгіленеді.
Қажет кезінде Жасау командасын таңдап, экранға жаңа саймандар қатарын қосуымызға болады. Келісім бойынша саймандар қатары экранның жоғарғы жағында орналасады, бірақ оны экранның кез келген жеріне жылжыта аламыз. Сонымен қатар біз оның мөлшерін де өзгерте аламыз.
Ms Access параметрлерін баптау
MS Access баптаудың көптеген әртүрлі параметрлерінен тұрады. Біз жүйелік файлдардың орналасуын, келісім бойынша шрифт параметрлерін және т.б. көрсете аламыз. Параметрлерді баптау үшін Сервис/Параметрлер командасын орындаған кезде ашылатын “Параметрлер” (сурет 5) сұхбаттасу терезесі қолданылады.
5 - cурет «Параметрлер» сұхбаттасу терезесі
Параметрлерді баптаған соң ОК немесе Қолданылсын батырмаларын шертуімізге болады. ОК батырмасын шерткенде орнықтырылған мәндер MS Access–те тек ағымдағы жұмыста ғана іс қылады, ал Қолданылсын батырмасын шерткенде басқа сеаныстарда да жұмыс істейді.
MS Access-тен шығу
MS Access–те жұмысты аяқтау үшін келесі тәсілдердің бірін қолданамыз:
Файл/Шығу командасын таңдау арқылы;
MS Access Жабу командасын таңдау арқылы;
MS Access басты терезесінде жүйелік менюдің батырмасына барып,
маусты екі рет шерту арқылы.