Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Ms Access басты терезесімен танысу

MS Access-ті бірінші рет іске қосқанда экранға мәліметтер қорының терезесі және “Мәліметтер қоры” саймандар қатары (сурет 3) шығады. Экран - тақырып, меню жолы, саймандар қатары, қалып-күй жолы және мәліметтер қорының терезесінен тұрады.

3 - cурет Мәліметтер қорының терезесі

MS Access қосымшасы бір уақытта тек бір ғана мәліметтер қорымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бірақ ол кез келген сыртқы көздерден мәліметтер ала алады. MS Access терезесінің ішінде қорды құрайтын – кестелер, пішіндер, сұраулар және т.б. объектілер терезелерінің шексіз саны ашылуы мүмкін.

Тақырып басты терезенің жоғарғы жағында орналасқан және үш объектіден тұрады: программаның пиктограммасының көшірмесі, басты терезенің тақырыбы және осы терезені басқару пиктограммалары.

Меню жолында ағымдағы терезе менюі бар. Windows-те жұмыс істейтін басқа да қосымшалар сияқты MS Access менюі біздің не істегіміз келетініне байланысты өзгеріп отырады. Бірақ Windows-тың басқа қосымшалары сияқты бұл менюлер белгілі рет пен стандартқа сүйенеді.

MS Access-те саймандар қатары көптеген әртүрлі батырмалар жиынынан тұрады, олардың құрамы нақты саймандар қатарының нақты қызметіне байланысты. MS Access-ке бірінші рет кіргенде экранда “Мәліметтер қоры” деп аталатын саймандар қатары бар болады. Батырмалардың көпшілігі, көбінесе меню командаларын таңдауға немесе пернелер комбинацияларын шерту арқылы жүргізілетін операцияларды орындауға арналған. MS Access экранда саймандар қатарын басқаруға, орнатуға мүмкіндік береді.

Қалып-күй жолы басты менюдің төменгі жағында орналасқан. Жолдың сол жағында кесте немесе пішін өрістерінің сипаттамасы, жұмыс режимінің индикаторы және т.б. қажетті информациялардың көрсетілуі мүмкін.

Мәліметтер қорының терезесі (сурет 3) оның жоғарғы жағында орналасқан жеке саймандар қатарынан және сол жағындағы – объектілердің басқару қатарынан тұрады.

Объектілерді басқару қатары (кестелер, сұраулар, пішіндер т.б.) белгілі типтегі объектілерге қатынауды қамтамасыз етеді. Мәліметтер қорының жұмыс аймағында сәйкес категорияны таңдау кезінде көрсетілген типтегі объектілер тізімі бейнеленеді. Кестелер, сұраулар, пішіндер, есеп берулер және қатынау беттері үшін тізімнің жоғарғы жағында көрсетілген типтегі жаңа объектті сәйкес конструктордың немесе шебердің көмегімен құруға арналған құралдар бар.

Саймандар қатарының сол жағында Ашу , Конструктор және Жасау батырмалары орналасқан. Ашу батырмасы таңдалынған объектіні ашуға арналған. Бұл объекттің кесте, сұрау немесе пішін болуы мүмкін. Кестені ашқанда кестенің терезесі ашылады, сонан кейін біз кестедегі мәліметтерді қарап, оны редактірлей аламыз. Сұрауды ашқанда таңдалған сұрауды орындап, іріктеу нәтижесін қарауымызға болады. Таңдалған пішін үшін Ашу батырмасын шерткенде мәліметтерді кестелер терезесінде емес, пішіндер терезесінде қарап, оны редактірлейміз. “Есеп берулер” категориясын таңдағанда Ашу батырмасының аты Қарау болып өзгереді, бірақ оның қызметі сол қалпында қалады, яғни таңдалған есеп беру Қарау режимінде іске қосылады. Егер біз “Макростар” категориясын таңдасақ, онда бұл батырманың аты қайта өзгергенін байқаймыз, енді ол Іске қосу деп аталады. Олай болса, бұл батырмаға шерткенде таңдалған Макрос іске қосылады.

Конструктор батырмасы таңдалынған объектіні толықтыру үшін, ал Жасау батырмасы жаңа объектіні жасауға арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]