Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

10 Макрос объектісі

Макрос деп – есеп беруді, пішінді баспаға шығару немесе ашу, сұрауды орындауға жіберу тағы басқа сияқты әрекеттерді орындайтын бір немесе бірнеше макрокомандалар жиынтығын айтады.

Макростар жиі орындалатын әрекеттерді автоматтандыру үшін пайдаланылады. Олар оқиғаларды, пернелерді басуды, меню командаларын таңдауды және саймандар қатарындағы түймелерді шертуді іске асырушы ретінде қолданылады.

Макрос – макрокомандалардан тұратын дара макрос немесе бірнеше макростан тұратын құрама макрос болуы тиіс. Бір топқа әдетте туыстас макростар біріктіріледі. Бұл мәліметтер қорын басқаруды көп жеңілдетеді. Мысалы, бір топқа пішіндерді ашуға арналған макростарды біріктіріп оны Ашу деп атауға болады.

Мәліметтер қорына кіретін макростың орындалуы оның атын құрайтын макрокомандаларды орындаудан басталады. Одан әрі біртіндеп, барлық тиісті макрокомандалар орындалады.

Дара макроста ешқандай ат болмайды. Оны орындауға жібергенде ондағы барлық командалар орындалады. Макрокомандалардың орындалуына шарт қоюға болады. Егер шарт шындық болса, макрокомандалар орындалады, ал керісінше болса орындалмайды.

Макрос конструкторы

Жоғарыдағы объектілерге қарағанда макрос құру үшін бір ғана тәсіл макрос конструкторы ғана бар. Яғни макросты конструктор көмегімен құра аламыз. Жаңа макросты мәліметтер қоры терезесінде макростар командасындағы Құру батырмасын шерту арқылы немесе Қою/Макрос командасын орындау арқылы құруға болады. Екі жағдайда да, Жаңа макрос сұрау конструкторының сұхбаттасу терезесі ашылады.

Макростар конструкторының терезесі Кесте конструкторы сияқты көлденеңнен екі бөлікке бөлінген. Жоғарғы бөлігінде сипаттама қатары орналасқан. Мұнда макросты немесе макростар тобын құрайтын микрокомандалардың жүйелілігін көрсетуге және оларды орындауға, шарт қоюға болады. Макростар конструкторы терезесінің (сурет 41) төменгі бөлігінде аргументтер қатары орналасқан. Сипаттама қатарынан микрокомандаға тиісті аргументтер жиыны пайда болады.

41 – cурет Макрос конструкторы терезесі

11 Бет объектісі

Бұл объекті Бет немесе мәліметтерге кіру беті деп аталады. Бұл MS Access 2000 версиясында пайда болған жаңа объекті. Мәліметтерге кіру беті кестедегі немесе сұраудағы мәліметтерді Интернетте жариялау беті болып табылады. Беттер - *Һtm кеңейтілуімен Dinamic htm форматта жеке файлда сақталады. Жаңа бетті сақтау үшін оған ат енгіземіз және файл сақталатын каталогын таңдаймыз.

Бетті де есеп беру сияқты кестедегі немесе сұраудағы мәліметтерді таңдауға ыңғайлы түрде көрсету үшін қолданылады. Бетті пішін сияқты кестеге жазуларды қосу үшін қолдануға болады. Бетті құруды басқа объектілер сияқты, Шебер және Конструктор көмегімен құруға болады. Мәліметтерге кіру бетін шартты түрде үш категорияға бөлуге болады:

  1. Есеп беру мен мәліметтерді жариялау үшін қолданылатын бет. Бұл типтегі

бет негізгі кестелер мен сұраулардағы мәліметтерді жариялау үшін қолданылады. Бұл типтегі мәліметтерді сүзуге және сұрыптауға болады. Бірақ мәліметтерді қосуға, өшіруге және редактірлеуге болмайды.

  1. Мәліметтерді бейнелеу, енгізу, редактірлеу үшін қолданылатын бет. Бұл

типтегі беттің өзгешелігі негізгі кестені модификациялауға болады.

  1. Мәліметтерді таңдау үшін қолданылатын бет. Бұл типтегі бет негізгі

кестедегі және сұраудағы мәліметтерді бейнелеу үшін қолданылады. Сонымен қатар модификациялау үшін де қолдануға болады.

Олар құрама кесте MS Excel диаграмма MS Excel-дегі формулаларды қолдана отырып, ұяшыққа мәліметтерді енгізуге және редактірлеуге болатын элементтерден тұрады.

Мәліметтерге кіру бетін құру әдістерінің 4 түрі бар:

  1. Конструктор

  2. Шебер

  3. Автобеттер

  4. Дайын Web беттерін түрлендіру.

Ол үшін бет қосымшасын ашып, Құру батырмасына маустың сол жақ батырмасын бір рет шертеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]