Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Есеп берудің басталатын датасын қою

Әдетте, есеп берудің тақырыбында немесе төменгі колонтитулда есеп берудің баспаға шығатын датасын орналастырады. Бұл элементті есеп беруде құру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. Элементтер қатарынан Өріс сайманын таңдаймыз.

  2. Жоғарғы колонтитул аймағында маус нұсқағышын, дата өрісін

орналастыруды болжап отырған орынға апарамыз. Есеп беруде енгізу өрісі мен оған арналған жазудан тұратын байланысқан объект пайда болады.

  1. Байланысқан өрістің жазылуын Delete пернесімен жоямыз.

  2. Енгізу өрісін ерекшелеп және оған арнап, қасиеттер терезесін ашамыз.

  3. Мәліметтер” жапсырмасына көшіп, мәліметтер қасиетіндегі

тұрғызушыны шақыру батырмасын басамыз. Экранда “Өрнектерді тұрғызу” (сурет 38) сұхбаттасу терезесі ашылады.

  1. Функциялар бумасының “Құрамдас функциялар” бөлімін ашамыз,

функция тізімінен Now функциясын қолданып, =Now() өрісінің мәні үшін өрнекті береміз.

  1. Макет” жапсырмасының өріс пішімі қасиеті тізімін ашатын батырманы

басып, есеп беруде өзіміз қалаған датаны бейнелеу пішімін таңдаймыз. Енді есеп беруді баспадан шығарғанда есеп берудің баспаға шығарылатын датасын білетін боламыз.

39 - cурет Есеп беруде датаның өрісі үшін өрнектерді беру

Пошталық жапсырмалардың құрылуы

Берілген кесте негізінде пошталық жапсырмалардың құрылуы – қарапайым процесс. MS Access-те бұл мақсатта арнайы шебер қарастырылған:

  1. Мәліметтер қорының терезесінде “Есеп беру” категориясын таңдаймыз.

  2. Құру батырмасын басамыз.

  3. Ашылған “Жаңа есеп беру” сұхбаттасу терезесінде есеп беруді құру

тәсілдерінің тізімінде Пошталық жапсырмалар категориясын таңдаймыз.

  1. Мәліметтер көзі ретінде кестені немесе сұрауды таңдаймыз, тізімінің

өрісінен, пошталық жапсырмаларды толтыру кезінде қолданылатын мәліметтерден тұратын объектті таңдаймыз.

  1. ОК батырмасын басамыз.

  2. Пошталық жапсырмаларды құру шебері сұхбаттасудың бірінші терезесінде

ұсынылған нұсқалардың ішінен пошталық жапсырмалар мөлшерін таңдап, Әрі қарай батырмасын басамыз.

  1. Сұхбаттасудың келесі терезесі жапсырманың шрифтін және мәтін түрін

орнықтыруға арналған. Орнықтыруларды орындап, Әрі қарай батырмасын басамыз.

  1. Шебер сұхбаттасудың үшінші терезесінде кесте не сұрау өрісін, мәтін және

тыныс белгілерін пайдаланып, пошталық жапсырманың сыртқы түрін сипаттаймыз. Оң жақ енгізу өрісінде енгізілген информацияның тұрған орнын көреміз. Жапсырманың сыртқы түрін қалыптастырып, Әрі қарай (39-сурет) батырмасын басамыз.

  1. Сұхбаттасудың келесі терезесі жапсырма мәліметтерін бір не бірнеше өріс

бойынша сұрыптауға арналған. Сұрыптау өрісіне қажетті өрістерді апарған соң, Әрі қарай батырмасын басамыз.

  1. Шебердің соңғы терезесі есеп беру атын енгізуге және істелінген

жұмысымыздың кейінгі нұсқаларын таңдауға арналған. Атын енгізіп, Дайын батырмасын басамыз. Біраз уақыттан соң экранда көру терезесінде өңделген есеп беру (40 - сурет) пайда болады.

39 - cурет Шебердің көмегімен пошталық 40 - cурет Пошталық нұсқаларды көру

жапсырмалардың құрылуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]