Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Есеп берудің конструктор терезесі

Түсінік мәтіні мен есеп беру өрістері есеп берудің негізгі объектілері болып табылады. Информацияны жақсы қабылдау үшін есеп беруге суреттер, сызықтар және тіктөртбұрыштар қосылуы мүмкін. Есеп берудің өрістері берілген кестенің өрістеріне дәл келеді немесе оларды есептеудің нәтижелері болып табылады.

Есеп берулерді құруда және модификациялауда есеп берулер конструкторы аймақтарды ондағы объектілермен бірге жоюға, қосуға, ауыстыруға мүмкіндік береді. Есеп берудің кез келген аймағы мен элементінің түсін орнықтырып, бейнелеу параметрлерін басқаруға болады.

Бұрын құрылған есеп берулерді модификациялауға есеп берулер конструкторының терезесін ашу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:

  1. Мәліметтер қорының терезесінде “Есеп беру” жапсырмасына көшеміз.

  2. Маус нұсқағышан модификацияланатын есеп беруге апарамыз.

  3. Мәліметтер қорының Конструктор батырмасын басамыз.

Жаңа есеп беруді құруда есеп берулер конструкторының терезесін ашу үшін, мына әрекеттерді орындау керек:

  1. Мәліметтер қорының терезесінде “Есеп беру” жапсырмасына көшеміз.

  2. Құру батырмасын басамыз.

  3. Ашылған “Жаңа есеп беру” сұхбаттасу терезесінде есеп берулерді құру

тәсілдерінің Конструктор командасын таңдап, ОК батырмасын басамыз. Экранда есеп беру конструкторы терезесі ашылады (Сурет 37).

37 - cурет Есеп беру конструкторы терезесі

Есеп беру аймақтары

Есеп беру конструкторының терезесі пішіндер конструкторының терезесіне ұқсас және объектілер (жазулар енгізу өрісі) мен торлардан тұрады. Пішіндегі секілді, есеп берулерде аймақтар бар – есеп беру тақырыбы, жоғарғы және төменгі колонтитулдар, мәліметтер аймағы мен ескертулер:

  • Есеп беру тақырыбы есеп берудің басында орналасады.

  • Жоғарғы колонтитул әрбір беттің басында және есеп беру тақырыбының

төменгі жағында бейнеленеді.

  • Топтың тақырып аймағы әрбір топтың бірінші жазбасының алдында

бейнеленеді.

  • Мәліметтер аймағы есеп беруге кіретін әрбір жазба үшін бейнеленеді.

  • Топтың ескерту аймағы әрбір топтың соңғы жазуының мәліметтер

аймағынан кейін бейнеленеді.

  • Төменгі колонтитул әрбір беттің төменгі жағында бейнеленеді.

  • Ескертулер аймағы есеп берудің соңында бейнеленеді.

Есеп беруді баспа немесе алдын-ала көру үшін қалыптастыруда MS Access есеп берудің тақырыбынан және жоғары колонтитулдан бастап баспаға шығарады. Сосын MS Access төменгі колонтитулды, беттерді бөліктегішті және келесі беттің жоғарғы колонтитулын орналастыруға дейінгі мәліметтер аймағын басады. Әрбір бет жоғарғы колонтитулдан, бетке сыятын мәліметтер аймағынан және төменгі колонтитулдан тұрады. Есеп берудің соңғы бетінде, төменгі колонтитулдың алдында, есеп берудің ескерту аймағы орналасады.

Егер есеп беруде тақырып аймағы мен топтар ескертпелері бар болса, баспаның реті іс жүзінде өзгермейді. Айырмашылығы, әрбір топтың бірінші жазбасының алдында топтың тақырып аймағы мен әрбір топтың соңғы жазбасынан кейін топтың ескертулер аймағы орналасады.

Жоғарғы колонтитулда орналасқан объектілер есеп берудің әрбір бетінің жоғарғы жағындағы информацияларды немесе суреттерді, ал төменгі колонтитулда төменгі жағындағыларды баспаға шығару үшін арналған. Сәйкесінше, есеп берудің тақырыбының объекттері есеп берудің бірінші бетінде, ал қорытындылар аймағының объекттері соңғы бетінде басылады. Егер есеп беруде топтар бар болса, онда әрбір топ үшін жоғарғы не төменгі колонтитул аймағын құруға мүмкіндік бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]