- •Мазмұны
- •1 Мәліметтер қоры
- •Реляциялық мәліметтер қоры
- •1 Cурет - ms Access – ті іске қосу 2 - cурет Файлды құру терезесі ms Access компоненттері
- •Ms Access басты терезесімен танысу
- •Ms Access саймандар қатары
- •Саймандар қатары батырмаларының атқаратын қызметтері:
- •Ms Access параметрлерін баптау
- •3 Мәліметтер қорын құру
- •Бос мәліметтер қорын құру
- •4 Кестелерді құру
- •Кестелердің құрылымы
- •Конструктор терезесінде кестенің құрылуы
- •Мәтіндік өрістер
- •Сандық өрістер
- •Санауыш типінің өрісі
- •Дата/уақыт өрісі
- •Логикалық өрістер
- •Кез келген ұзындықтағы мәтіндік өрістер
- •Ole объекті өрісі
- •Гиперсілтеме өрісі
- •Ауыстыру шеберінің мәліметтер типі
- •Бастапқы кілт
- •Шебер көмегімен кестенің құрылуы
- •Кесте режимінде кестелердің құрылуы
- •5 Индекстер
- •Құрамды индекстердің құрылуы
- •Көпкестелі мәліметтер қорын жобалаудың ерекшеліктері
- •6 Кестелер арасында байланыс орнату
- •“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесі
- •Кестенің пішімін өзгерту
- •Мәліметтерді сұрыптау
- •Сүзгінің қолданылуы
- •Сүзгіден жазбаларды алып тастау
- •7 Сұрау көмегімен кестеден мәліметтерді таңдау
- •Шебер көмегімен сұрауларды құру
- •Сұрау конструкторының терезесі
- •Қарапайым сұраудың құрылуы
- •Сұрау бланкісінде өрістердің қосылуы
- •8 Пішінді құрудың қарапайым тәсілі
- •Жазбалар бойынша жылжыту батырмалары
- •Пішін құрудың альтернативті тәсілдері
- •Пішіндерді баспаға шығару
- •Баспадан шығаруға кіріселік
- •Пішіндер конструкторының терезесі
- •Пішіндер аймағы
- •Пішіндер конструкторында пішіндер құру
- •Мәтіндік информацияны орналастыру
- •Енгізу өрістерін орналастыру
- •Басқару батырмаларының құрылуы
- •9 Қарапайым есеп беруді құру
- •Есеп беруді құрудың қарапайым тәсілі
- •Есеп берудің басқа тәсілдері
- •Есеп берудің конструктор терезесі
- •Есеп беру аймақтары
- •Есеп берудің басталатын датасын қою
- •Пошталық жапсырмалардың құрылуы
- •10 Макрос объектісі
- •Макрос конструкторы
- •11 Бет объектісі
- •Шебер көмегімен бет құру
- •Автобеттер көмегімен беттер құру
- •12 Модуль объектісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Реляциялық мәліметтер қоры
Соңғы уақытта мәліметтер қорының ішіндегі ең көп тарағаны – реляциялық мәліметтер қоры. Реляциялық мәліметтер қорында информация бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір не бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.
Реляциялық мәліметтер қорында кестенің әрбір қатары бірегей. Қатарлардың бірегейлігін қамтамасыз ету үшін кілттер қолданылады, олар кестенің бір не бірнеше өрістерінен тұрады. Кілттер тізбектелген түрде сақталады, бұл іздеу кезінде жазуларына тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.
Реляциялық МҚБЖ – нің негізгі ерекшеліктері:
Барлық мәліметтер кесте түрінде сақталады;
Әртүрлі сипаттағы мәліметтер түрлі кестелерде сақталады;
Қорды құратын кестелердің мәліметтері арасындағы қатыстар (реляциялар)
берілген;
Әртүрлі кестелердегі информация, оның мәліметтері жаңа сұрау құру
кезінде қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және көрсетілуі мүмкін.
Қолданушылардың мәліметтер қорымен өзара әрекеттері үшін МҚБЖ қолданылады. Осы заманғы МҚБЖ мыналардан тұрады:
Кестелерді және байланысқан кестелер арасындағы қатыстарды қолдау
үшін құралдар жиынынан;
Ол информацияны енгізуге және модификациялауға, информацияны
мәтіндік және графикалық түрде көрсетіп және іздеуді орындауға мүмкіндік беретін дамыған қолданушы интерфейсінен;
Олардың көмегімен жеке қосымшамызды құра алатын жоғары дәрежедегі
программалау құралдарынан.
МҚБЖ құралдары көмегімен біз:
Біз үшін маңызды информацияны таңдай аламыз;
Бүкіл кестедегі немесе тек таңдап алынған жазулар мен өрістерді әртүрлі
форматта басып шығара аламыз;
Кестенің мәліметтерін графикалық түрде көрсете аламыз;
Есеп беруді дайындау немесе кестелерден мәліметтерді таңдау барысында
түрлі есептеулерді орындай аламыз.
2 MS Access-ті іске қосу
Мәліметтер
қорын құрастыру арнайы компьютерлік
бағдарламаның көмегімен орындалады.
Осындай бағдарламаның бірі, офистік
бағдарламалар құрамына енгізілгені –
Microsoft
Access.
Оны іске қосу үшін Іске
қосу/ Программы/Microsoft Access (сурет
1)
командасы
қолданылады. MS Access-ке маус батырмасын
басамыз Осы кезде экранда 2-суретте
көрсетілгендей MS Access-ті шақыру терезесі
пайда болады.
1 Cурет - ms Access – ті іске қосу 2 - cурет Файлды құру терезесі ms Access компоненттері
MS Access информацияны көрсету және сақтау үшін қолданылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұраулар, мәліметтерге қатынауға мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер.
Пішіндер мен есеп беруді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер құрама объектілер болып табылады, яғни басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады, олар: өрістер, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар және т.б.
Кесте
- мәліметтер қорының негізі болып
табылады. MS
Access-те
бүкіл информация кестелерде беріледі.
Пішіндер
- пішін терезесінде кестелерді енгізу
мен көру үшін қолданылады. Олар экранда
бейнеленген информацияның көлемін
шектеуге және оны тиісті түрде көрсетуге
мүмкіндік береді. Шебердің көмегімен,
алдын-ала жасалған шаблондардың біріне
сәйкес орналасқан алғашқы кестенің
өрістерін енгізе отырып, пішін жасауға
болады. Пішіндер конструкторының
көмегімен күрделі кез келген дәрежедегі
пішіндерді жасай аламыз.
Есеп
берулер
-
мәліметтер қорында бар информацияны
көрсету үшін қолданылады. Есеп берулер
конструкторында мәліметтерді топтау,
толық және есептелінетін өрістерден
тұратын есеп берулерді дайындап, оларды
тиісті түрде безендіруге болады.
Сұрау
- мәліметтер қорынан информацияны алу
құралы болып табылады, әрі мұнда
мәліметтер бірнеше кестелер арасында
таратылған болуы мүмкін.
Мәліметтерге
қатынау беті
-
MS Access немесе Microsoft SQL Server мәліметтер
қорында сақталатын мәліметтермен
Интернет немесе Интранет арқылы жұмыс
істеуге және оларды қарап шығуға арналған
арнайы Web-бетінің түрі.
Макростар
- жиі орындалатын операцияларды
автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос
бір немесе бірнеше макрокомандалардан
тұрады, олардың әрқайсысы білгілі бір
қызмет атқарады, мысалы, пішінді ашады
немесе есеп беруді баспаға жібереді.
Модульдер
– Visual Basic түрінде жазылған бағдарлама
кейбір стандартты емес амалдарды
орындауға арналған.
