Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Басқару батырмаларының құрылуы

Пішінде батырмалар белгілі бір әрекетті немесе бірнеше әрекеттерді орындау үшін қолданылады. Мысалы, пішінде басқа пішінді ашатын батырманы құруға немесе пішінде алдан-ала қарастырылған жылжытудың стандартты құралдары көңілімізден шықпаса, кестенің жазбалары бойынша жылжыту үшін батырмалар жиынын құруға болады. Батырма қандай да бір іс-әрекетті орындау үшін оқиғаны өңдеудің макросын немесе процедурасын құрып, оларды Батырманың басылуы батырмасының қасиетімен байланыстыру қажет.

MS Access қолданушының жұмысын жеңілдетіп, оған макростарды жеке жасаудан құтқаратын 30-дан артық батырмаларды құруды алдын-ала ескерген. Бізге тек батырмаларды құру шеберін қолдансақ болғаны. Басқа пішінді ашатын батырмаларды құруға арналған шеберді пайдаланайық. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

1. Элементтер қатарында шеберді қолдану режимін орнықтырамыз.

2. Элементтер қатарында Батырма сайманын таңдаймыз.

  1. Өзіміз батырманы орналастырғымыз келген пішіндегі орынға маус

нұсқағышын апарып, маус батырмасын басамыз. Пішін конструкторының батырмасын құратын шебер іске қосылады.

  1. Сұхбаттасудың бірінші терезесінде Категориялар және Әрекеттер

(сурет 29) тізімі орналасқан. Категориялар тізімі бойынша ауыстырғанда Әрекеттер тізімі жаңаланады. Осы тізімдердің құрылымын анықтап аламыз. Категориялар тізімі - әрекеттер жиынтығынан, ал Әрекеттер тізімі берілген батырманы басқанда орындалатын әрекеттерден тұрады. Әрекеттер тізімінен керекті мәнді таңдап, Әрі қарай батырмасын басамыз.

29 - cурет Батырманы құру шебері 30 - cурет Мәліметтерді таңдау

31 - cурет MS Acces-ті таңдау 32 - cурет Батырмаға ат беру

  1. Шебер сұхбаттасуының екінші терезесінде мәліметтер қорындағы пішіндер

тізімінен батырманы басқанда ашылатын пішінді таңдаймыз.

  1. Келесі қадамда пішінде бейнеленетін мәліметтерді таңдап алу Қажеттігін

анықтау керек (сурет 30).

  1. Әрі қарай батырмасында бейнеленетін информацияның типін: мәтіндік

немесе графикалық екендігін көрсетеміз. Егер біз мәтіндік информацияны таңдасақ, онда енгізу өрісінде Мәтін опциясының қасында, батырмада бейнеленетін мәтінді енгіземіз. Графикалық информацияны орналастырған соң, графикалық суретті таңдайтын “Суретті таңдау” сұхбаттасу терезесін ашу үшін, Шолу батырмасын басамыз. Одан кейін келесі қадамға көшеміз.

  1. Шебердің жұмысының соңғы қадамында құрылатын объектінің аты

беріледі. Атын енгізіп, Дайын батырмасын басамыз. Осы кезде басқа экрандық пішін ашылатын батырма құрылады.

9 Қарапайым есеп беруді құру

Есеп беру деп - экранға, баспаға немесе файлға шығарылған мәліметтер пішімдерінің көрсетілуін айтамыз. Есеп беруді құрғанда біз оны тездететін процестердің стандартты құралдарын қолданамыз немесе есеп беру үшін есеп беру конструкторы көмегімен арнайы пішімді құрамыз. Есеп беру конструкторы есеп беруді кесте түрінде де, бос пішінде де құрады.

Кестелік есеп беру мәліметтері - қатар және баған бойынша реттелген басылған кесте түрінде беріледі. Есеп берудің әрқайсысы берілген кестенің өрісінен немесе есептелінетін өрістен тұрады, ал қатар жазба болып келеді. Кестелік есеп беру кестеден мәліметтерді баспаға шығаруға ең қолайлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]