Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Мәтіндік информацияны орналастыру

Экрандық пішінде мәтінді орналастыру элементтер қатарындағы Жазу сайманы көмегімен орындалады. Кез келген мәтіндік информация, яғни тақырыптар, түсіндірме информация мәтін деп аталады. Пішінде мәтінді орналастыру үшін келесі әрекеттер орындалады.

1. Элементтер қатарынан Жазу сайманын таңдаймыз. Егер экранда бұл қатар болмаса, оны бейнелеу үшін Түр/Саймандар қатары командасын орындап, саймандар қатары тізімінен Элементтер қатары опциясын орнықтырамыз немесе саймандар қатарынан Элементтер қатары батырмасын басамыз.

2. Мәтіндік объектінің орналасатын орнына маус нұсқағышын апарып, мәтінді енгіземіз.

3. Мәтінді енгізген соң, Enter пернесін басамыз

4. Құрылған объектіні ерекшелейміз.

5. “Пішім” саймандар қатарын немесе құрылған объект қасиеттері терезесін қолданып, оған дайындаудың шрифт түрін, мөлшерін, шрифт түсін, жақтау түсін, фонның түрі мен түсін және т.б. параметрлерін береміз.

Енгізу өрістерін орналастыру

Пішінді құрудың келесі қадамы оған әртүрлі түрдегі өрістерді қосу болып табылады. Өрістің ең қарапайым түрі – енгізу өрісі. Пішінде енгізу өрісін орналастыру үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

1. Элементтер қатарынан Өріс сайманын таңдаймыз.

2. Өріс орналасатын орынға маусты апарамыз. Пішінде енгізу өрісінен және оның жазуларынан тұратын байланысқан объект пайда болады.

3. Енгізу өрісін ерекшелейміз және ол үшін қасиеттер терезесін ашамыз.

4 .Құрылған өрісті кесте немесе сұрау өрісімен байланыстыру үшін “Мәліметтер” жапсырмасының Мәліметтер қасиетін таңдаймыз. Қасиеттің енгізу өрісінде тізімнің ашылуына арналған батырманы қолданып, ашық тұрған кестенің барлық өрістері тізімінен, пішінге қосқымыз келген өрісті таңдаймыз. Егер біз өрісті өрнекпен байланыстырғымыз келсе, Орнату батырмасын басамыз. “Өрнектерді орнатушы” (сурет 28) сұхбаттасу терезесі ашылады. Сұхбаттасу терезесінің ортасында өрісті, функцияны, арифметикалық және логикалық операторлардың батырмаларын қолданып, өріс үшін өрнекті береміз.

28 - cурет «Өрнектерді орнатушы» сұхбаттасу терезесі

5. Пішімдеу саймандар қатарын немесе өрісті енгізу қасиеттерінің терезесін қолданып, ол үшін шрифт түрін, мөлшерін, шрифт түсін, жақтау түсін, фонның түрі мен түсін және т.б. параметрлерді береміз.

6. Тек оқуға мүмкін болатын информациядан тұратын өріс құрғымыз келсе, Қатынау қасиетінің мәнін Жоқ деп орналастырамыз.

7. “Басқалар” жапсырмасының қалқып шығатын көмек сөз қасиеті нұсқағыш өрісіне біраз уақыт тұрып қалса, экранда пайда болған өріске қысқаша түсініктеме береді.

8. Өріс мәнін анықтау үшін Келісім бойынша тағайындалған мән қасиетін береміз.

9. Енгізу өрісіне жазуды ерекшелейміз, оған арнап қасиеттер терезесін ашамыз.

10. Жазу мәтінін беру үшін “Макет” жапсырмасының Қолтаңба қасиетін таңдаймыз және қасиеттің енгізу өрісінде жазу мәтінін өріске енгіземіз.

11. “Пішім” саймандар қатарын немесе қасиеттер терезесін қолданып, жазу үшін шрифт типін, мөлшерін, шрифт түсін, жақтау түсін, типін, фонның түсін және т.б. параметрлерді береміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]