
- •Мазмұны
- •1 Мәліметтер қоры
- •Реляциялық мәліметтер қоры
- •1 Cурет - ms Access – ті іске қосу 2 - cурет Файлды құру терезесі ms Access компоненттері
- •Ms Access басты терезесімен танысу
- •Ms Access саймандар қатары
- •Саймандар қатары батырмаларының атқаратын қызметтері:
- •Ms Access параметрлерін баптау
- •3 Мәліметтер қорын құру
- •Бос мәліметтер қорын құру
- •4 Кестелерді құру
- •Кестелердің құрылымы
- •Конструктор терезесінде кестенің құрылуы
- •Мәтіндік өрістер
- •Сандық өрістер
- •Санауыш типінің өрісі
- •Дата/уақыт өрісі
- •Логикалық өрістер
- •Кез келген ұзындықтағы мәтіндік өрістер
- •Ole объекті өрісі
- •Гиперсілтеме өрісі
- •Ауыстыру шеберінің мәліметтер типі
- •Бастапқы кілт
- •Шебер көмегімен кестенің құрылуы
- •Кесте режимінде кестелердің құрылуы
- •5 Индекстер
- •Құрамды индекстердің құрылуы
- •Көпкестелі мәліметтер қорын жобалаудың ерекшеліктері
- •6 Кестелер арасында байланыс орнату
- •“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесі
- •Кестенің пішімін өзгерту
- •Мәліметтерді сұрыптау
- •Сүзгінің қолданылуы
- •Сүзгіден жазбаларды алып тастау
- •7 Сұрау көмегімен кестеден мәліметтерді таңдау
- •Шебер көмегімен сұрауларды құру
- •Сұрау конструкторының терезесі
- •Қарапайым сұраудың құрылуы
- •Сұрау бланкісінде өрістердің қосылуы
- •8 Пішінді құрудың қарапайым тәсілі
- •Жазбалар бойынша жылжыту батырмалары
- •Пішін құрудың альтернативті тәсілдері
- •Пішіндерді баспаға шығару
- •Баспадан шығаруға кіріселік
- •Пішіндер конструкторының терезесі
- •Пішіндер аймағы
- •Пішіндер конструкторында пішіндер құру
- •Мәтіндік информацияны орналастыру
- •Енгізу өрістерін орналастыру
- •Басқару батырмаларының құрылуы
- •9 Қарапайым есеп беруді құру
- •Есеп беруді құрудың қарапайым тәсілі
- •Есеп берудің басқа тәсілдері
- •Есеп берудің конструктор терезесі
- •Есеп беру аймақтары
- •Есеп берудің басталатын датасын қою
- •Пошталық жапсырмалардың құрылуы
- •10 Макрос объектісі
- •Макрос конструкторы
- •11 Бет объектісі
- •Шебер көмегімен бет құру
- •Автобеттер көмегімен беттер құру
- •12 Модуль объектісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Пішіндер аймағы
Конструктор терезесін ашқанда пішін бір аймақтан – мәліметтер аймағынан тұрады. Мұнан басқа пішін тақырып аймағынан, ескертуден және жоғарғы және төменгі колонтитулдардан тұрады. Бұл аймақтарды қосу үшін Түр/Пішін тақырыбы/Ескерту және Түр/Колонтитулдар командалары қолданылады. Бұл командаларды орындаған соң, пішіндер конструкторының жұмыс аймағы пайда болады. Қейбір аймақтың мөлшерін өзгерту үшін, маус меңзерін аймақтар арасындағы шекараның жоғарғы жағына апарамыз. Маус меңзері ортасында тік бұрышы бар қарама-қарсы бағыттауыш түрінде ауысқанда маустың батырмасын басылған күйінде ұстап, шекараны жылжытамыз.
Пішіндер конструкторында пішіндер құру
Біз MS Access-те пішінді құрудың бірнеше қарапайым тәсілімен таныстық. Пішінді құру бойынша процесс өзіне төмендегі процедуралардың бәрін немесе бөлігін қосады:
Мәтінді орналастыру
Өрістерді орналастыру
Басқарушы батырмаларын құру
Сызық, тікбұрыштар және суреттерді орналастыру
Пішін объектілерінің түсін орналастыру
Пішін объектілерін жылжыту
Дұрыс емес мәліметтерді енгізу мәліметтер қорында ең жиі кездесетін қателердің бірі. Пішінді тиянақты өңдеп, қателердің көбінің алдын алуға болады. Пішімдерді құрғанда төмендегілерді ескеру керек:
Басқару элементтерін топтау үшін сызықты және тікбұрышты қолданамыз.
Мұнда қолданушы бір орында мағынасына жақын мәліметтерді енгізеді.
Басқару элементтерін пішіннің бір бөлігіне жинамау керек. Бұл
информацияны оқуды қиындатады.
Пішіннің түсінің мәтіні барынша айқын және аз көлемде болуы тиіс.
Мәліметтерді енгізудің дұрыстығына көз жеткізу керек. Мәліметтерді енгізу
ретін дұрыс қолдану мәліметтерді дұрыс енгізбеудің алдын алады.
Стандартты информацияны енгізу үшін енгізу қалқасын қолданамыз.
Сандарды қабылдауды жеңілдету үшін енгізу пішімдерін пайдаланамыз.
Пішінді өңдеудің жалпы сипаттамаларын қарап болып, соң, оны құруға болады. Ол үшін Пішін конструкторы терезесіне кіреміз, “Пішіндер” категориясын жандандырамыз да, мәліметтер қорының терезесінде Конструктор режимінде пішіндердің құрылуы командасын таңдаймыз немесе Конструктор батырмасын шертеміз.
Ең алдымен пішіннің өз қасиеттерін объект ретінде анықтап алу керек. Әрбір пішіннің MS Access-тің терезесінде орналасуын, мөлшерін, тақырыбын, стилін және қейбір басқа параметрлерін анықтайтын қасиеттері бар. Пішіннің стилін анықтаудан бастайық.
Пішіндер конструкторында пішіннің стилін анықтау немесе өзгерту үшін
Пішім/Автопішім командасын орындаймыз немесе саймандар қатарындағы Автопішім батырмасын басамыз. Экранда “Автопішім” (cурет 27) сұхбаттасу терезесі ашылады. Тізімнен стильді таңдап, көру терезесінен оның сыртқы түрін көреміз, қажетті стильді тапқан соң Әрі қарай батырмасын басамыз.
27 - cурет «Автопішім» сұхбаттасу терезесі
Пішіннің мөлшерін беру үшін маусты қолданамыз. Пішіннің оң жақ төменгі
бұрышына маус нұсқағышын апарамыз. Бұл кезде меңзер қарама-қарсы бағытталған түр қабылдайды. Маустың батырмасын басып, пішіннің қажетті мөлшерін орнықтырамыз.
Пішіннің қалған параметрлерін орнықтыру үшін Түр/Қасиеттер
командасын орындап, қасиеттер терезесін ашамыз. Экранда пішіннің стандартты қасиеттері берілген Қасиеттер терезесі пайда болады.
Қасиеттер терезесінің “Макет” жапсырмасына өтеміз. Бұл жапсырмада
пішіннің қасиеттерін түзетіп, пішін терезесінің түрлі параметрлерін беруге болады, мысалы:
Терезелік менюдің батырмасы қасиеті көмегімен жоғарғы оң жақ бұрышта
терезелік меню батырмаларының бар болуы.
Терезенің мөлшері батырамалары қасиеті көмегімен терезені
кішірейтілуі және үлкейтілуі батырмаларының бар болуы.
Жабу батырмасы қасиеті көмегімен пішінді жабу батырмасының
бейнеленуі.
Ортаға туралау қасиетін Иә деп орнықтырып, пішінді қосымша терезесінің
ортасына орналастыру.
Қолтаңба қасиетінің өрісіне мәтіннің тақырыбын енгізу арқылы терезенің
тақырыбы.
Пішінді кестемен немесе сұраумен енгізу үшін “Мәліметтер”
жапсырмасының Жазбалар көзі қасиеті қолданылады.
Егер біз пішінде мәліметтерді өзгертуге тыйым салғымыз келсе, яғни
пішінді тек көру үшін қолданғымыз келсе, Өзгеріске рұқсат ету қасиеті үшін Жоқ мәнін орнықтырамыз. Бұл орнықтыру қолданушыға кестемен немесе сұраумен байланысқан басқару элементтерінің мазмұнын түзетуге мүмкіндік бермейді.
Кестеге жаңа жазба қосуға немесе барларды жоюға тыйым салғымыз келсе,
Өріске рұқсат ету немесе Жоюға рұқсат ету қасиеттері үшін Жоқ мәнін орнықтырамыз. Бұл кезде Қою/Жаңа жазба, Жазбалар/Мәліметтер енгізу, Түзету/Жазбаны жою командаларына мүмкіндік болмайды.