- •Мазмұны
- •1 Мәліметтер қоры
- •Реляциялық мәліметтер қоры
- •1 Cурет - ms Access – ті іске қосу 2 - cурет Файлды құру терезесі ms Access компоненттері
- •Ms Access басты терезесімен танысу
- •Ms Access саймандар қатары
- •Саймандар қатары батырмаларының атқаратын қызметтері:
- •Ms Access параметрлерін баптау
- •3 Мәліметтер қорын құру
- •Бос мәліметтер қорын құру
- •4 Кестелерді құру
- •Кестелердің құрылымы
- •Конструктор терезесінде кестенің құрылуы
- •Мәтіндік өрістер
- •Сандық өрістер
- •Санауыш типінің өрісі
- •Дата/уақыт өрісі
- •Логикалық өрістер
- •Кез келген ұзындықтағы мәтіндік өрістер
- •Ole объекті өрісі
- •Гиперсілтеме өрісі
- •Ауыстыру шеберінің мәліметтер типі
- •Бастапқы кілт
- •Шебер көмегімен кестенің құрылуы
- •Кесте режимінде кестелердің құрылуы
- •5 Индекстер
- •Құрамды индекстердің құрылуы
- •Көпкестелі мәліметтер қорын жобалаудың ерекшеліктері
- •6 Кестелер арасында байланыс орнату
- •“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесі
- •Кестенің пішімін өзгерту
- •Мәліметтерді сұрыптау
- •Сүзгінің қолданылуы
- •Сүзгіден жазбаларды алып тастау
- •7 Сұрау көмегімен кестеден мәліметтерді таңдау
- •Шебер көмегімен сұрауларды құру
- •Сұрау конструкторының терезесі
- •Қарапайым сұраудың құрылуы
- •Сұрау бланкісінде өрістердің қосылуы
- •8 Пішінді құрудың қарапайым тәсілі
- •Жазбалар бойынша жылжыту батырмалары
- •Пішін құрудың альтернативті тәсілдері
- •Пішіндерді баспаға шығару
- •Баспадан шығаруға кіріселік
- •Пішіндер конструкторының терезесі
- •Пішіндер аймағы
- •Пішіндер конструкторында пішіндер құру
- •Мәтіндік информацияны орналастыру
- •Енгізу өрістерін орналастыру
- •Басқару батырмаларының құрылуы
- •9 Қарапайым есеп беруді құру
- •Есеп беруді құрудың қарапайым тәсілі
- •Есеп берудің басқа тәсілдері
- •Есеп берудің конструктор терезесі
- •Есеп беру аймақтары
- •Есеп берудің басталатын датасын қою
- •Пошталық жапсырмалардың құрылуы
- •10 Макрос объектісі
- •Макрос конструкторы
- •11 Бет объектісі
- •Шебер көмегімен бет құру
- •Автобеттер көмегімен беттер құру
- •12 Модуль объектісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Пішіндерді баспаға шығару
MS Access-те жұмыс істегенде есептерді немесе кестелерді баспаға шығаруға тура келеді. Алайда, біз пішіндерді де баспаға шығара аламыз. Мұнда жеке жазбаларды, бөлек беттерді немесе пішін түріндегі кестелерден барлық жазбаларды баспадан шығаруға болады. Пішінді баспадан шығармас бұрын, алдын-ала көру терезесін пайдаланып, экранда оның сыртқы түрін көріп алу керек. Сұхбаттасу терезесін ашу үшін Файл/Алдын-ала көру командасын орындаймыз немесе Алдын-ала көру батырмасын басамыз.
Егер беттің қандай да бір бөлігін егжей-тегжейлі көргіміз келсе, маус меңзерін сол жерге апарып, оның батырмасын басамыз. Беттің кішірейтілген түріне қайта келу үшін маустың батырмасын қайта басамыз. Алдын-ала көру режимінен шығу үшін саймандар қатарындағы Жабу батырмасын немесе Esc пернесін басамыз. Нәтижесінде біз конструктор немесе кесте режиміне қайта ораламыз. Беттер бойынша жылжыту үшін терезенің төменгі жағында орналасқан батырмаларды қолданамыз.
Баспадан шығаруға кіріселік
Ж
азбаларды
баспадан шығарудың ең қарапайым түрі
MS Access саймандар қатарындағы
Баспа
батырмасы арқылы орындалады. Бұл кезде
баспадан ағымдағы барлық беттер шығады.
Біз өзіміздің қалауымызбен баспа
параметрлерін өзгертуімізге болады.
Осы мақсатқа Файл/Баспа
командаларын
таңдау нәтижесінде ашылатын, “Баспа”
(cурет 25) сұхбаттасу терезесі арналған.
Бұл команда көру және пішіндер
конструкторы, алдын-ала көру режимдерінде
қолайлы. Қасиеттер батырмасы баспаның
қасиеттері терезесін ашуға арналған.
Баптау батырмасы бет параметрлерін
орнықтыруға арналған сұхбаттасу
терезесін ашады.
25 - cурет MS Access-тің баспа терезесі
Баспа сұхбаттасу терезесінде көшірме санын, қажет болса баспаға шығатын беттер аралығын көрсетіп, ОК батырмасын басамыз.
Егер бір ғана жазбаны баспаға шығарсақ, онда былай жасаймыз:
Көру режимінде баспаға шығатын жазбаға көшеміз.
Түзету/Жазбаны ерекшелейміз командасын орындаймыз.
Файл/Баспа командасын орындаймыз.
Баспа сұхбаттасу терезесінде “Басу” бөлімінен Ерекшеленген жазбалар
командасын таңдаймыз.
ОК батырмасын басамыз. Қажетті жазба баспадан шығады.
Пішіндер конструкторының терезесі
Жаңа пішінді құруға пішіндер конструкторы терезесін ашу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:
Мәліметтер қоры терезесінде “Пішіндер” категориясын жандандырамыз.
Құру батырмасын басамыз.
Ашылған “Жаңа пішін” сұхбаттасу терезесінде пішінді құру тәсілдері
тізімінде Конструкторды таңдап, ОК батырмасын басамыз. Экранда пішіндер конструкторы терезесі (26 - сурет) ашылады.
Экранның жоғарғы жағында саймандар қатарындағы қейбір батырмалар
таныс, ал саймандар қатарының ортаңғы тұсындағылар біз үшін жаңа.
Келесі қатардағы саймандар қатары мәтінді өңдеуге арналған. Бұл “Пішім”
қатарының көмегімен стильді, шрифті өзгертуге, т.б. арналған.
Конструктор терезесінің жоғарғы жағында көлденең сызғыш, ал терезенің
сол жағында тік сызғыш орналасқан.
Экранның оң жағында жылжытылатын элементтер қатары бар. Бұл
элементтер қатарын оның тақырыбына маус батырмасын апарып, басулы күйінде ұстап, жылжытамыз.
Конструктор терезесі көлденең және тік сызғыштардан тұрады. Олар пішін
торын құрады. Бұл тор кестедегі мәліметтерді енгізу үшін емес, пішіннің объектілерін теңестіруге арналған.
26 - cурет Пішіндер конструкторының терезесі
