Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Пішін құрудың альтернативті тәсілдері

MS Access-те пішін құрудың қарапайым тәсілінен басқа альтернативті бірнеше тәсілдер де қолданылады.

  • Пішіндер конструкторы. Мұнда мәліметтерді алдын-ала көруге, енгізуге

және түзетуге арналған қасиеттерімен берілген жеке өзіміздің экрандық пішіндерді дайындауға болсады.

  • Пішіндер шебері. Таңдалынған өрістер негізінде пішіндерді жеткілікті

жылдам құруға мүмкіндік береді.

  • Автопішін: бағанға. Бір немесе бірнеше бағандарға орналасқан пішіндерді

өрістермен бірге құрады.

  • Автопішін: таспалы. Таспалы пішінді автоматты түрде құрады.

  • Автопішін: кестелік. Кестелік пішінді автоматты түрде құрады.

  • Диаграмма. Пішінді диаграммамен құрады.

  • Мәліметті кесте. MS Excel мәліметті кестемен пішінді құрады.

MS Access-те пішіндерді бұл тәсілдермен құру үшін бастапқы кезде мына әрекеттер орындалады:

  1. Мәліметтер қоры терезесін ашамыз;

  2. Мәліметтер қоры терезесінде “Пішіндер” категориясын жандандырамыз;

  3. Құру батырмасын басамыз;

  4. Жаңа пішін” сұхбаттасу терезесінде пішінді құру тәсілдері тізімінен

керекті нұсқаны таңдаймыз;

  1. Пішінді құрудың автопішін: бағанға, автопішін: таспалы, автопішін:

кестелік және диаграмма нұсқалары үшін пішін құратын кестені көрсетеміз. Ол үшін пішінді құруға арналған нұсқалар тізімінен төмен орналасқан енгізу өрісінде батырманы басамыз және тізімнен қажетті кестені таңдаймыз;

  1. ОК батырмасын басамыз.

Жаңа пішін” сұхбаттасу терезесін ашу, сол сияқты, Қою/Пішін командасын орындау арқылы немесе саймандар қатарында ашылатын Пішін пункті тізімінен Жаңа объект батырмасын басу арқылы орындалады. Пішіндерді тұрғызу бойынша шеберді іске қосу немесе конструктор режимінде пішінді құру үшін “Жаңа пішін” сұхбаттасу терезесін ашу міндетті емес. Жандандырылған “Пішіндер” категориясында мәліметтер қорының терезесінде пішіндерді тұрғызудың керекті нұсқасын таңдасақ болғаны. Таспалы немесе кестелік автопішіндерді құру, жоғарыда қарастырылған баған бойынша орналасқан өрісті автопішіндерді құрумен толық аналогиялы.

Пішіндерді құруға шебердің қолданылуы

Қарапайым автопішіндермен салыстырғанда, шебердің көмегімен құрылған безендіру стилі бойынша әртүрлі пішіндер құрылған кесте өрісінен тұрады.

Жаңа пішін” сұхбаттасу терезесінде пішіндер шеберін іске қосу үшін пішіндерді құратын нұсқалар тізімінен Пішіндер шеберін таңдап, ОК батырмасын басамыз.

Пішіндер шеберін іске қосқан соң, шебер экранында ағымдағы сұрақтарға жауап беріп, келесі экранға көшу үшін Әрі қарай батырмасын басу керек. Егер қате жіберсек немесе алдыңғы экранның жауабын өзгерткіміз келсе, онда Кейін қарай батырмасын басып, алдыңғы экранға қайта келуге болады. Объектіні құруды жалғастырмау үшін Болдырмау батырмасын басу қажет. Сонымен экрандық пішінді құру үшін пішіндер шеберін іске қостық. Экранға алдағы пішіннің өрісін анықтайтын сұхбаттасу терезесі ашылады. Кестелер және сұраулар тізімін ашуға арналған батырманы басамыз және мәліметтер қорының кестелер тізімінен пішінді құратын кестені таңдаймыз. Осы кезде Мүмкіндікті өрістер тізімінде таңдалынған кестенің барлық өрістері тізімі пайда болады. Бізге берілген тізімнен Таңдалынған өріс тізімінде құрылғалы жатқан пішінге орналастырғымыз келген өрісті апару қажет.

Мүмкіндікті өрістер тізімінде өрісті таңдау үшін оларды белгілейміз, сосын оңға бағытталған жалғыз бағыттауышпен (<) маус батырмасын басып, таңдалған өрістер тізіміне әкелеміз. Егер барлық өрістерді таңдағымыз келсе, онда қос бағыттауышпен батырманы басамыз. Бұдан солға бағытталған бағыттауыштармен батырмаларды қолданып, тізімнен таңдалынған өрістерді шығарып тастай аламыз. Пішіндер шебері тек бір кестенің ғана емес, сонымен қатар бірнеше байланысқан кестелердің өрістерін қолданып, пішіндерді құрады. Бұл жағдайда бірінші кестеден өрісті таңдаған соң, мәліметтер қорының кестелер тізімінен екінші кестені таңдап, Таңдалынған өрістер тізіміне қажетті өрістерді апарамыз. Өрістер тізімінен пішіндерді қалыптастыруды аяқтаған соң, келесі терезеге көшу үшін Әрі қарай батырмасын басамыз. Жалғыз кесте үшін пішінді құрғанда шебердің келесі сұхбаттасу терезесі пішіннің сыртқы түрін көрсетеді. Қажетті опцияны таңдаймыз және Әрі қарай батырмасын басамыз.

Шебер өзіміздің пішін стилін таңдауға мүмкіндік береді. Стильдер нұсқаларынан тұратын тізімнен өзіміздің талаптарға сай келетінін таңдаймыз. Сол жақтан таңдаған стилімізді көреміз, стильді орнықтырған соң, Әрі қарай батырмасын басамыз. Экранда соңғы сұхбаттасу терезесі шығады. Онда құрылатын пішіннің атын енгіземіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]