- •Мазмұны
- •1 Мәліметтер қоры
- •Реляциялық мәліметтер қоры
- •1 Cурет - ms Access – ті іске қосу 2 - cурет Файлды құру терезесі ms Access компоненттері
- •Ms Access басты терезесімен танысу
- •Ms Access саймандар қатары
- •Саймандар қатары батырмаларының атқаратын қызметтері:
- •Ms Access параметрлерін баптау
- •3 Мәліметтер қорын құру
- •Бос мәліметтер қорын құру
- •4 Кестелерді құру
- •Кестелердің құрылымы
- •Конструктор терезесінде кестенің құрылуы
- •Мәтіндік өрістер
- •Сандық өрістер
- •Санауыш типінің өрісі
- •Дата/уақыт өрісі
- •Логикалық өрістер
- •Кез келген ұзындықтағы мәтіндік өрістер
- •Ole объекті өрісі
- •Гиперсілтеме өрісі
- •Ауыстыру шеберінің мәліметтер типі
- •Бастапқы кілт
- •Шебер көмегімен кестенің құрылуы
- •Кесте режимінде кестелердің құрылуы
- •5 Индекстер
- •Құрамды индекстердің құрылуы
- •Көпкестелі мәліметтер қорын жобалаудың ерекшеліктері
- •6 Кестелер арасында байланыс орнату
- •“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесі
- •Кестенің пішімін өзгерту
- •Мәліметтерді сұрыптау
- •Сүзгінің қолданылуы
- •Сүзгіден жазбаларды алып тастау
- •7 Сұрау көмегімен кестеден мәліметтерді таңдау
- •Шебер көмегімен сұрауларды құру
- •Сұрау конструкторының терезесі
- •Қарапайым сұраудың құрылуы
- •Сұрау бланкісінде өрістердің қосылуы
- •8 Пішінді құрудың қарапайым тәсілі
- •Жазбалар бойынша жылжыту батырмалары
- •Пішін құрудың альтернативті тәсілдері
- •Пішіндерді баспаға шығару
- •Баспадан шығаруға кіріселік
- •Пішіндер конструкторының терезесі
- •Пішіндер аймағы
- •Пішіндер конструкторында пішіндер құру
- •Мәтіндік информацияны орналастыру
- •Енгізу өрістерін орналастыру
- •Басқару батырмаларының құрылуы
- •9 Қарапайым есеп беруді құру
- •Есеп беруді құрудың қарапайым тәсілі
- •Есеп берудің басқа тәсілдері
- •Есеп берудің конструктор терезесі
- •Есеп беру аймақтары
- •Есеп берудің басталатын датасын қою
- •Пошталық жапсырмалардың құрылуы
- •10 Макрос объектісі
- •Макрос конструкторы
- •11 Бет объектісі
- •Шебер көмегімен бет құру
- •Автобеттер көмегімен беттер құру
- •12 Модуль объектісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Көпкестелі мәліметтер қорын жобалаудың ерекшеліктері
Іс жүзінде көпкестелі мәліметтер қорымен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан жасалатын қосымша мәліметтер құрылымын жобалау мен кестелер арасындағы мәліметтерді тиімді етіп бөліктеу мәселелері ерекше мәндерге ие.
6 Кестелер арасында байланыс орнату
Мәліметтер қоры көп кестелерден тұруы мүмкін; олардағы барлық мәліметтер толық пайдалана алатындай болуы үшін, кестелер арасында байланыс орнатылуы керек. Байланыс орнатылғаннан кейін қордағы кестелер бір кестедей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Байланыс сәйкес өрістер арқылы орнатылады. Көбінесе бір кестенің алғашқы кілтімен басқа кестенің оған сәйкес өрісі арасында орнатылады. Сәйкес өрістерде бірдей информация болады, бірақ олардың аттары бірдей болмауы мүмкін.
Қордың кестелері бір сызба бойынша байланысады (cурет 16). Егер ол сызбаны өзгерту керек болса, оны жойып, жаңа сызба құрастыру керек.
16 - cурет Кестелер арасындағы байланыстар
Кілттік өрістегі жазулар қайталанбайтын болуы тиіс; ондағы жазу тек бір жатық жолды ғана анықтайды. MS Access өзі кілттік өрісті құрастыра алады, мысалы Санауыш.
Кестелер арасындағы байланыстар мынадай типтерге жатуы мүмкін:
“Бірде-бір”(1-1) қатысы. Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
“Бірдің-көпке” (1-) қатысы. Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі көп жазбаға сәйкес екенін білдіреді. Мәліметтерді иерархиялық ұйымдастыру кезінде “Бірдің-көпке” қатысы ең ортағы болып табылады.
“Көптің-бірге” (-1) қатысы. Бұл қатыс “бірдің-көпке” қатысына ұқсас. Мұнда бір кестедегі көп жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
“Көптің-көпке” (-) қатысы. Аталмыш қатыс екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:
Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы
мүмкін;
Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы
мүмкін.
“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесі
Кестелер арасындағы байланыстың құрылуы “Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде жүзеге асырылады. Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Сервис/Мәліметтер сызбасы командасын орындап немесе саймандар
қатарында
Мәліметтер
қоры
батырмасын басып, “Мәліметтер
сызбасы”
сұхбаттасу терезесін ашамыз.
2.
Бұл сұхбаттасу терезеге байланысқан
екі терезені бірізділікпен қосамыз. Ол
үшін Байланыстар/Кестені
қосу
командасын орындаймыз немесе саймандар
қатарында Кестені
бейнелеу
батырмасын шертеміз. Экранда “Кестенің
қосылуы”
сұхбаттасу терезесі ашылады.
Кестелер тізімінде бірінші қосылған кестені ерекшелеп алып, Қосу
батырмасын шертеміз. Содан кейін екінші қосылатын кестені таңдап, Қосу батырмасын шертеміз. Бұдан соң “Кестенің қосылуы” сұхбаттасу терезесін жабу үшін Жабу батырмасын шертеміз. “Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде байланысатын екі кесте пайда болады.
Кестелерді байланыстыру үшін бірінші байланысатын кестедегі өрісті
таңдап, оны маустың көмегімен екінші кестенің сәйкес өрісіне апарамыз. Бірнеше өрістерді бірден байланыстыру үшін Ctrl пернесін басып тұрып, осы өрістерді таңдап, ерекшеленген өрістер тобын екінші кестеге жылжытамыз. Көп жағдайда бір кестенің түйінді өрісін (қарайтылған қаріптер өрістер тізімінде көрсетілген) екінші кестедегі сыртқы кілттің (көбінесе сондай аты бар) сәйкес өрісімен байланыстырады. Байланысқан өрістердің аттарын бірдей болуы міндетті емес, алайда олардың мәліметтерінің типі бірдей болып, мазмұны бір типтен тұруы тиіс. Сонымен қатар Сандық типінің өрісінің байланысатын өрістері Өрістің мөлшері қасиетінің мәнімен бірдей болуы керек.
Экранда “Байланыстардың өзгертілуі” сұхбаттасу терезесі ашылады. Бұл сұхбаттасу терезеде бағандарда тұрған, байланысатын өріс аттарының дұрыстығын тексереміз. Қажет кезінде өрістің басқа аттарын таңдап, Жасау батырмасын шертеміз. Жасалатын байланыстар типі байланыстарды анықтауда көрсетілген өрістерге тәуелді:
“Бірдің-көпке” қатысы - өрістердің біреуі ғана түйінді болса немесе оның
бірегей индексі бар болған жағдайда ғана жасалады;
“Бірдің-бірге” қатысы – байланысатын өрістердің бәрі түйінді болса немесе
оның берегей индексі бар болған жағдайда жасалады;
“Көптің-көпке” қатысымен байланыс екі байланысты “бірдің-көпке”
қатысымен үшінші кесте арқылы көрсетеді, оның кілті ең болмағанда, екі басқа кестелерде сыртқы кілттің өрістері болып табылатын екі өрістен тұрады;
“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде түйінді емес (немесе бірегей индексі жоқ) өрісті басқа түйінді емес (немесе бірегей индексі жоқ) өріске көшіргенде анықталмаған қатыс жасалады. Анықталмаған қатысы бар кестелерден тұратын сұрауларда MS Access келісім бойынша кестелер арасында бірігу сызығын жасайды, бірақ мәліметтер тұтастығының шарттары бұл кезде сүйемелденбейді және кез келген кестеде жазбалардың бірегейлігіне кепілдеме берілмейді. “Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде тек кестелер арасында байланыстарды жасап қоймай, келесі әрекеттерді де орындауға болады:
Кесте құрылымын өзгерту;
Бар байланысты өзгерту;
Байланысты жою;
“Мәліметтер сызбасы” сұхбаттасу терезесінде кестені жою;
Экранға барлық бар байланыстарды немесе байланыстарды тек нақты
кестелер үшін шығару;
Мәліметтер тұтастығының шарттарын бермей-ақ сұраулар үшін
байланыстарды анықтау.
