- •Салық бақылауының түсінігі мен элементтері
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтық бақылаудың ұйымдық - құқықтық негiзi
- •2.2 Республика бойынша 2011 - 2013 ж. Аралығындағы салықтық бақылауды талдау
- •2.3 Тараз қаласы бойынша Салық комитеті қызметінің материалдарындағы салықтық бақылаудың жағдайы
- •3.1 Германия мен Францияда салық тексерістерін жүргізудің ерекшеліктері
- •3.2 Салық органдарының бақылау қызметінiң әрекет етуi және жаңа нысандарын жетілдіру мен еңгізу
2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтық бақылаудың ұйымдық - құқықтық негiзi
Осы тарауда салықтық бақылаудың ұйымдық - құқықтық негіздері және салық органдарының бақылау қызметіне және тиімділігіне талдау. Салықтық қызмет органының лауазымды тұлғалары мен тексерістің аяқталуында салықтық тексеріс актілері және салық төлеушілердің мемлекеттік тізімі, салық төлеушілердің есептік ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 - 2013 ж. аралығындағы салықтық бақылаудың талдауы. Астана қаласы бойынша Салық комитетінің материалдарындағы салықтық бақылаудың жағдайы қарастырылған.
Қазақстан Республикасында салықтық бақылау түсiндiрiледi – салықтық заң шығарушылықтың атқарылуына салықтық қызмет органдарынан бақылау, жинақталған зейнетақы қорына толық және өз уақытында мiндеттi зейнетақы жарнамасын аудару.
Келесi 11 нысанда салықтық бақылау орындалады:
1. бюджетке есептiң түсуi;
2. салық төлеушiлердiң есепке түсуi;
3. салық салумен байланысты объектiлер және есептiк салық салу объектiсi;
4. қосылған құнға салық төлеушiлер есебi;
5. салықтық тексеру;
6. камералды бақылау;
7. салық төлеушiлердiң шаруашылық-қаржы қызметiнiң мониторингi;
8. қазыналық зерде мен кассалық-бақылау машиналарын қабылдау ережелерi;
9. басқа акцизделген тауарлар түрiнiң таңбалары және акциздiк посттардың құрылуы;
10. мемлекеттiң меншiгiне айналған мүлiктi өткiзу және бағалау, есептiк ережелердi сақтауды тексерулер;
11. уәкiлеттi органдар үстiнен бақылау.
2.2 Республика бойынша 2011 - 2013 ж. Аралығындағы салықтық бақылауды талдау
Салықтық бақылау заңдылықтың орындалуын қамтамасыз ететін арнайы әдіс болып табылады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізгі көзі болып табылатындықтан, мемлекет нормативтік – құқықтық актілерде көрсетілген жағдайларды тиісті органдардың орындауына мүдделі. Салықтық бақылау бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдердің жиналуын қамтамасыз етуші құралы деп те айтуға болады.
Мемлекеттік кірістер түсімі жоспарының орындалуының толығуы салық салынатын база мен шаруашылық жүргізуші субъектің қаржылық жағдайына тікелей тәуелді. Тараз қаласы бойынша салық комитетіне 2011 жылғы сәуірдегі Үкіметтің жеделхатына сәйкес Тараз қаласы бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында есепке қою үшін компаниялар берілді (сурет - 4).
Территориялық салық органдары берген ақпаратты және Салық төлеушілер мен жұмыс департаментінің мәліметтерін сараптасақ, республика бойынша келесі жағдайдың қалыптасқанын байқауға болады. [13,13б.]
2011 жылы салықтық тексерілулер 15216 заңды тұлғаларды, 23062 жеке тұлғаларды қамтыса, 2012 жылы 21677 заңды тұлғалар тексерілген, 23541 жеке тұлғалар тексерілген, ал 2013 жылы заңды тұлғалар бойынша тексерулер 15799, жеке тұлғалар бойынша 35580 болған. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда тексеріспен қамтылған заңды тұлғалар саны 5878 – ге аз, ал жеке тұлғалар саны 12039– ге артық болған.
2.3 Тараз қаласы бойынша Салық комитеті қызметінің материалдарындағы салықтық бақылаудың жағдайы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінің 2009 жылғы 29 қазандағы №1308 бұйрығымен белгіленген критерийлер бойынша кәсіпорындардың тәуекелге бару көрсеткіштері талданды. Сонымен қатар, салық тексерістерін өткізуге салық төлеушілерді іріктеу кезінде бағалаудың нольдік нәтиже немесе декларацияның мәліметтеріне қарағанда залал шегу, салық жүктемесі пайызының төмен болуы, жиынтық жылдық табысы 100 млн. теңгеден асатын шаруашылық субъектілері қызметінің нәтижесіне аффилиирленген тұлғалардың ықпал етуі секілді қосымша критерийлеріне де назар аударылды. Тексерістер жоспарын құрастыру барысында басымды мақсаттар ретінде мемлекеттік кәсіпорындардың енгізілуі белгіленді. Кешенді тексерістер жоспарларына тарату жөнінде өтініш жазған кәсіпорындар енгізілді. Сондай-ақ, Тараз қаласы бойынша Қаржы полициясы департаментімен, Тараз қаласы бойынша Бас кеден басқармасымен, Тараз қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп бюджеттік ұйымдарды, пәтерлер иеленушілер кооперативтерін, қоғамдық ұйымдарды және өзге де шаруашылық ететін субъектілерді тексеру шаралары да көзделді. [20]
2013 жылдың 12 айы бойынша 633715,0 мың теңге салықтар қосымша есептелінді, ол өткен жылдың осындай кееңімен салыстырғанда 235776,0 мың теңгеге артық. Ағымдағы жылы заңды тұлғалардан 105888,9 мың теңге немесе үстінен есептелген сомалардың 16,7 % көлемінде салық жиналды. Бұл ретте 2013 жылы тәркілеп алу пайызы үстінен есептелген сомалардың 54% құрады.
Дәрменсіз кәсіпорындарда өткізілген тексерістердің нәтижесінде азайтылған залал сомалары есеп беріліп отырған кезеңде 1061334,4 мың теңгені құрады. Ол болса өткен жылға қарағанда 4,4 есе артық.
Өткен жылдар бойынша берешек тексеріс актілері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 219980,9 мың теңге құрады, ағымдағы салық жылының нәтижелері бойынша 192282,6 мың теңге өндіріліп алынды. [16, №9.]
Корпоративтік табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша жүргізілген тексерістер 135 кәсіпорында өткізілді, ол өткен жылға қарағанда 56 кәсіпорынға аз. Тексеріс жүргізу үлгерілген 73 кәсіпорында заң бұзу фактілері айқындалды. Бақылау – экономикалық жұмыстың нәтижесінде Салық комитетінің мамандары бюджетке қосымша 458803,0 мың теңге салық пен айыппұл есептеді, залалдардың сомасы 1061334,4 мың теңгеге азайтылды. Салықтар мен айыппұлдар 5508,1 мың теңге көлемінде жиналды. Өндіріліп алынған салықтар сомасы 12% құрады. 2002 жылдың 12 айымен салыстырғанда, 7,9 есе артық (400584 мың теңгеге артық) салық үстінен есептелінді.
