Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Болатова Ж.А. - дипломдық жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.88 Mб
Скачать

4.1 Сурет – Бөлме сұлбасы

Қондырғымен тікелей бір оператор (ауысыммен) жұмыс істейді. Кезекші оператор сепаратордың белгіленген жұмыс режимін қамтамасыз етеді және барлық жабдықтың жұмысын қадағалайды. Жабдық жұмысының көрсеткіштерін алып, мәліметтері ауысымдық журналға жазады. Бақылау-өлшеу аспаптарына сия құяды, аспаптардың картограммасын ауыстырады. Жұмыс орын таза күйде ұстайды.

Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру құрал – жабдықтарды толық пайдаланып, жұмысшының дене және эмоционалдық күшін үнемдеп жұмсағанда ұзақ уақыт бойы жоғары сапалы жұмыс істеуге, еңбектің мазмұндылығы мен жұмысшының денсаулығын сақтауға қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Оператор үшін жайлы еңбек орны жасалған.

Жұмыс орнын ұйымдастырудағы маңызды жағдай жұмысшы алатын ауданды анықтау. Бұл бөлмеде бір жұмыс орнына 14 м2 жұмыс ауданы сәйкес келеді, ал көлемі 42 м3 құрайды. Оптималды еңбек шарттарын қамтамасыз ету үшін бір жұмысшы үшін бөлме ауданы 6м2, ал көлемі 19.5м3 кем болмауы қажет, яғни бір жұмысшыға арналған бөлме өлшемдері ережесі сақталған.

Оператордың негізгі жұмыс орны дербес компьютер орнатылған жұмыс үстелі. Жұмыс орнын ұйымдастырудағы маңызды фактор жұмысшының позасы, яғни денесінің, басы, аяқтары мен қолдарының орналасуы.

Нысандағы жұмыс категориясы 1б (жеңіл физикалық жұмыс) категориясына кіреді, яғни тұрып, отырып және жүру барысында орындалады және жұмысалатын энергия 140 – 174 Дж∙с [29] аспайды.

Оператор дербес компьютер орналасқан бөлмеде орналасқандықтан шамның минималды жарықтандыруы 200лк [27] тең болуы тиіс. ҚР СНиП 2.04-05-2002 сәйкес оператор жұмысы орта дәлдікті жұмысқа жатады.

Дипломдық жұмыстың өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде сепаратор жұмысын қадағалайтын оператордың жұмыс бөлмесінің микроклиматы қарастырылады және табиғи, жасанды жарықтандыру есептеледі.

4.2 Жұмыс орнының жарықтандыру жүйесін таңдау, бөлменің жасанды және табиғи жарықтандыруын есептеу.

4.2.1 Табиғи жарықтандыруды есептеу

Жаңа ғимаратты жобалау, ескі ғимаратты қайта өңдеу кезінде, бөлменің табиғи жарықтандыруын жобалау кезінде жарық өтетін ойықтар ауданын анықтау қажет, олар ҚР СНиП 2.04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жобалау нормалары» [27] талаптарына сәйкес нормаланған табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) мәнімен қамтамасыз етеді.

Көлденең жарықтандыру кезіндегі жарық өтетін ойықтар ауданын келесі формуламен есептеледі

, (4.1)

мұнда Sо – көлденең жарықтандыру кезіндегі жарық өтетін ойықтар ауданы, м2;

Sn – бөлме еденінің ауданы, м2;

eN – ТЖК нормаланған мәні;

Kз – қор коэффициенті ;

η0 – терезенің жарықтық сипаттамасы.

Еденнің ауданын есептеу

Sn=L·B=8м·7м=56 м2, (4.2)

мұнда L,B – сәйкесінше бөлме ұзындығы және ені.

Әр түрлі аудандарда орналасқан ғимараттар үшін ТЖК нормаланған мәнін еN есептеу

eN=eн.m=1,5·0,75=1,125, (4.3)

мұнда eNн = 1,5 – көлденең табиғи жарықтандыру кезіндегі ТЖК мәні, 3.12 кесте [26] бойынша;

m = 0,75 – сыртқы қабырғалардағы жарық климаты коэффициенті, 3.1 кесте [26] бойынша.

Жарықөткізгіш материал тік орналасқан жағдайда қоғамдық ғимараттар және тұрған үйлер үшін қор коэфициенті Кз = 1,2 тең, 3.11 кесте [26] бойынша.

Біржақты жарықтандыру кезіндегі бөлме тереңдігі

l=B-1 =6м, (4.4)

,

,

мұнда о = 20,36 - терезелердің жарықтық сипаттамасы 3.2 кестесі [26] бойынша;

hрп = (0,8÷1) м.

Жалпы жарықөткізгіштік коэффициенті о келесі формуламен анықталады

о=12345, (4.5)

мұнда 1 – материалдың жарықөткізгіштік коэффициенті, 3.3 кестесі [26] бойынша екі қабатты терезе әйнегі үшін 1=0,8;

2 – терезе жақтауларында жарық жоғалуын ескеретін коэффициент, 3.4 кесте [26] бойынша қос қабатты жақтаулары ағаштан жасалған терезелер үшін 2 =0,6;

3 – салмақ түсетін конструкцияда жарық жоғалуын ескеретін коэффициент, 3.5 кесте [26] бойынша темірбетонды және ағаш қалыпты конструкция үшін 3=0,8;

4 – күннен қорғау құрылыстарында жарық жоғалуын ескеретін коэффициент, 3.6 кесте [26] бойынша жалюзи және перде үшін 4=1;

τ5 – шамдар астына орнатылатын қорғаныс торында жарық жоғалуын ескеретін коэффициент, мәні 0,9 тең.

о=12345=0,35.

Көлденең жарықтандыру кезіндегі (ғимарат бетінен және онымен шектесіп төселген қабаттан шағылған жарық есебінен) ТЖК артуын ескеретін коэффициент, r1 = 5,6 - 3.9 кесте [26] бойынша таңдалады.

,

,

,

(4.6)

Кзд - қарсы тұрған ғимараттар әсерінен терезенің қараңғылауын ескеретін коэффициент. Терезеге қарсы тұрған ғимараттар болмағандықтан Кзд=1.

Барлық мәндерді есептік формулаға қойылып шешімін табу

. (4.7)

Бір терезенің ауданы оның биіктігіне бөлініп келесі мәнді алынды

(4.8)

Бөлмені қажетті жарықтандырумен қамтамасыз ету үшін көлденең жарық түсу ауданы есептелді. Бөлмеде ауданы Sок=4 м2 терезелер бар болғандықтан, көлденең жарық түсу ауданы 8 м2 болды, яғни қосымша жарық көздері қажет, жасанды жарықтандыруды есептеу қажет.

4.2.2 Жасанды жарықтандыруды есептеу

Жалпы біркелкі жарықтандыру қарастырылған ғимараттарда жасанды жарықтандыруды жарық ағынының пайдалану коэфициенті әдісімен есептеледі. Бұл әдіс бойынша горизонтальды беттегі есептік жарықтандыруды шамдардан тікелей бетке түсетін жарық ағаны және қабырғадан, төбеден, беттен шағылған жарықты ескере анықталады.

Бөлмедегі жасанды жарықтандыру қуаты 40 Вт, жарық ағыны 3000 лм люминесцентті лампаларды пайдалану арқылы жүзеге асады, олар жалпы жарықтандыру шамдарында орналасады (шам типі – ПВЛМ 240). IV дәрежелі көз жұмысына жарамды болып келтін 200 лк жарықтылық жасауға қажетті шамдар санын пайдалану коэффициенті әдісімен есептелді.

Шамдар саны келесі формуламен анықталады

, (4.9)

мұнда Z – минималды жарықтылық коэффициенті (минималды және орта жарықтылық қатынасы). Есептеулерде Z коэффициенті 1,1÷1,2 аралығында қабылданады;

n = 2 – шамдағы лампалар саны;

η – пайдалану коэффициенті, шағылу коэффициентіне және ғимарат индексіне тәуелді;

К3=1.2 –3.11 кестеге [26] сәйкес.

Шамдардың іліну биіктігі

, (4.10)

мұнда hтб=0,1 – лампаның түсу биіктігі, м;

hжб=0,8 – жұмыс бетінің еденнен ара қашықтығы, м;

Н=3 – бөлме биіктігі, м.

Барлық мәндерді қойып шамның іліну биіктігі есептелді

hес=3-0,1-0,8 = 2,1 м.

Пайдалану коэффициентінің η бөлме ауданы, биіктігі және пішінінен тәуелділігін ғимарат индексі комплексті сипаттамасымен ескеруге болады.

Ғимарат индексі (i) келесі формуламен есептеледі

, (4.11)

мұнда S, L, B – сәйкесінше бөлменің ауданы, ұзындығы және ені.

Табылған ғимарат индексі бойынша η=0,67 (5-11 кесте [29] бойынша) анықталды.

Қуаты 40 Вт және жарық ағыны 3000 лм люминесцентті лампалар пайдаланылады

шам.

IV дәрежелі көру жұмысына жарамды 200 лк жарықтылық жасауға 4 шам қажет, әр шамда типі ЛБР-40Вт және ағыны Ф = 3000 лм екі лампадан орналасқан. Бөлмедегі шамдардың орналасу сұлбасы 4.2 суретте келтірілген.

Типі ПВЛМ 2х40 4 шамның нормаланған мәнге сәйкестігін нүктелік әдіспен тексеру қажет. Шамдардың бөлмеде орналасу сұлбасы 4.2 суретте көрсетілген.