Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Болатова Ж.А. - дипломдық жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.88 Mб
Скачать

2.17 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің оптималды мәніндегі

ашық жүйенің КЖС

Ашық жүйенің КЖС графигінен келесі орнықтылық қоры анықталды:

- фаза бойынша орнықтылық қоры ;

- модуль бойынша орнықтылық қоры .

Алдын ала қойылған σ=25÷30% үшін Солодовников номограммасы бойынша фаза бойынша орнықтылық қоры [30]. Яғни орнықтылық қоры қайта реттеу талабына сай және АРЖ қажетті орнықтылық қорына ие.

    1. Тұйықталған жүйенің өтпелі сипаттамасы

Тұйықталған жүйенің моделі VisSim программалық ортасында жасалды. 2.18 суретте тұйықталған жүйенің VisSim программасындағы моделі көрсетілген.

2.18 Сурет – VisSim программасындағы тұйықталған жүйенің моделі

ПИД-реттеуішке салыстыру құрылғысынан келген қателіктің үздіксіз сигналы беріледі. Идеалды дифференциалдаушы буынды жүзеге асыру мүмкін емес, себебі шығыс сигналы кірістегі сигналдан бұрын шығатын элемент жасау мүмкін емес. Сондықтан Д – құраушысы модельде нақты дифференциалдаушы буын арқылы орындалды.

2.13 суретте өтпелі тұйықталған жүйенің өтпелі сипаттамасы көрсетілген.

2.13 Сурет – Тұйықталған жүйенің өтпелі сипаттамасы

    1. Газды сепарациялау процесі кезіндегі қысымды реттеу сапасының көрсеткіштері

Алынған өтпелі сипаттаманың келесідей тікелей сапа көрсеткiштерiн анықтаймыз:

  1. Өтпелі процесс уақыты tp=2,15 с.

tшекті= (3 4)Тн = 6,3 8,4с,

tp tшекті

2) Қайта реттеу

,

σ .

3) Тербелiстердiң сан 1.

4) Бірінші максимумға жету уақыты tmax=0,22 с.

5) Өтпелі процесстің өсу уақыты tн=0,09 с.

Бастапқы (өндірістегі) АРЖ құрамындағы өндірістік реттеуішті (П-реттеуіш) ПИД-реттеуішпен алмастырғанда реттеу уақыты 3,5 есе азайды. Алынған басқару сапасының көрсеткіштері, яғни өтпелі процес уақыты және қайта реттеу, шекті мәннен кем болғандықтан, ПИД-реттеуіштің параметрлері дұрыс таңдалған.

    1. Автоматты реттеу жүйесінің техникалық құрылғылар кешенін таңдау

2.12.1 Реттеуішті таңдау және түсініктеме беру

ЕБЛК мәліметті жинау, түрлендіру, өңдеу, сақтауға және басқару командаларын өндіруге арналған құрылғы. Олар микропроцессорлы техника негізінде жасалған және белгілеген бағдарламаға сәйкес локальді және таратылған басқару жүйелерінде жұмыс істейді.

Бағдарламаланатын логикалық контроллерді таңдау барысында келесң факторлар ескеріледі:

- қолдану сипаты (автономды, таратылған жүйелерде станция ретінде, алшақтатылған станция ретінде);

- функционалды бағытталуы (ПИД-реттеу, мәліметтерді өлшеу және санау, жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйелерін басқару, термореттеу, т.б. );

- кіріс / шығыстар саны (цифрлі және аналогты);

- мәліметтерді тасымалдаудың жылдамдығы;

- автономды уақыт санауышыныі болуы;

- мәліметтерді тіркеу және сақтау шарты;

- өзін диагностикалау мүмкіндігі;

- оператор панеліне талаптары;

- бағдарламалау тілі;

- интерфейс;

- байланыс каналы (сыммен,сымсыз);

- эксплуатация талаптары және режимі.

2.12.1.1 Siemens SIMATIC S7-300 контроллерлары

SIMATIC S7-300 – күрделілігі төменгі және орта деңгейлі автоматты басқару есептерін шешуге арналған әмбебап модульдік программаланатын контроллер (2.14 сурет).