Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Болатова Ж.А. - дипломдық жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.88 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................

7

1 Негізгі бөлім . Газды сепарациялау технологиясына қысқаша шолу........

9

1.1 Газды кешенді дайындау қондырғысын сипаттау..................................

9

1.2 Төмен температуралы сепарациялау қондырғысын сипаттау...............

11

1.3 Газ өнеркәсібіндегі табиғи газды сепарациялау процесі.......................

12

1.4 Газды сепаратордың негізгі конструкциясы...........................................

13

1.5 Дипломдық жоба есептерінің қойылымы................................................

20

2 Арнайы бөлім. Газды сепаратордағы газ қысымын автоматты

реттеу жүйесін құру........................................................................................

21

2.1 Газды төмен температуралы сепарациялаудың

технологиялық жүйесі.............................................................................

21

2.2 Газды сепарациялау процесінің тиімділігіне әсер ететін

факторлар .................................................................................................

23

2.3 Газды сепарациялау процесі автоматты реттеудің нысаны

ретінде.......................................................................................................

25

2.4 Газды сепаратордың беріліс функциясы.................................................

26

2.5 Өндірістегі газды сепаратордағы қысымды автоматты реттеу

жүйесінің контурын зерттеу....................................................................

27

2.6 ПИД-реттеуішті таңдау түсініктемесі......................................................

32

2.7 Автоматты реттеу жүйесінің құрылымдық сұлбасы..............................

33

2.8 Реттеуіштің оптималды параметрлерін анықтау....................................

34

2.9 Тұйықталған жүйені орнықтылыққа зерттеу..........................................

40

2.10 Тұйықталған жүйенің өтпелі сипаттамасы............................................

43

2.11 Газды сепарациялау процесі кезіндегі қысымды реттеу

сапасының көрсеткіштері........................................................................

44

2.12 Автоматты реттеу жүйесінің техникалық құрылғылар кешені...........

44

3 Экономикалық бөлім......................................................................................

54

3.1 Автоматтандыру жүйесіндегі шығындарды анықтау............................

54

3.2 Автоматтандыру жүйесінің бірінші нұсқасының құнын есептеу.........

54

3.3 Автоматтандыру жүйесінің екінші нұсқасының құнын есептеу...........

59

4 Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі....................................................................

61

4.1 Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері...................................................

61

4.2 Жұмыс орнының жарықтандыру жүйесін таңдау,бөлменің

жасанды және табиғи жарықтандыруын есептеу.................................

62

4.3 Жұмыс орнындағы микроклимат.............................................................

68

Қорытынды.........................................................................................................

71

Қысқартулар тізімі.............................................................................................

72

Қолданылған әдебиет........................................................................................

73

Кіріспе

Қазіргі уақытта технологиялық процессті автоматты басқару жүйесін қолдануды қажет етпейтін өндіріс саласы жоқ. ТПАБЖ-ның негізгі артықшылықтары басқару процесінде адам факторын төмендету немесе мүлдем алшақтату, жұмыс персоналын қысқарту, шикізат шығынын азайту, бастапқы өнімнің сапасын арттыру және өндіріс тиімділігін ұлғайту болып табылады. Автоматты басқару жүйенің орындайтын негізгі функцияларын бақылау және басқару, мәліметтердің алмасуы, ақпаратты өңдеу, жинау және сақтау, дабыл сигналдарын қалыптастыру, графиктерді және есептемені жасау құрайды.

Заманауи әлемдік энергетикада табиғи газ үлкен рөлге ие. Қазіргі таңдағы даму үрдісінде газ айрықша кұнды әрі үнемді отын ретінде қарастырылады. Табиғи газды өндірудің дамуы, оны өндірілген аймақтан қолданыс аймағына тасымалдауға арналған магистральды газ құбырлар жүйесінің дамуымен байланысты.

Кен орнынан өндірілген газ әртүрлі заттармен және басқа да қоспалармен қаныққан. Сондықтан газды осы қоспалардан бөлу және тасымалдауға дайындау газды өнеркәсіпте, пайдаланушыларды табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету жүйесінде маңызды орынға ие. Қазіргі уақытта газды өндіретін және тасымалдайтын кәсіпорындардың негізгі мәселесі – газды тазалауды сапалы әрі минималды экономикалық шығынмен өткізу. Осы мәселені шешудегі негізгі бағыттардың бірі – газды сепарациялау процесін автоматтандыру, сепарацияның тиімділігін арттыру және газды сепараторлардың металлды сыйымдылығын төмендету.

Бұл жұмыста табиғи газды сепарациялау процесі және газды сепаратордағы газдың қысымын реттеу жұмысы қарастырылады.

Газды сепарациялау – ағындағы қатты, сұйық және газды фазалар құрамынан қатты және сұйық фазаны бөлу процесі. Сепарацияның жеткіліксіз деңгейі кәсіптік құбырлардың төмен гидравликалық тиімділігіне, газды сығуға арналған энергияның артық шығынына, пайдалану шығынының өсуіне, газды жинау және тасымалдау жүйелерінде гидратты кептелістердің пайда болуына, технологиялық жабдықтардың жұмысының тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Газды сепарациялау процесін автоматтандыру сепарациялаудың тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді, газды тазалау технологиясын жетілдіруін қамтамасыз етеді. Автоматтандыру жүйесін енгізу өндірістік ақауды және қалдықты қысқартуға, шикізат және энергия шығынын үнемдеуге, негізгі жұмыс күштері санын азайтуға және газдың мұқият тазалануына мүмкіндік береді.

Газды сепаратор – газды және газдыконденсатты кен орын өнімдерін мұқият тазалауға және тиек-реттеуші арматураны және газды айдап қотаратын қондырғыларды ылғалдан, көмірсутектер конденсатынан және механикалық қоспалардан қорғауға арналған аппарат.

Дипломдық жұмыстың мақсаты газды сепаратордағы газдың қысымын автоматты басқару және реттеу жүйесін құрастыру. Жұмыста газды сепаратордағы газдың қысымын бақылау контуры зерттеледі. ГС-да газ қысымын реттеу жүйесінің реттеу заңы және реттеуіштің параметрлері анықталып, автоматты реттеу жүйесі орнықтылыққа зерттеледі, газды сепарациялау процесі кезіндегі қысымды реттеу сапасының көрсеткіштері анықталады. Газды сепаратордағы газдың қысымын автоматты реттеу жүйесінің техникалық құрылғылар кешені таңдалынады.