Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед.бөлім.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718.56 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

КОЛЛЕДЖДІҢ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУЫ

1.1. Кәсіптік колледжде білім беру сапасының проблемалары

1.2. Кәсіптік колледжіндегі оқу-өндірістік, материалдық базасына анализ және оның студенттердің құзыреттілігін дамыту жолдарына әсері

2 БӨЛІМ БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУДА ТЕХНИК-МОДЕЛЬЕР –КОНСТРУКТОРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Құзыреттілік ұғымы,түрлері және міндеті

2.2. Колледж студенттерінің құзыреттілігін қалыптастыру іс-әрекетіне даярлауы бойынша теориялық- тәжірибиелік әдістемесі

2.3. Колледжде техник-модельер –конструктордың құзыреттілігін дамыту әдіс-тәсілдері,әдістемелік жүйесінің ерекшелігі.

2.4. «Костюмді жобалау. Киім құрастыру»» пәні бойынша оқу құжаттарын дайындау, сабақты өткізу әдістемесі және оны талдау

2.5. Студенттердің «Костюмді жобалау. Киім құрастыру»» пәні бойынша әйелдер белдік бұйымы белдемшені құрастыру кезінде құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі және арнайы тәжірибие сабағын ұйымдастыру

3 ТАРАУ КОНСТРУКТОРЛЫҚ – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

3.1. Сәннің болашақ бағыттары

3.2. Ұқсас моделдерді таңдау және талдау

3.3. Модель эскизі. Сыртқы түріне сипаттама

3.4. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБА

3.5. Бұйымға материалдарды таңдау және негіздеу

3.6.Конструкцияның базалық негізін жасау үшін алғы деректерді таңдау

3.7. Бұйымның базалық конструкциясының (БК) сызбасын жасау

3.8. Техникалық моделдеу

3.9. Жұмысты жобалау

3.10. Киімдердің негізгі және өндірістік лекал-эталондарын жасау,рәсімдеу және жасау қорытындары

Қорытынды

3.11. Бұйымдағы материалдар шығынын мөлшерлеу

3.12. Бұйымның эксперименттік жаймасын әзірлеу

3.13. Жабдықты таңдау

3.14. Өңдеу тәсілдерін таңдау және негіздеу

3.15. Бұйым әзірлеуінің технологиялық бірізділігі

4 БӨЛІМ. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ, ЕҢБЕК ҚОРҒАУ, ЭКОЛОГИЯ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР

4.1.Өндірістік ғимараттарға және жұмыс орындарына қойылатын санитарлық-техникалық талаптар

4.2. Ауаның тазалануы және вентиляциясы

4.3. Жұмыс орнының жарықтануына қойылатын талаптар

4.4. Эргономикалық және техникалық эстетика.

4.5. Өрт қауіпсіздігі

4.6. Өндірістің өртке қаупсіздігі және ғиммараттың өртке қаупсіздігінің классификациясы

4.7. Өртке қарсы шарттар

4.8. Өрттік сигнал беруші

4.9. Өрт күзетінің ұжымы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері қатарында білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту көрсетіледі.Ал бұл принциптердің іс жүзіне асуы білім беру мазмұнын жаңартумен тығыз байланысты. Білім беру мазмұнын жаңарту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін қамту керек. Мамандарды кәсіби даярлау жүйесінің де бұл процестен тыс қала алмайтыны түсінікті. Себебі, «жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдар­ламалары біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталады».

Осы айтылғандарды дәйекті түрде жүзеге асыру үшін адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту мақсаты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2050 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жасауға мұрындық болды.

Бұл Бағдарламада «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» ерекше көрсетілген.

Білім беру жүйесін жетілдіру – елдің одан әрі дамуы тәуелді болатын саяси және жалпы ұлттық міндет. Білім беру жүйесін жетілдіру мақсаты – заманауи білім сапасын қамтамасыз ету негізінде білім беру жүйесінің тұрақты дамуының механизмін құру болып табылады. Қазақстанда білім беру жүйесін тиімді жетілдіру білім берудің іргелілігін сақтаған және тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің көкейкесті және перспективалы сұраныстарына сәйкес болған жағдайда жүзеге асады. Бұл алдына қойылған кәсіби міндеттерді шеше алатын мамандар даярлағанда, сол мамандар даярлау жүйесін қайта құрғанда мүмкін болады.

Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, педагог мамандарға жоғары деңгейдегі моральдық және біліктіліктік талаптары қойылуы тиіс. Педагог мамандар заман ағымына қарай әртекті болатын және күрделене түсетін кәсіби міндеттерді шеше алатын болуы керек. Мұндай талаптар кәсіби оқыту бакалаврларына да қойылады. Ғылыми білімдердің көлемінің артуы, әлеуметтік ортаның талаптарының күшеюі жағдайында кез келген сала маманын, оның ішінде кәсіби оқыту педагогтарын даярлау процесі үшін құзыреттілік тұрғыдан келудің маңызы арта түседі. Ғылыми әдебиетті талдау құзыреттілік мәселесінің маманның кәсіби мәдениетінің және оның тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуымен және дамуымен, таным процесінің динамикасымен тығыз байланысты екендігін көрсетті.

Бүгінгі күнге дейін кәсіби құзыреттілік туралы ғылыми көзқарастар ішінде оның мәнін, құрылымын анықтау бойынша бірнеше бағыттар қалыптасты. Олардың ішінде негізгі екі бағытты: тұлғалық-профессиографиялық және тұлғалық-іс-әрекеттік бағыттарды ерекше бөліп көрсетуге болады. Бұл бағыттардың екеуі де кеңестік психологтар Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, А.А. Запорожец, А.Н. Леонтьев, В.А. Петровский, С.Л. Рубинштейн, Д.И. Фельдштейн, т.б. қалыптастырған іс-әрекеттің психологиялық теориясына негізделеді.

Білім беру жүйесін реформалау негізінде шығатын педагогқа қойылатын жаңа талаптар болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесі алдына инновациялық іс-әрекетке дайын, зерттеу іс-әрекетіне белсенді қатысуға даяр маман қалыптастыру міндетін қояды. Жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сатысында бейіндік оқытуға көшу жағдайында мамандарды жобалау іс-әрекетіне даярлау қажеттігі туындап отыр. Яғни, жаңа заман педагогы білім беру практикасында бұрыннан белгілі педагогикалық мәселелерді шешу тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, өзі де белсенді түрде оларды жобалай алуы керек.

Еліміздің өркениетті елу елдің қатарына қосылу бағытындағы мәселелердің бірі техниканың, ғылымның жаңа бір бағытта дамып, өз даму жолында белгілі бір жүйені құрауы. Өскелең жастарымыздың рухани, мәдени, эстетикалық талғамдарының жетілуіне ықпал жасау. Ол үшін қазіргі таңда ұрпақты шеберлікке, жоғары талғамды технология үрдісін дамыта білетін, осы жолда жетістіктерге жетіп, келер ұрпаққа өнеге боларлықтай етіп тәрбиелеу, үйрету қажет.

Киім өндірісіндегі техникалық қарқындылықтың маңызды факторы әр түрлі қасиеттеріне, өндіріс технологиясына, құрылымына, өңделуі мен қолданатын шикізат түрлеріне байланысты жаңа материалдарды пайдалану болып табылады.

Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі – әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу – қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.[1]

Өз бағытымда қазіргі заман талабына сай зерттеу жұмысының тақырыбын «Әйелдер костюмін (блузка және белдемше) жобалау және дайындауда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру» деп жоба бағытын алдым. Әйелдер костюмін (блузка және белдемше) үлгісінің ерекшелігі жайлы, көркем ретро стилін қолдануында. Киімді көркем безендірудің өзі жоғары талғамды стильділікті, ынтаны, келісімді нақышты қажет етеді. Осы тұрғыда блузка және белдемшені кез келген мейрамда, іс-шарада, жиында, күнделікті киіп жүруге арналған түрлерін жасап шығару қажет. Сондықтанда киімнің үлгісін әрі қарай дамытып, әсіресе әйел қауымын талғаммен киінуіне мол мүмкіндік жасаймыз.

Зерттеудің нысаны: ЖОО педагогикалық процесі.

Зерттеудің пәні: «болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру»

Зерттеудің мақсаты: әйелдер костюмін (блузка және белдемше) жобалау және дайындауда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының техникалық құзыреттілігін қалыптастыру даярлау әдістемесін теориялық негіздеу және практикалық құрастыру, яғни қазіргі заман талабына сай әйелдер костюмін (блузка және белдемше) дайындау және тігу барысында киімнің адам денесіне жарасымды қонымды болуын және тігін өндірісінің ерекшеліктерін ескеру болып табылады.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ маманды жобалау іс-әрекетіне даярлауғылыми тұрғыда негізделіп, практикалық түрде іске асырылса, онда маманның даярлығы білім беру жүйесі алдына қойылып отырған жаңа талаптарға жауап береді, өйткені бұл оның жоғары кәсіби біліктілігін, құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Зерттеудің міндеттері:

1)әйелдер костюмін (блузка және белдемше) жобалау және дайындауда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының техникалық құзыреттілігін қалыптастыру негізінде даярлаудың мәні мен ерекшеліктерінанықтау,блузка және белдемше үлгісін таңдау кезінде оның қызметі мен пайдалану жағдайын ескеруге;

2) Әйелдер костюмін (блузка және белдемше) жобалау және дайындауда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру негізінде даярлау үлгісін жасау, модаға сәйкес киім үлгісін таңдап, түр түсін анықтау және денесіне жарасымды, қонымды болуы;

3) әйелдер костюмін (блузка және белдемше) жобалау және дайындауда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының техннологиялық құзыреттілігін қалыптастыру критерийлері мен көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау, бұйым дайындаудың технологиялық бірізділігін құрастырып, бұйымның өзіндік құнын анықтау.

4) әйелдер костюмін (блузка және белдемше) жобалау және дайындауда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру негізінде даярлау әдістемесін құрастыру;

Зерттеудің жетекші идеясы: бүгінгі күн талабына сәйкес жобалауіс-әрекетіне даярлығының жоғары деңгейін игерген педагог тұлғасын қалыптастыру.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу жұмысында алдыға қойылған міндеттерді шешу және болжамды тексеру үшін әдістер кешені қолданылды. Теориялық деңгейде талдау, синтездеу, жіктеу, жүйелеу, үлгілеу, тәжірибені қорыту әдістері; эмпирикалық деңгейде сауалнама, әңгіме, сұхбат, бақылау, тестілеу, іс-әрекет өнімдерін зерттеу әдістері; зерттеу нәтижелерін қорыту барысында математикалық-статистикалық әдістер пайдаланылды

Зерттеудің негізгі базасы: Жоғары дәрежелі АДТ «Сымбат» колледжінің мамандығы — 0402013 «Киім дизайны» студенттеріне «Костюмді жобалау. Киім құрастыру» пәні бойынша өткізілді.

Диплом құрылымы: жоба кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. КОЛЛЕДЖДІҢ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУЫ

1.1.Кәсіптік колледжде білім беру сапасының проблемалары

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Заманау бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білікті мамандар ұсынуы маңызды. Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс...

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы», «Қазақстан - 2050» «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»!

Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педагогтан ақпаратты коммукативті құзыреттілігін арттыруын талап етеді, осы тұжырым бағдарламаны негізге ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзыреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабілетті, білімді,азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.

Кәсіптік даярлықкадрларды кәсіптік даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққадаярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі–3–4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған, жеделдетілген бағдарламаларбойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады. Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамандардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік икемділігіне, ептілігі мен шеберлігіне, бастамашылдығына  жоғары талаптар қойылып отыр. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып,  дағдарысқа қарсы күрес барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін,  нарықтық  сауаттылықты  енгізетін  “қуаттыфакторрөлі”  жүктелуде. 1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті,олардың тек кей біреулері ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысты тиісті мемлекттік органдар білікті жұмысшылармен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді. Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттар мен несиелер беру жолы мен мамандар даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөніндеқабылданатын шараларға қарамастан, білікті кадрларға жылдам өсіп отырған сұраныс толық көлемде қамтамасыз етілмеуде, ал түлектердің дағдыларының деңгейі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес емес.

Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің мазмұнын талдау базалық және кәсіптік құзіреттерді бағалауға талаптардың жоқтығын, теориялық даярлықтың және ескірген деректердің басым екендігін, икемділік пен сабақтастықтың жеткіліксіз деңгейін, фактілердің ахуалдық талдауға зиян келетіндей басым екенін көрсетеді. Білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін жұмыс берушілердің талаптарына да, білім мен машықтың кең базасымен нығайтылған,талапетілген дағдыларды алуға ынтабілдіретін білім алушылардыңталаптарына да жауап бермейді.

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын қатаң регламенттеу оқу орындары мен оқытушылардың еңбек нарығындағы өзгерістерге жедел ден қою мүмкіндіктерін шектейді.

Оқу бағдарламаларының теорияланған, дерексізденген мазмұны, ескірген оқыту технологиялары құзыретті дағдыларды, дербестікті, эвристикалық қасиеттерді дамытуды ынталандырмайтын механикалық есте сақтауға негізделген білімді меңгерудің тек қана ұдайы өндіру деңгейін қамтамасыз етеді.

Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу процесінің сапасын арттыруға оқу-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қазіргі заманғы оқу әдебиетінің, әсіресе арнайы пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі әдебиеттің тапшылығы едәуір кедергі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қамтамасыз етумен, білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды және оқыту технологияларын әзірлеуді ұйымдастырумен мақсатты бағытта айналысатын мекемелер жоқ.

Материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаның ауыр жай-күйі, педагог кадрлардың жеткіліксіз кәсіптік құзыреттілігі деңгейі қаржыландырудың жетіспеуі салдары болып табылады.

Еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған индустриалдық – инновациялық даму бағдарламасында индустриалды жобалар мен кадрларды қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер жүктелген. Бұл міндеттерді шешудің басты факторы – техникалық және кәсіптік білімнің еңбек нарығымен тығыз қарым – қатынасын қамтамасыз ету.

Елімізде индустриалық – инновациялық даму талаптарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы іске асырылуда.

Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіруде кәсіби даярлық деңгейін арттыру қолға алынуда.

-техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын индустриялды жобалардың сұранысын ескере отырып жаңғырту;

  • индустрия жобалары бойынша мамандарды даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;

  • техникалық және кәсіптік білім берудің мәртебесін көрсету;өмір бойы білім алу, жаппай білім беру;

Жастарға кәсіптік - техникалық білім беру, нарық қатынасын орнықтыру шағын және орта бизнесті дамыту, бүгінгі күн заман талабына сай бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарын даярлау - бүгінгі күн талабы. Осы талаптарды орындауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына үлкен міндеттер жүктелетіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2050 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - ел экономикасының ор­нықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсе­кеге қабілеттілігін арттыру. Орындалуға тиісті бағдарламалық мақсаттардың ішіндегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға қол жеткізу, педагог мамандығының беделін көтеру, «E-learning» электрондық оқы­туды енгізу мәселелері де шешімін та­буда.

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық білім беру ұйым­да­рында оқытылатын кәсіптер мен маман­дық­тардың көбеюіне аса көңіл аударып отыр.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мем­ле­кеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы еліміздегі ең маңызды оқи­ғаға айналып отыр. Елбасы айтқандай, «Қазақстан-2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.»

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы талаптарына сай жетілдіру үрдісі жүріп жатыр. Ел экономикасына серпіліс әкелген бағдарламаның бір басында білікті маман кадрлар тұр десек, оны даярлау үшін «Сымбат» Дизайн және Технология колледжі өз үлесін қосып келеді. Кәсіптік білім саласында студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар ел экономикасына өзіндік үлес қосуға қабілетті, өз ісінің маманы, білікті кадрлар дайындау міндеттері қатар қойылған. Бұл бағытта колледж ұжымы аянбай еңбек етуде.