- •№1 Есеп
- •№2 Есеп
- •№3 Есеп
- •№6 Есеп
- •№7 Есеп
- •№8 Есеп
- •№9 Есеп
- •№10 Есеп
- •М.Ғ.Д., профессор Тұрланов к.М.
- •№11 Есеп
- •№12 Есеп
- •№13 Есеп
- •№14 Есеп
- •№15 Есеп
- •№16 Есеп
- •№17 Есеп
- •№18 Есеп
- •№19 Есеп
- •№20 Есеп
- •№21 Есеп
- •№22 Есеп
- •№23 Есеп
- •№24 Есеп
- •№25 Есеп
- •№26 Есеп
- •№27 Есеп
- •3 Жастағы науқас бала з.
- •№28 Есеп
- •№29 Есеп
- •№30 Есеп
- •№31 Есеп
- •№32 Есеп
- •№33 Есеп
- •№34 Есеп
- •№35 Есеп
- •№36 Есеп
- •№37 Есеп
- •№38 Есеп
- •№39 Есеп
- •№40 Есеп
- •№41 Есеп
- •№42 Есеп
- •№43 Есеп
- •№44 Есеп
- •№45 Есеп
- •№46 Есеп
№10 Есеп
Науқас 52 жаста.
Шағымдары: ұзақтығы 10 минутқа созылатын көкiрек тұсының басып, қысып ауру сезiмi сол жак иыққа беріледi, қатты әлсiздiк, жүректің жиі соғуы.
Анамнез: Жалпы жағдайының нашарлағанына 12 сағат болған. Өзiнiң ауруын жүйке- психикалық стреспен байланыстърады. Нитроглицериннің күнделікті дозасын әсерсіз болғандықтан, 2 -3 таблетка қолдануға мәжбүр болған.
Терапевтте ЖИА тұрақты кернеулі стенокардия ФК ІІ диагнозымен есепте тұрады. Кардикет, кардиомагнил қабылдайды. Мектепте мұғалiм болып iстейдi.
Объективтi: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есi айқын. Терi жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 20 рет.мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, тахикардия. АҚ 130/80 мм.с.б. пульс минутына 120 рет ырғақты, толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Iшi жұмсақ, ауру сезiмсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.
ЭКГ: Синусты тахикардия. 120 рет мин. ЖЭО қалыпты. Т тiсшесi І, аvl, V2-V4 әкетпелерінде терiс терең, SТ сегменті изосызықта.
« Троп-Т» сынағы- терiс.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
М.Ғ.Д., профессор Тұрланов к.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
№11 Есеп
Наукас 46 жаста. Шағымдары: Ұзактығы 15 минутқа созылатын кеуде артында басып, қысып ауру сезiмi сол жақ қолға берiледi, қатты әлсiздiк, тершеңдiк.
Анамнезі: Жағдайының нашарлағанына 8 -10 сағат болған. Ауру сезiмiн физикалық күштемеге және жүйке-психикалық стреспен байланыстырады. Кетонал, баралгин, валидол қабылдаған.
Осыған дейiн ауырмаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Заводта инженер болып iстейдi. Зиянды әдеттерi жоқ.
Объективтi. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есi айқын. Терi жабындылары бозғылт, ылғал. Өкпесiнде везикулярлы тыныс ,сырыл жоқ. ЖСЖ 100 рет.мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты, тахикардия. АҚ 110/80 80 мм.сн.бғ. пульс 100 рет.мин. Iшi жұмсақ, ауру сезiмсiз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.
ЭКГ: Синусты тахикардия 100 рет мин. ЖЭО қалыпты. ІІ,ІІІ, аvҒ әкетпелерінде SТ сегментi изосызыктан 1- 2 мм жоғары.
Троп сынағы - терiс.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
№12 Есеп
Науқас 68 жаста. Шағымы кеуде тұсында қысып, шаншып ауру сезімі, сол қолдың алақанына, жауырын аралығы аймағына берілетін сезім 10 минутқа созылады, әлсіздік, тершеңдік, жүректің шалыс соғуы тоқтап қалу сезімі.
Анамнезі.: Тәулік ішінде жағдайы нашарлағанын, ауа райының өзгеруімен байланыстырады. Верапамил, валидол, эналаприл қабылдаған. Ұзақ уақыт АҚ 190/100 мм.сб.сғ. дейін жоғарылайды, бірақ кінделікті ем қабылдамайды. АҚ көтерілген кезде ғана дәрілер қабылдайды. 3 жыл бойы ырғақ бұзылыстары (жүрекше жыбыры) бар.
Объективті: Жағдайы орташа ауырлықта. Есі айқын. Тері жабындысы қалыпты, құрғақ. Өкпеде везикулярлы тыныс , сырыл жоқ. ЖСЖ 100 минутына, ырғағы дұрыс емес. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс емес тахикардия. АҚ 140/90 мм.сб.сғ. Пульсі 100минутына, ырғағы дұрыс емес толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр және көк бауыр ұлғаймаған. ЭКГ: жүрекше жыбыры қарыншаның жиырылу минутына 76-108 рет. ЖЭО қалыпты. V3 – V5 әкетпелерінде ST сегменті 2-4 мм изосызықтан төмен.
« Троп – Т» сынағы - теріс.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
||
