Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи 5 К ОМ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
726.02 Кб
Скачать

№8 Есеп

Науқас С., 40 жаста.

Шағымдары: қатты әлсіздік, бас айналу, қысқа уақытқа есінен тану, жүрек аймағындағы басып, сыздап ауру сезімі.

Анамнез: ұстама 1сағат бұрын басталған- әлсіздік,бас айналуы, құлап,есінен танған, қысқа уақытты тырысулар болып, еріксіз зәр шығарған. 1жыл шамасында миокардитпен ауырғаннан соң брадикардия ұстамасы 2-3 рет естен танумен болған. Предуктал,кордафен қабылдайды.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта.Есі айқын.Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 18рет. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ минутына 26 рет, АҚ 110/70 мм.сн.бғ., пульс минутына 26 рет, толуы мен кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ,ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.

ЭКГ: жүрекшенің жиырылу жиілігі минутына 80 рет, қарыншаның- 26рет. ЖЭО қалыпты. QRS 0.14сек.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№9 Есеп

Науқас 67 жаста. Шагымдары: 1 сағатқа созылған ұстама тәрізді жүрек аймағында ауру сезіміне, кеуде артындағы өте күшті, шыдатпайтын күйдірген ауру сезімі жауырын ортасы аймағына беріледі. Әлсіздік, суық тер, өлімнен қорқу.

Анамнезінде: 3 сағат бұрын ауру сезімі физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Кетонал, нитроглицерин қабылдаған, әсері әлсіз. Оқтын-оқтын АҚ 160/100 мм.с.б. дейін көтеріліп тұрады. Физикалық жүктемеден кейін жүрек тұсында басып ауыратын сезім пайда болатын, жүктемені тоқтатқанда немесе нитроглицерин қабылдағанда басылатын. Күнделікті ем қабылдамаған. АҚ төмендету ушін өз бетінше нифидипин, дибазол қабылдаған. Ұзақ жылдар бойы күніне 20 темекіге дейін шегеді. Объективті: жағдайы ауыр. Есі айқын, науқас қозулы, аурудан өзіне орын таппайды.Тері жабындылары суық, бозғылт, көкшіл түсті, тер басқан. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ ,ТЖ минутына 20рет. Жүрек үндері тұйыкталған, ырғақты, тахикардия. ЖСЖ минутына 100 рет. АҚ 90/50 мм.сн.бғ. Пульс минутына 100 рет толуы мен кернеулілігі әлсіз. Іші жұмсақ , ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. ЭКГ жазу үшін электрод қойғанда науқас есінен танып, қысқа мерзімді клоникалық тырысулар болды. ЭКГ: жүрекшелік және қарыншалық комплекстер анықталмайды, изолинияда толқын тәрізді тербелістер, амплитудасы 10 мм дейін.

Болжама диагноз койыңыз?

Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР