
- •№1 Есеп
- •№2 Есеп
- •№3 Есеп
- •№6 Есеп
- •№7 Есеп
- •№8 Есеп
- •№9 Есеп
- •№10 Есеп
- •М.Ғ.Д., профессор Тұрланов к.М.
- •№11 Есеп
- •№12 Есеп
- •№13 Есеп
- •№14 Есеп
- •№15 Есеп
- •№16 Есеп
- •№17 Есеп
- •№18 Есеп
- •№19 Есеп
- •№20 Есеп
- •№21 Есеп
- •№22 Есеп
- •№23 Есеп
- •№24 Есеп
- •№25 Есеп
- •№26 Есеп
- •№27 Есеп
- •3 Жастағы науқас бала з.
- •№28 Есеп
- •№29 Есеп
- •№30 Есеп
- •№31 Есеп
- •№32 Есеп
- •№33 Есеп
- •№34 Есеп
- •№35 Есеп
- •№36 Есеп
- •№37 Есеп
- •№38 Есеп
- •№39 Есеп
- •№40 Есеп
- •№41 Есеп
- •№42 Есеп
- •№43 Есеп
- •№44 Есеп
- •№45 Есеп
- •№46 Есеп
№6 Есеп
Наукас 52 жаста ер кісі.
Шағымдары: әлсіздік, кеуде қуысындағы ыңғайсыздық сезімі, жүрегінің тоқтап қалу сезімі, бас айналу.
Анамнез:осы жағдай 2 күннен бері мазалайды. Корвалол, валидол, нитросорбит қабылдаған. Жағдайының нашарлауын ешнәрсемен байланыстырмайды. 2009 жылы атриовентрикулярлы блокадамен асқынған миокард инфарктін алған, Оқтын-оқтын брадикардия ұстамалары болған, кордафен қабылдап, атропин иньекциясын алғаннан соң басылатын. Күнделікті ем қабылдамайды.
Обьективті: жағдайы орташа ауырлыкта. Есі айкын, белсенді қалыпта. Өкпесінде: тынысы везикулярлы,сырылдар жок,ТЖ 18 рет мин. Жүрек үндері айқын, ырғақсыз, брадикардия 38 рет мин. АҚ 110/60 мм.сн.бғ. пульс 38 рет мин, толуы және кернеулілігі қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры, көкбауыры ұлғаймаған
ЭКГ: дұрыс емес синусты ырғақ, ЖЖЖ 38 рет мин, ЖЭО көлденең қалыпта. Q тісшесі V2 - V4 әкетпелерінде кеңейген, терең. ST сегменті изолинияда. P-Q интервалының біртіндеп ұзарып, QRS комплексі оқтын-оқтын түсіп қалады.
Болжама диагноз қойыңыз?
Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
№7 Есеп
Науқас 57 жаста. Шағымы: жүрек аймағындағы ұстама тәрізді ауру, кеуде артында шыдатпайтын, 40 минутқа дейін созылатын өте қатты күйдіріп ауру сезімі жауырын аралық аймаққа беріледі. Әлсіздік, суық тер, өлім қорқынышы.
Анамнезі: ауру сезімі 3 сағат бұрын физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Ауру пайда болған кезде қысқа уақытқа есін жоғалтқан. Кетонал, нитроглицерин қабылдаған әсері әлсіз. Оқтын-оқтын АҚ 170/100 мм.сн.бғ. дейін көтерілген, күнелікті ем қабылдамаған. Өз бетінше нифидипин, дибазол қабылдайды. Ұзақ жылдар бойы күніне 10 дана темекі шегеді. 2 ай бұрын ЭКГде өзгеріс болмаған.
Объективті: халі ауыр. Есі айқын, қозулы, аурудан өзіне орын таппайды. Тері жабындысы бозғылт цианозды реңді, суық тер. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Тыныс алу жиілигі 20/мин. Жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. АҚ 70/40 мм.сн.бғ. Пульсі минутына 86 рет, толуы мен кернеулілігі әлсіз. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаган.
ЭКГ: дұрыс синусты ырғақ. ЖЭО солға ығысқан. QRS Комплексі 0,14/секундқа ұзарған, ST сегменті барлық әкетпелерде изосызықтан 1-2 мм.ге төмендеген.
« Троп-Т» сынағы- оң.
Болжама диагноз койыңыз?
Шұғыл ем тағайындап және науқасты алдағы уақытта емдеу тактикасын анықтаңыз?
ЖМЖБ кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР |