Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
задачи 5 К ОМ каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
726.02 Кб
Скачать

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№1 Есеп

Науқас 63 жаста .

Шағымдары жүрек тұсында ұстама тәрізді қысып, басып ауру сезімі психоэмоционалды күштемеден және аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болады. Ауру сезімі 8-10 минутқа созылып, сол мойынға және жауырын аралығына береді. Нитроглицерин қабылдағаннан соң ауру сезімі бірнеше уақытқа басылады, бірақ бірнеше уақыттан кейін қайтадан пайда болады.

Анамнезінде ЖИА мен 5 жыл бойы терапевте Д санақта тұрады. Бұрын ұстамалар 2-3 минут болып нитроглицериннен басылатын.

Объективті : жалпы жағдай орташа ауырлықта. Тері жабындысы бозғылт ылғалды.Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ минутына 18 рет. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. АҚҚ 130/80 мм.сб. бғ., пульс минутына 76рет.

ЭКГ: синусты ырғақ, минутына 76рет. ЖОЭ қалыпты. V1 - V4 әкетпелерде ST сегменті изолиниядан 2-4 мм төмен ,Т тісшесі теріс.

« Троп-Т» сынағы: теріс.

Болжама диагноз қойыңыз?

Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

№2 Есеп

Науқас 43 жаста .

Шағымы: ұзақтығы 40 минут қысып ауруына, жүрек тұсында күю сезімі, сол жақ иыққа беріледі, аралас түрдегі ентігу, өлімнен қорқу, қатты әлсіздік, тершеңдік. Психоэмоционалды стрестен кейін ауру сезімі алғаш рет пайда болды. Анамнезі: 2 сағат ішінде жағдайының нашарлауы. Валидол, нитрроглецерин қабылдаған- әсері жоқ. Осы уақытқа дейін АҚҚ 160/100 мм.сб.бғ, жиі көтеріліп тұрған, өздігінен гипотензивті препараттар- каптоприл, нифедипин қабылдаған. Тексерілмеген, Д санақта тұрмайды. Аэропортта диспетчер болып жұмыс істейді. Күніне 1қорап темекі тартады.

Объективті: жағдайы өте ауыр халде. Дене бітімі толық . Басын жоғары көтеріп мәжбүрлі қалыпта отыр. Тері жабындысы бозғылт, мұрын -ауыз үшбұрышында цианоз,суық ылғалды тер басқан. Өкпеде қатаң дыбыс, екі өкпенің төменгі бөліктерінде майда және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар, бірен-саран құрғақ сырылдар. ТЖ минутына 24 рет. Жүрек үндері қатты тұйықталған, ырғақты тахикардия. ЖСЖ минутына 120 рет. АҚҚ 110/80 мм. Сб. бғ. Пульсі минутына 120 рет ырғақты.ЭКГ: синусты тахикардия минутына120 рет. III, avF әкетпелерінде Q тісшесі енді, терең, R ½ үлкен, ST сегменті 4 мм изосызықтан жоғары.

« Троп – Т» сынағы: теріс

1. Болжама диагноз қойыңыз? 2. Жедел ем тағайындаңыз және ары қарайғы тактикаңыз?

ЖМЖБ кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Тұрланов К.М.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР