Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауызша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
843.22 Кб
Скачать

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуі»

Ситуациялық есеп: Сіз – қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге 37 жасар, жұмыста 1 сағат бұрын жарақаттанған науқас жеткізілді, оның оң жақ иығының сыртқы жағының ортанғы бөлігінде орналасқан көлемі 4,0*1,5*3,0 см. Жиектері тегіс емес жыртылған, ластанған жарасы бар. Жараның жағдайын бағалаңыз, науқасқа қажетті көмек көрсетіңіз. Сізге көмектесетін мейірбике бар.

Соңғы нәтиже (outcomes):

  • Жараның жағдайын бағалау;

  • Операциялық алаңды өңдеу;

  • Жергілікті анестезияны жасау;

  • Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуін жасау;

  • БХӨ жасау ережелерін білу;

  • Коммуникативті компетенция – мейірбикемен бірге бір командада жұмыс істеу, лидер қасиетін білдіру, өз–өзіне сенімсіздігін және бұрыс істейтін қорқынышын жеңу;

Симуляцияның құрал –жабдықтары:

Атауы

  1. Иық жарасының симуляторы

  1. Резеңкелі қолғап

  1. Йодонаттың 1% ерітіндісі

  1. Новокаиннің 0,5% ерітіндісі

  1. Сутегі асқын тотығының 3% еріндісі

  1. Фурацилин ерітіндісі

  1. Спирт

  1. Шприцтер 10 мл – 2 шт.

  1. Дәкеден жасалған стерильді материал: кіші және үлкен орамалар

  1. Корнцанг

  1. Хирургиялық пинцет - 2

  1. Кохер қысқышы - 4

  1. Скальпель

  1. Инеұстағыш

  1. Кесетін ине

  1. Жіп - жібек

  1. Қайшы

  1. Лекопластырь

1. актер – операциялық медбике

Симуляция жасайтын орыны: операциялық бөлме

Бағалау парағы (check-list)

«Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуі»

Қадамдарды бағалау критерийлері

Баға (балл)

Дұрыс орындады

Ескертумен орындады

Орындаған жоқ

1

Мейірбикемен жұмысы – сенімділігі, ұқыптылығы, жұмыс кзінде асептика ережелерін сақтайды

1,0

0,5

0

2

Емтихан тапсырушы стерильды халат, резеңкелі қолғап киді

1,0

0,5

0

3

Операция алаңын йодонат ерітіндісімен үш рет өңдеді, центрден периферияға қарай

1,0

0,5

0

4

Жараны стерильды материалмен қоршады

1,0

0,5

0

5

0,5% новокаин ерітіндісімен, иненің ұзындығын толық қолданып, жергілікті анестезияны жасады

1,0

0,5

0

6

Скальпельмен хирургиялық пинцетті сұрап терең орналасқан тіндерге жету мақсатында жараны тілді,

1,0

0,5

0

7

Өмірге қабілеті бар тіндер аймағында жара жиектерін және түбін үнемдеп сылып алды

2,0

1,0

0

8

Қолданған аспаптарды ауыстырды, қолғабын фурацилин және спиртпен өңдеді, құрғатты

1,0

0,5

0

9

Жараны сутегі асқын тотығы және фурацилин ертінділермен өңдеді, құрғатты

1,0

0,5

0

10

Инеұстағышпен хирургиялық пинцет сұрап тереңдегі біркелкі тіндерді тікті – 1 тігіс

2,0

1,0

0

11

Терілік тігіс салды: жара жиектерінен 0,5 – 1,0 см қашықтықта инені кіргізіп, шығарды – 2 тігіс

2,0

1,0

0

12

Түйінді иненің кірген немесе шыққан жерде орналастырып, қарапайым хирургиялық түйін байлады

1,0

0,5

0

13

Алдыңғы тігістен 1,0 – 1,5 см қашықтықта келесі тігісті салды

1,0

0,5

0

14

Тұқылының ұзындығы 1,0 см. аспайтын қылып жіптерді кесті

1,0

0,5

0

15

Тігісті йодонат ерітіндісімен өңдеді

1,0

0,5

0

16

Таңғыш қойып, лейкопластырьмен жабыстырды

1,0

0,5

0

17

Көмек көрсету барысындағы мінез – қылығы – ұстамдылығы, сенімділігі

1,0

0,5

0

Нәтижесі (балл)

Максималды бал - 20

Құрастырған: Байзакова А. П.- ассистенты, №1 Хиругия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы, ҚазҰМУ

20 беттің 20сі