 
        
        - •Медициналық симуляциясценариі
- •Медициналық симуляция сценариі
- •Бағалау парағы (check-list)
- •Медициналық симуляция сценариі
- •Тонометр, фонендоскоп
- •Кушетка – 1
- •Бағалау парағы (check-list)
- •Медициналық семуляция сценариі
- •Бағалау парағы (check-list)
- •Медициналық симуляция сценариі
- •Бағалау парағы (check-list)
Медициналық семуляция сценариі
Клиникалық жағдай: «Оң сирақ сыртқы толарсақ сүйегінің ығысусыз сынуның диагностикасы және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету»
Ситуациялық есеп: Сіз –жедел жәрдем бригадасының дәрігерісіз. Еркек 40 жаста, бойы 180 см және салмағы 90 кг. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. А\Д – 120/70, пульс – 65 мин. Суйек – бұлшық ет жүйесінде St. Lokalis - ті есептемегенде өзгерістер жоқ. Шағымдары: Оң сирақ табан буыны аймағындағы қатты ауру сезімі. Ауру сезімі көшеде оң аяғын кайырып алған соң 3 сағат бұрын пайда болды.
Объективті: оң сирақ-табан аймағында ісіну, әсіресе сыртқы бетінде ісіну айқын, қимыл қозғалыс шектелген және ауру сезімді. Сыртқы толарсақты пальпациялау ауру сезімді. Жарақат орнында осьтік жүктеме ауру сезімді.
- Науқастан анамнез жинап, қарап тексеріңіз; 
- Клиникалық симптомдарына қарап тексерулерді жүргізіңіз; 
- Алғашқы болжам диагноз қойыңыз; 
- Емдеу тактикасын анықтаңыз; 
Соңғы нәтиже (outcomes):
1. Тірек қимыл аппаратының жарақаты бар науқастан сұрастыру және физикалық зерттеулер жүргізу;
2. Сирақтың сыртқы толарсақ сүйегінің ығысусыз сынуның болжам диагностикасы;
3. Емдеу тактикасын таңдау;
Бағалау парағы (check-list)
«Оң сирақ сыртқы толарсақ сүйегінің ығысусыз сынуның диагностикасы және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету»
Аты-жөні: __________________________________________________________
Тобы: ______________________________________________________________
Мамандығы: ________________________________________________________
| № | 
 Қадамдардың бағалау критерилері 
 
 | Бағалау критериі | Балдық бағалау | ||
| Дұрыс орындалды | Дұрыс орындалды | Дұрыс орындалды | |||
|  | Шағымдарын жинау 
 Ауру анамнезі анықталды ма? 
 | Коммуникативті дағдылар. Шағымдарын нақтылау. Ауру сезімінің пайда болу уақытын және жарақат механизмін анықтау. Өткерген сырқаттарын, зиянды әдеттерін, аллергоанамнезін анықтау. 
 
 | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Науқастың жалпы жағдайын бағалауда барлық сұрақтар қойылды ма? | Барлық сұрақтар қамтылды, дұрыс, мәнді құрастырылған. Шоктік жағдай жоқ, адекватты науқастың жалпы жағдайын бағалады | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Зақымдалған аймақты жалпы қарау | Оң сирақ табан аймағында ісіну, әсіресе сыртқы бетінде ісіну айқын, қимыл қозғалыс шектелген және ауру сезімді. | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Пальпация | Сыртқы толарсақты пальпациялау ауру сезімді. | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Остік күштеме беру | Жарақат орнында осьтік жүктеме ауру сезімді екенін анықтады. | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Аяқ басы саусақтарының сезімталдығы және қандануын бағалау | Аяқ басы саусақтарын қозғалтуын сұрады | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Аяқ басы саусақтарын ұстап көрді, сезімталдығы жоғалмаған | 1,0 | 0,5 | 0 | |
|  | Аяқ басы сыртқы артериясының тамыр соғысын байқады – қалыпта Қортындылау дауыстап: «Аяқ басы саусақтарының сезімталдығы және қандануы бұзылмаған» | 1,0 | 0,5 | 0 | |
|  | Алдын-ала диагноз қойылды | Алдын-ала қойылған болжам диагнозды шағымдары, травма алу жағдайы, объективті симптомдарға қарап негіздеді: Оң сирақтың сыртқы толарсақ сүйегінің ығысусыз жабық сынуы | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Емдеу тактикасын анықтады. | Емдеу тактикасын дұрыс анықтады: Крамер шинасымен иммобилизация жасау – тізе және аяқ басы буындарын қамту арқылы. | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Анестезия жасау | кетонал- 2,0мл б\е енгізді, Алдын - ала алергоанамнезін анықтады. | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Крамера шинасымен иммобилизация жасау. | Орта ұзындықтағы 3 Крамер шинасын таңдап алды. 1-ші шинаны, саусақ басынан өкшеге дейін, өкшеден сан аймағының ортаңғы 3/1 бөлігіне дейін өлшеп, , алдын ала өкше тұсынан бүгу. | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | Аяқ басын 90градус илген қалыпқа әкелу. 1-ші шинаны, аяқтың артқы жағынан салынады | 1,0 | 0,5 | 0 | |
|  | 2-ші және 3-ші шина өкшеден сан аймағының ортаңғы 3/1 бөлігіне дейін өлшеп, аяқтың бүйір беттері жағынан салынады, алдын ала өкше тұсынан 90 гр. бүгу. | 1,0 | 0,5 | 0 | |
|  | Шинаны сынған жерден жоғары бинтпен байлау табанға дейін түсіріп,8-тәрізді таңғыш саламыз.Бинтпен байлау сан аямағының төменгі 3/1 бөлігіне дейін берік бекітілуі керек | 1,0 | 0,5 | 0 | |
|  | Иммобилизациядан кейін бақылау. | Аяқ басы саусақтарының сезімталдығы мен қандануын, қазғалыс активтілігін тексерді. | 2,0 | 1,0 | 0 | 
|  | Ары қарай тасымалдауға шешім қабылдау | Ары қарай травматологиялық стационарға тасымалдауға шешім қабылды | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | 
 | Науқаспен оптимальді қатнас орнатылды | 1,0 | 0,5 | 0 | 
|  | 
 | Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету кезінде өзін сенімді ұстады және орындады | 1,0 | 0,5 | 0 | 
| Барлығы | |||||
Максимальды балл 20
Симуляция құралдары:
- Тапсырмасы, қадамдарды бағалау критериі бар парақ; 
- Латексті қолғаптар; 
3. Крамер шиналары.
4. Шприц, дәке, кетонал -2,0мл
Әртістер құрамы:
1. Пациент - манекен
Обстановка: оқу бөлмесі – таңғыш салу бөлмесі
- Керует. Науқас керуетте жатыр. 
- Орындық. 
Қурастырған: С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының ППС
Рецензенты: Хирургиялық аулулар №1 кафедрасының меңгерушісі Баймаханов А. Н.
Абдуразаков У.А. д.м.н., профессор зав. каф. Травматологии АГИУВ
