Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауызша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
843.22 Кб
Скачать

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Жедел тәждік синдромның диагностикасы, шұғыл көмек»

Соңғы нәтиже (outcomes):

  • Жүрек дерті бар науқасты сұрастыру және физикальді зерттеу жүргізу

  • Миокард инфарктісі және оның асқынуының клиникалық диагностикасы

  • ЭКГ жүргізу және талдау

  • Жедел тәждік синдром кезінде шұғыл көмек көрсету

  • Жедел тәждік синдромымен науқасты жүргізу тәсілі

Симуляцияның жабдықталуы:

  1. Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмалы парақ

  2. Волонтерге (науқасқа) арналған сценарий, қадамды бағалау критерийлері

  3. Электрокардиограмма (ЖТД арналған ЭКГ нәтижелері)

  4. Тонометр, фонендоскоп

  5. Маскасы бар оттегі жастығы

  6. Физиологиялық ерітіндімен системамен штатив

  7. Дәрі-дәрмектерімен үстел: морфин, метапролол сукцинат, альтеплаза ампулалары

  8. Аспирин, нитроглицерин, плавикс таблетка түрінді

  9. Стерильді дәкелер (марлелік дәкелер және дөңгелектер), спирт, жгут, пластырь, шприцтер 10, 20 мл

  10. Кушетка – 1

  11. Стул – 1

Әртіс – науқас

Жұмыс жағдайы: оқу бөлмесі – үй (квартира)

Жағдайлық есеп: Сіз қарқынды терапия бригадасының жедел жәрдем дәрігерісіз. Сіз кеуде артындағы қақынды ауыру сезімімен 55 жастағы ер адамға келдіңіз.

Тапсырма:

  • Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

  • ЭКГ нәтижелеріне интерпретация жүргізіңіз

  • Диагнозды құрыңыз

  • Науқасты жүргізу тәсілін анықтап, науқасқа шұғыл көмек көрсетіңіз

Актерға арналған сценарий мәтіні және рольдің мазмұны:

Шағымы: төс артындағы қатты ауыру сезімі, ентігу, қорқыныш сезімі, суық жабысқақ тер, жүрек соғуы, бас айналу.

Сұрақтың маңыздылығы

Әртіске арналған сұрақтың дұрыс қойылуы

Жауабы

Ауру сезімінің сипатын нақтылау

Ауру сезімінің сипаты қандай: басып, шаншып, күйдіріп?

Басып ауырады (жұдырықты төске қояды)

Ауру сезімінің ұзақтығы

Ауру сезімі қанша уақытқа созылады?

Шамамен 1,5 сағат

Ауыру сезімін қандай жағдай қоздырады

Ауыру сезімінің пайда болуын немен байланыстырасыз?

Қатты уайымдадым

Төс артындағы ауыру сезімінің берілуі

Ауыру сезімі басқа жерге беріледі ме?

Иа, сол иыққа және сол жақ мойын аймағына беріледі.

Ауыру сезімі немен басылады?

Ауыру сезімін басу үшін қандай да бір дәрі қабылдадыңыз ба?

Иа, 2 рет 2 мөлшерден изокет-спрейді тіл астына септім, бірақ ауыру сезімі басылмады. Соңғы рет 5 минут бұрын қолдандым.

Ентігудің пайда болу жағдайы

Қай кезде ентігу пайда болады?

Сөйлегенде, аздаған дене қимылында

Анамнезде: ЖИА-мен 2 жыл бойы ауырады, «Д» есепте тұрады. Кезеңмен кардикет, кардиомагнил қабылдайды. ҚКО стационарлық ем қабылдаған. АҚҚ жоғарлауы байқалмаған. Анасы ЖИА-мен ауырған, 52 жасында миокард инфарктысынан қайтыс болған. Темекі тартпайды.

Қазіргі жағдайының нашарлауы 1,5 сағаттан бері, жоғарыда көрсетілген шағымдар пайда болғаннан бастап. Жедел жәрдем шақырған.

Қарағанда: бойы 172 см, салмағы 74 кг. Науқастың тері жабындысы бозғылт, суық, жабысқақ термен жабылған. Шеткері ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерде әлсіреген, сырылдар жоқ. ТАЖ – 22 рет минутына. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс.

Алдын ала диагнозы: ЖИА. Жедел тәждік синдром.

«Жедел тәждік синдромның диагностикасы, шұғыл көмек» клиникалық жағдай бойынша