
- •Медициналық симуляциясценариі
- •Медициналық симуляция сценариі
- •Бағалау парағы (check-list)
- •Медициналық симуляция сценариі
- •Тонометр, фонендоскоп
- •Кушетка – 1
- •Бағалау парағы (check-list)
- •Медициналық семуляция сценариі
- •Бағалау парағы (check-list)
- •Медициналық симуляция сценариі
- •Бағалау парағы (check-list)
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
№1 ТЕРАПИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СИМУЛЯЦИЯ СЦЕНАРИІ |
Медициналық симуляциясценариі
Клиникалық жағдай: «Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен (өкпе ісінуімен) асқынған гипертониялық криз»
Соңғы нәтиже:
Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен (өкпе ісінуімен) асқынған гипертониялық кризі бар науқасты сұрастырды және физикальді қарауды жүргізді.
Зерттеу мәліметтерін: 12-әкетулердегі электрокардиограмманы және кеуде ағзаларының рентгенографиясын интерпретациялады.
Дұрыс диагноз қойды.
Шұғыл көмек көрсетіп, науқасты жүргізу тәсілін анықтады.
Симуляцияны жабдықтау:
Емтихан тапсырушыға тапсырмамен парақ
Волонтерге (науқасқа) арналған сценарии
Жедел жәрдемнің белгі парағы
Электрокардиограмма, кеуде ағзаларының рентгенограммасы
(ЖДД арналған ЭКГ және рентгенограмманың қорытындылары)
Тонометр, фонендоскоп
Маскасымен оттегілік жастық
Физиологиялық ерітіндімен системасымен штатив
Дәрі-дәрмектермен үстел: фуросемид, эбрантил ампулалары, стерильді дәке (марлелік дәке және тампондар), спирт, жгут, пластырь
Кушетка- 1
Үстел – 1
Әртістер құрамы: әртіс – науқас
Жағдай: қалалық кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлімі. Науқас бөлмеде отыр. Дәрігер бөлмеге кіреді, сәлемдесіп науқасқа қарама-қарсы отырады.
Жағдайлық есеп: Сіз қалалық кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. 58 жастағы ер адам бас ауыру, айқын ентігуге, ал-қызыл көп мөлшерде көпіршікті қақырықты жөтелге, әлсіздікке шағымданып түсті.
Тапсырма:
Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз
ЭКГ және рентгенограмма нәтижелеріне интерпретация жүргізіңіз
Диагнозды құрыңыз
Науқасты жүргізу тәсілін анықтап, науқасқа шұғыл көмек көрсетіңіз
Стандартталған әртіске арналған сценарий тексті және оның рөлінің сипаттамасы:
бас ауыруына, айқын ентігуге, жөтелге, кезеңді түрде ал-қызыл көп мөлшерде көпіршікті қақырықтың бөлінуіне, әлсіздікке шағымданады.
Сұрақ мәнісі |
Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау |
Жауап |
АГ анамнезін анықтау |
Бұрын АҚҚ жоғарлайтын ба? Егер жоғарласа, қандай сандарға дейін? |
Ия, 10 жыл ауырамын, АҚҚ 190/110 мм с.б. дейін жоғарылайтын. Бірақ бұрын өзімді қазіргідей нашар сезінген емеспін. |
Базалық гипотензивті терапияға бейімділігі |
Қандай дәрілерқабылдайсыз? Оларды атаңыз. Оларды жүйелі түрде қабылдайсыз ба? |
Лозап плюс, конкор. Бірақ соңғы аптада қабылдамадым, осы мезетте құжаттарымды (жеке куәлік, жүргізуші куәлігімді) жоғалтып, ұайымнан қан қысымым жоғарылап, басым ауырып, содан басым айнала бастады –бұрын болмаған жағдай, кейін дем алуым қиындай түсті, ауа жетпегендей болды, жөтеліп, қақырық бөліне бастады – жұбайым жедел жәрдем шақырды. |
|
Криз басталған қанша уақыттан кейін жедел жәрдем шақырдыңыз? |
Қатты бас ауыруы пайда болғаннан 30 минут кейін жедел жәрдемді шақырдық |
ЖКС болуы |
Төс артында ауыру сезімі бар ма? Кеуде торыңызда жағымсыз сезім, ауру сезімі бар ма? |
Жоқ |
ЖМҚАБ |
Көз алдыңызда шыбын-шіркейлер, көздің нашарлауы бар ма? |
Көз алдымда шыбын-шіркейлер, көздің нашарлауы жоқ (сұраққа адекватты жауап береді) |
Анамнезінде: Науқас10 жылдай АГ-менауырады.Тағайындалған дәрілік заттарды ретсіз қабылдайды. 2 сағат бұрын эмоциональді жүктемеден кейін гипертониялық криз дамыды, интенсивті бас ауыруы, бірінші рет бас айналуы, ауа жетпеу сезімі пайда болып, кейін қызғылт түсті қақырық бөлінуімен жөтел қосылды. Қатты бас ауруы пайда болғаннан 30 минуттан кейін жедел жәрдемді шақырды.
Жедел жәрдем бригадасы қоңырау соққаннан 10 минуттан кейін келді.
Қабылдау бөліміне науқас қоңырау соққаннан30 минуттан кейін жеткізілді.
Жедел жәрдемнің сигналдық парағы: АҚҚ 230/140 мм с. б. Жасалынды: Фуросемид – 40 мг т\і ағызып Эналаприлат1,25 мг – 1,0 т\і ағызып |
Объективті:Жағдайы ауыр, жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен асқынған гипертониялық кризбен негізделген. Тынысы беткейлі, шулы (клокочущее). Тамақтануы жоғарылаған. Тері жабындылары боз, аяқ-қолдары ылғалды, акроцианоз.Шеткері ісінулері жоқ. ТАЖ – 28 рет мин. Өкпесінде тынысы әлсіреген, көптеген ылғалды, әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасы солға ығысқан. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – 136 рет мин. АҚҚ - 200/120 мм сб.б. Бауыры қабырғы доғасы бойымен.
Электрокардиограмма
Өкпе рентгенограммасы
«Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен (өкпе ісінуімен) асқынған гипертониялық криз» клиникалық жағдай бойынша
бағалау парағы (check-list)
Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні ____________________
Емтиханды қабылдаушы_____________________________________________________________
№ |
Қадамдарды бағалау критерийлері
|
Балдары |
||
Толық иеленеді |
Толық емес иеленеді |
Иеленбейді |
||
1. |
Науқасқа келіп, сәлемдесті, көздік қатынасты орнатты |
1,0 |
0,5 |
0 |
2. |
Диагнозды анықтайтын егізгі шағымдарды және анамнез мәліметтерін жинады:
|
1,0 |
0,5 |
0 |
3. |
Анамнез жинау кезінде біруақытта пульсін есептеп, пульстың минутына 136 рет жиіленгенін айтты |
1,0 |
0,5 |
0 |
4. |
АҚҚ өлшеп, науқасқа қысымның 200/120 мм.сб.б. дейін жоғарлағанын айтты |
1,0 |
0,5 |
0 |
5. |
Науқасқа оттегісі бар масканы берді (3тен – 7 дейінгі пунктың кезектігі маңызды емес) |
1,0 |
0,5 |
0 |
6. |
Өкпе аускультациясын жүргізіп, науқасқа –
|
1,0 |
0,5 |
0 |
7. |
Жүрек нүктелерінің тыңдау кезектігін сақтай отырып жүрек аускультациясын жүргізді және науқасқа түсіндірді:
|
1,0 |
0,5 |
0 |
8. |
Үстелден ЭКГ нәтижелерін алып, интерпретациялап, науқасқа түсіндірді:
|
1,0 |
0,5 |
0 |
9. |
Алдын ала қойылған диагнозды негіздеп және тұжырымдай отырып, науқасқа айтты:
|
2,0 |
1,0 |
0 |
10. |
Науқастың жағдайын және алдында жүргізілген терапияның нәтижелігін бағалайды Гипертониялық криздің жойылмағанын айтады, сол қарыншалық жетіспеушіліктің пайда болғанын айтады. Эналаприлат пен фуросемид АҚҚ-н 30 мм с.б. (13%) төмендеткенін – ЖЖ бригадасының іс-әрекеті нәтижелі, бірақ жеткіліксіздігін айтады. |
1,0 |
0,5 |
0 |
11. |
Шұғыл көмек көрсету: көпіршікті басты – Дәкені спиртпен ылғалдандыртып, оттегілік маскіге қойды |
1,0 |
0,5 |
0 |
12. |
Фантомда шынтақ көк тамырына енуді жасап – дайын физиологиялық ерітіндісінмен системаны қосты |
1,0 |
0,5 |
0 |
13. |
фуросемид 40 мг т\і ағызып енгізді (системаның инесіне өтетін резинадан) |
1,0 |
0,5 |
0 |
14. |
Эбрантил 5 мг/5 мл + 50,0мл физ.ер-дет\і тамшылатып енгізді |
1,0 |
0,5 |
0 |
15. |
Үстелде жатқан кеуде ағзаларының рентгенограммасын интерпретациялады: тамырлы компоненттің әсерінен өкпе суретінің күшеюі, жүрек көлеңкесінің сол жақ шекарасының ығысуы, кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия |
1,0 |
0,5 |
0 |
16. |
Қосымша лабораторлық зерттеудің қажеттілігін науқасқа айтты:
|
1,0 |
0,5 |
0 |
17. |
Келешекте қосымша зерттеу әдістері жүргізілетінін науқасқа түсіндіріп айтты: Эхокардиография, динамикада ЭКГ |
1,0 |
0,5 |
0 |
18. |
Науқастың келесі жүргізу тәсілін анықтады: науқасты жұбатып, реанимация бөліміне жатқызу қажеттілігін айтты |
1,0 |
0,5 |
0 |
19. |
Коммуникация нәтижелігі: науқасты компетентті ақпараттандырды, сабырлық танытып, дағдыларды сенімді орындады. |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
Баллдар ҚОРЫТЫНДЫСЫ |
20,0 |
10,0 |
0 |
Кезең бойынша максимальді балл – 20
Тапсрмаға берілген уақыт – 10 мин
Әдебиет:
Рекомендации ЕОК по диагностике и лечению АГ, 2012;
Ройтберг Г.Е. и Струтынский А.В. «Внутренние болезни. Сердечно-сосудистая система», 2011.
Сценарийді құрастырған: м.ғ.д, доцент Нургалиева К.К.
Рецензенттер: ҚР ПІБ МО ОКА кардиология орталығының меңгерушісі м.ғ.к, доцент К.Р.Карибаев
АМДБЖИ кардиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.,профессор. В.Ш.Атарбаева