Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

14 Билет. (1) сұрақ.

Балаға арналған тойлардың кейбіреулері туралы.

Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар ойнайды.

Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастархан жайылады.

Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін- деп ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланың қолынан ұстап, тез – тез жүгіртеді. Оған қуанысып шашу шашылып, дастархан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.

(2) сұрақ

- Ғалым деген сөзді қалай түсінесің?

- Ғылым саласымен айналысқан адамды ғалым деп түсінемін.

- Ұлы ғалымдар деп кімдерді айтуға болады?

- Әл – Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Ұлықбек, Ш. Уалиханов, Қ. Сәтбаевты айтуға болады.

- Екінші Аристотель атанған шығыстың ғалымы кім?

- Екінші Аристотель атанған шығыстың ғалымы Әл – Фараби.

- Ол қанша ғылыми еңбектер қалдырған?

- Ол 100 – ден аса ғылыми еңбектер қалдырған.

- Түркістанда қай ғалымның кесенесі бар?

- Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар.

- Халық оған қандай ат берді?

- Халық оған «Әулие» деген ат берді.

- Қырғыздың «Манас» дастанын зерттеген ғалым кім?

- Қырғыздың «Манас» дастанын зерттеген ғалым Шоқан Уалиханов.

- Ғылым академиясының алғаш президенті, геология ғылымын зерттеген жерлес ғалым кім?

- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

- Сәтбаев оқулары қайда, қандай мақсатпен өткізіледі?

- Сәтбаев оқулары ПМУ-де, ғылыммен айналысатын оқушыларға жол ашу үшін өткізіледі.

- Оқушылардың ғылыммен айналысудағы қызығушылығы қалай жүзеге асырылады?

- Оқушылардың ғылыммен айналысудағы қызығушылығы ғылыми жұмыс, зерттеулер арқылы жүзеге асырылады.

(3) сұрақ.

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдер Неше? Нешеу? Нешінші? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді.

Сан есімнің түрлері:

I Тұлғасына қарай: Негізгі, Туынды. Негізгі: екі, төрт; Туынды: бірінші, екеу;

II Құрамына қарай: Дара, Күрделі. Дара: бір, екі, жүз; Күрделі: он бес, жүз жиырма;

III Мағынасына қарай: алты түрге бөлінеді. Олар:

1. Есептік: үш, төрт, бес, жүз, мың;

2. Реттік: бірінші, оныншы, мыңыншы;

3. Жинақтық: біреу, екеу, алтау, жетеу;

4. Топтау: бір – бірден, он – оннан;

5. Болжалдық: алпыстай, бірер, оншақты;

6. Бөлшектік: бестен екі, екі бүтін оннан бес;

15 Билет. (1) сұрақ.

Астана қоныс тепкен мекеннің негізі 1830 жылы қаланған. Ол киелі Сарыарқаның төсінде жатыр.

Астана – Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Бұл жер Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтардың туған мекені.

1832 – 1961жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды. Тың және тыңайған жерлерді көтергенде Целиноград қаласы болып өзгертілді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі қабылданды. Сөйтіп, Қазақстанда жаңа астана пайда болды. Қаланың аты жаңаша - Астана деп аталды.

Астана - Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Астана – алып құрлыстар қаласы. Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.

(2) сұрақ «Болашақ мамандық» мәтінмен жұмыс

(3) сұрақ.

Заттың іс әрекетін, қимылын білдіреді.

Сұрақтары: не істеді? Не қалды? Қайтті?

Етістіктің шақтары

Осы шақ

Нақ осы шақ: Мен жүрмін.

Ауспалы осы шақ: Күнде барамын

Өткен шақ

Жедел өткен шақ: Мен бардым

Бұрынғы өткен шақ: Мен барғанмын

Ауыспалы өткен шақ: Мен баратынмын

Келер шақ

Болжалды келер шақ: Мен барармын

Мақсатты келер шақ: Менбармақпын

Ауспалы келер шақ: Мен ертең барамын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]