- •1 Билет. (1) сұрақ.
- •2 Билет
- •3 Билет. (1) сұрақ.
- •4 Билет. (1) сұрақ.
- •6 Билет. (1) сұрақ.
- •7 Билет. (1) сұрақ.
- •8 Билет. (1) сұрақ.
- •9 Билет. (1) сұрақ.
- •11 Билет. (1) сұрақ.
- •10 Билет. (1) сұрақ.
- •12 Билет. (1) сұрақ.
- •13 Билет. (1) сұрақ.
- •14 Билет. (1) сұрақ.
- •15 Билет. (1) сұрақ.
- •16 Билет. (1) сұрақ.
- •17 Билет. (1) сұрақ.
- •18 Билет. (1) сұрақ.
- •19 Билет. (1) сұрақ.
- •20 Билет. (1) сұрақ .
- •21 Билет. (1) сұрақ.
- •23 Билет. (1) сұрақ.
- •24 Билет. (1) сұрақ.
- •25 Билет. (1) сұрақ..
- •22 Билет. (1) сұрақ.
2 Билет
(1) сұрақ .
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі .Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден саба қалды
(2) сұрақ.
- Туыстық атаулар деген не?
- Ол адамның жақын – туыстарының атаулары.
- Ерлі – зайыпты өмірге ұрпақ әкелген адамдар, балаға кім болады?
- Ерлі – зайыпты өмірге ұрпақ әкелген адамдар, балаға ата – ана, әке – шеше болады.
- Ата – анадан туған ұрпақ кімдер?
- Ата – анадан туған ұрпақ балалар.
- Әке – шешеңнің әкесі саған кім болады?
- Әке – шешемнің әкесі маған ата болады.
- Ер жігіттің неше жұрты болады?
- Ер жігіттің үш жұрты бар, олар: өзжұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.
- Баласының баласы атасына кім болады?
- Баласының баласы атасына немере болады.
- Немереден туған бала кім?
- Немереден туған бала шөбере.
- Қыздың баласы атасына кім болады?
- Қыздың баласы атасына жиен болады.
- Балаға анасының төркіні кім болады?
- Балаға анасының төркіні нағашы болады.
- «Жеті атаға» байланысты қандай мақал – мәтелдер білесің?
- Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген жетесіз.
- Сен өзіңнің жеті атаңды білесің бе?
(3) сұрақ.
Құрметті ата – аналар, ұстаздар!
Сіздерді 25 мамыр күні болатын «Соңғы қоңырауға» шақырамыз. Басталуы сағат 10.00.
Мектеп әкімшілігі. №29
25 мамыр. 2013 жыл.
3 Билет. (1) сұрақ.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі қазақ тілі өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, публицистика, ресми іс қағаздарының тілі болып, стиль жағынан жан – жақты сараланады. Қазіргі қазақ тілі – сөздік жағынан мейлінше байыған, грамматикалық құрлысы барынша дамыған, оралымды тіл.
Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрады. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін, ана тілім - деп есептейді.
Қазақстан Республикасының конституциясында «Қазақ тілі – Қ. Р. мемлекеттік тілі» деп жазылған.Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.
(2) сұрақ.
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу, - «Отан» дер ем.
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ, кел – дағы от ал менен. М. Мақатаев.
(3) сұрақ.
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті болып төрт түрге бөлінеді.
Мысалы: Оқу жылы аяқталды. Сен демалыста қайда боласың?
Сендер қалаға шұғыл жетіңдер! Жайнай бер, Қазақстан!
