
- •1 Билет. (1) сұрақ.
- •2 Билет
- •3 Билет. (1) сұрақ.
- •4 Билет. (1) сұрақ.
- •6 Билет. (1) сұрақ.
- •7 Билет. (1) сұрақ.
- •8 Билет. (1) сұрақ.
- •9 Билет. (1) сұрақ.
- •10 Билет. (1) сұрақ.
- •11 Билет. (1) сұрақ.
- •12 Билет. (1) сұрақ.
- •13 Билет. (1) сұрақ.
- •14 Билет. (1) сұрақ.
- •15 Билет. (1) сұрақ.
- •16 Билет. (1) сұрақ.
- •17 Билет. (1) сұрақ.
- •18 Билет. (1) сұрақ.
- •19 Билет. (1) сұрақ.
- •20 Билет. (1) сұрақ .
- •21 Билет. (1) сұрақ.
- •23 Билет. (1) сұрақ.
- •24 Билет. (1) сұрақ.
- •25 Билет. (1) сұрақ..
- •22 Билет. (1) сұрақ.
12 Билет. (1) сұрақ.
Біздің жергілікті радиодан өте жақсы музыкалық хабарлар беріліп тұрады.
Мен көбінесе кешке тыңдаймын, өйткені соңғы хабарларды кешке береді.
Жүртшылыққа хабар тарататын кұралдардың бірі-теледедар. Ол көпшілікке усынылатын материалдарға көркемдік түр мен сипат береді.
Теледидардан білім, өнер,таным үшін кажетті бағдармаларды көруге болады. Теледидардың адам ушін пайдасы да, зияны да көп екенін естен шығармаумыз керек.
Теледидар-грек. Tele –алыс, қашықтық және лат. Video- көрермен дегенді білдіреді. 1958 жылдың 8наурызы-қазақ телидидарының туған күні деп саналады.1956 жылы алғашқы теледидар Рекорд атымен шықты.
Алғашқы диктолар-Зұлхия Жұматова,Нейля Омарова.
(2) сұрақ.
- Қазақ халқының киім – кешегінен нені байқауға болады?
- Ұлттық ерекшеліктерді, мәдени дәстүрлерді, эстетикалық талғамды байқауға болады.
- Ұлттық киімдерді неше түрге бөлуге болады?
- Әйелдер мен ерлер киімі, сыртқы және ішкі киім, бас киім, аяқ киім болып бірнеше түрге бөлінеді.
- Бір киер киімді қашан киеді? Олар қандай матадан тігіледі?
- Бір киер киімді той – думан, мерекеде киеді. Олар қымбат матадан тігіледі.
- Ерлердің қандай ұлттық киімдерін білесің?
- Ерлердің ұлттық киімі бөрік, айырқалпақ, шапан, саптама етік.
- Ерлер киімінде Қазақстанның қандай символы жиі кездеседі?
- Ерлер киімінде қыран бүркіт пен күннің көзі жиі кездеседі.
- Әйелдер киімі несімен ерекшеленеді?
- Әйелдер киімі сәнділігімен, әсемділігімен ерекшеленеді.
- Қалыңдықтың бас киімі қалай аталады?
- Қалыңдықтың бас киімі сәукеле деп аталады.
- Оның биіктігінен нені байқауға болады?
- Сәукеленің биіктігінен қалыңдықтың байлығын байқауға болады.
- Қай мерекеде ұлттық киімдер көрмесін көруге болады?
- Наурыз мерекесінде ұлттық киімдер көрмесін көруге болады.
- Бүгінгі таңда киімдерден ұлттық киімдер нышанын байқауға бола ма?
- Әрине, бүгінгі таңда киімдерден ұлттық киімдер нышанын байқауға болады.
(3) сұрақ.
Құрмалас сөйлем – бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.
Мысалы: Күз түсті, бірақ күн әлі жылы. Жаз шықты, күн жылынды.
Құрмалас сөйлем салалас құрмалас және сабақтас құрмалас болып екіге бөлінеді.
13 Билет. (1) сұрақ.
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар үйезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы). Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр.
(2) сұрақ
- Рәміз деген не? Ол нені білдіреді?
- Елдің елдігін танытып тұратын айрықша белгілері. Ол бірлікті, достықты білдіреді.
- Рәміздерге не жатады?
- Рәміздерге Ту, Елтаңба, Әнұран жатады.
- Қ. Р – сының мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?
- Қ. Р – сының мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
- Қ. Р – сының жаңа әнұранының авторлары кімдер?
- Әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазды.
- Әнұран қалай орындалады?
- Әнұранды оң қолды жүрек тұсына қойып, салтанатты түрде орындайды.
- Елтаңба ненің белгісі? Оның авторы кім?
- Елтаңба тәуелсіз елдігіміздің белгісі. Авторлары: Шота – Аман Уалиханов,
Жандарбек Мәлібекұлы.
- Елтаңбада не бейнеленген?
- Шаңырақ, уықтар, қанатты қос пырақ, бес жұлдыз бейнеленген.
- Туда не бейнеленген? Оның авторы кім?
- Туда күн сәулесі, бүркіт, ою - өрнек бейнеленген. Авторы: Шәкен Ниязбеков.
- Тудағы суреттердің мәні неде?
- Алтын күн – киелі шамшырақты, қыран бүркіт бостандықты білдіреді.
- Шетелдіктер Қ. Р. мемлекеттік рәміздеріне қандай баға берді?
- Шетелдіктер Қ. Р. мемлекеттік рәміздеріне өте жоғары баға берді.
- Рәміздердің реңдік түстерінің мәні қандай?
- Рәміздердің реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.
(3) сұрақ.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар. Тұрлаусыз мүшелерінің астын сызыңдар.