- •1 Билет. (1) сұрақ.
- •2 Билет
- •3 Билет. (1) сұрақ.
- •4 Билет. (1) сұрақ.
- •6 Билет. (1) сұрақ.
- •7 Билет. (1) сұрақ.
- •8 Билет. (1) сұрақ.
- •9 Билет. (1) сұрақ.
- •10 Билет. (1) сұрақ.
- •11 Билет. (1) сұрақ.
- •12 Билет. (1) сұрақ.
- •13 Билет. (1) сұрақ.
- •14 Билет. (1) сұрақ.
- •15 Билет. (1) сұрақ.
- •16 Билет. (1) сұрақ.
- •17 Билет. (1) сұрақ.
- •18 Билет. (1) сұрақ.
- •19 Билет. (1) сұрақ.
- •20 Билет. (1) сұрақ .
- •21 Билет. (1) сұрақ.
- •23 Билет. (1) сұрақ.
- •24 Билет. (1) сұрақ.
- •25 Билет. (1) сұрақ..
- •22 Билет. (1) сұрақ.
10 Билет. (1) сұрақ.
Кереку өңірінің топырағында көптеген ғалымдар, жазушылар, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, батырлар дүниеге келді.
Олар: ақын, әнші, композиторлар Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса Байжанов, Майра Шамсүтдинова, Естай Беркімбаев; ақындар Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Иса Байзақов, Қалижан Бекхожин, Мұзафар Әлімбаев, Аманжол Шамкенов, Мүбәрак Жаманбалинов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Нұтфолла Шакенов, Олжас Сүлейменов; жазушылар Дихан Әбілов, Зейін Шашкин, Қалмұқан Исабаев, Рамазан Тоқтаров; Қаныш Сәтбаев бастаған ғалымдар, артистер Қуат, Суат Әбусейітовтер, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев; батырлар Олжабай, Жасыбай, Қанаш Қамзин, Серікбай Мүткенов, Махмет Қайырбаев т.б.
(2) сұрақ.
- Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесің?
- Қыз қуу, бәйге, күрес, көкпар, аударыспақ, көрші, алтыбақан ойындарын білемін.
- Осы ойындардың ішіндегі қайсысы спорттық ойынға жатады?
- Осы ойындардың ішінде күрес, бәйге, көкпар, аударыспақ спорттық ойынға жатады.
- Балаларға арналған қандай ойындар бар?
- Балаларға арналған аударыспақ, көрші, асық ойындары бар.
- Жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін ойын қалай аталады?
- Жылдам есептеу мен тез шешім қабыдауды қажет ететін ойын тоғызқұмалақ ойыны.
- Теледидардан ұлттық ойындардың атымен жүргізілетін қандай бағдарлама бар?
- Теледидардан «Алтын сақа», «Қыз қуу» ұлттық ойындарының атымен жүргізілетін бағдарлама бар.
- Ертеде жастар құпия кездесу үшін қандай ойын ойнаған?
- Ертеде жастар құпия кездесу үшін «Ақ сүйек» ойынын ойнаған.
- Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?
- Наурыз мерекесінде алтыбақан, күрес, көкпар т. б. ұлттық ойындары өткізіледі.
- Асық ойынының қандай түрлерін білесіңдер?
- Бес асық, ханталапай, хан алшы сияқты түрлерін білемін.
- Асық ойыны баланы неге үйретеді?
- Асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке үйретеді.
- Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні қандай? Неге үйретеді?
- Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Баланы шапшаңдыққа, алғырлыққа, мергендікке, көрегендікке, ептілікке үйретеді.
(3) сұрақ.
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым. Тілдегі дыбыстар сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
Олар: дауысты , дауыссыз болып екіге бөлінеді. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан, жіңішке; еріннің қатысына қарай еріндік, езулік; жақтың қатысына қарай ашық, қысаң болып жіктеледі.
Дауыссыз дыбыстар қатаң (глухой), ұяң (звонкий), үнді (сонорный).
11 Билет. (1) сұрақ.
Бекхожин Қалижан Нұрғожаұлы 1913 жылы Павлодар қаласында туған. Қазақ ақыны. Қазақстанның Халық жазушысы. 1938 жылы Қазақ пединститутын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақстан Жазушылар одағында, Тіл және әдебиет институтында жұмыс істеді.
1949 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы лирикалық туындылары замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін жырлады. Қазақ халқының дарындары тұлғалары туралы «Орман қызы» атты тұңғыш поэмасы 1938 жылы республикалық бәйгеде жүлде алды.
«Партизан Балтабай», «Кек» (1940) поэмалары азамат соғысы жылдарындағы қазақ халқының ерлігіне арналды. Тарихи тақырыпқа жазылған «Ақсақ құлан» атты поэмасында 13 ғасырдағы қазақ халқының ерлік күресін суреттейді.
Соғыс жылдары «Александр Невскиий» (1941), «Жиырма сегіз» (1942), атты патриоттық дастандар жазды.
Бекхожин драматургия саласында да үлкен үлес қосқан жазушы. «Егер жүрек шын берілсе», «Нөсерден кейін», «Ұлыстың ұлан асуы», «Гималай сарыны» пьесалары республика, облыстық театрларды қойылды.
(2) сұрақ
- Халқымыз неліктен әнші халық атанған?
- Өйткені, халқымыз ән сүйер халық болған.
- Парижде ән салған әнші кім?
- Парижде ән салған әнші Әміре Қашаубаев.
- Қазақ халқының бұлбұл әншісі кім?
- Қазақ халқының бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенова.
- Майданда жауынгерлерді әнімен шыңдаған әнші кім?
- Майданда жауынгерлерді әнімен шыңдаған әнші Роза Бағланова.
- Жаңа әнұранның әнін жазған сазгер кім?
- Жаңа әнұранның әнін жазған сазгер Шәмші Қалдаяқов.
- Неліктен Шәмші Қалдаяқовты «вальс королі» деп атаған?
- Шәмшінің әндерінің әуені, көбінесе, вальс ырғағында жазылған.
- Қазақ сахнасының қандай эстрада әншілерін білесің?
- Тоқтар Серік, Бейбіт Сейдуалиева, Саят Медеуов, Мадина Садуақасов т. б. білемін.
- Роза Рымбаева туралы не білесің?
- Роза Рымбаева Қ. Р. «халық әртісі», мемлекеттік сыйлықтың иегері.
- Осы жылғы мерейгер әншілер кімдер?
- Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов сияқты әншілерді білемін.
- Ақсу колледжіне кімнің аты берілген?
- Ақсу колледжіне Жаяу Мұса Байжановтың аты берілген.
- Әнге байланысты қандай мақал – мәтелдер білесің?
- Нан болса - әнде болады, Ән – көңілдің ажары.
(3) сұрақ. Павлодар қаласы Мектебі №29
директоры
Ф. Исмаилович
9 «А» сынып оқушысы
Смагулов Алмаз
Өтініш
Шахмат ойынынан қалалық олимпиадаға қатысу үшін мені сабақтан 2 күнге босатуыңызды сұраймын.
Смагулов Алмаз
15 қыркүйек, 2008ж.
