Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

8 Билет. (1) сұрақ.

1997 жылы елбасының республика халқына арналған «Қазақстан - 2030» Жолдауы жарияланды.

Бұл – еліміздің 2050 жылға дейінгі бағытын анықтайтын бағдарлама. Елбасы халқымызға елімізде атқарылатын жұмыстардың зор екенін ескертеді. Бағдарламада еліміздің табиғат байлықтарын сақтау талап етілген.

Президент жолдауында: «Қазақстан барысы өзі ішетін тұнық судың тазалығын, табиғатты қатаң қадағалап отыратын болады», - деген. Елбасы әрбір азаматтан салауатты өмір салтын күтеді.

«Азия барысы» еліміздің символы ретінде айтылған. Оның мәні зор. Барыс - өте сирек кездесетін ерекше алғыр, айлалы, жасқануды білмейтін батыл аң.

(2) сұрақ.

- Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді? Ол қандай мейрам?

- «Нау» - жаңа, «руз» - күн, - деген ұғымды білдіреді. Ол – халық мейрамы.

- Наурыз қалай өтеді?

- Наурыз мейрамы көңілді өтеді.

- Наурызда не болады?

- Наурызда ән айтылады, ұлттық ойындар өткізіледі, көже пісіріледі.

- Көженің мәні неде?

- Көже пісіру 7 тағамға деген сый – құрмет көрсету.

- Ол қандай тағамдар?

- Ол: су, сүт, ет, дән, ұн, тұз, май.

- Неге осы жеті тағам қосылып пісіріледі?

- Бұл өмірге ең керек жеті тағам. Бұларсыз адам өмір сүре алмайды.

- Наурызда табиғатта қандай өзгерістер болады?

- Наурызда табиғат оянады.

- Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?

- Наурыз мерекесінде күрес, көкпар, бәйге, алтыбақан т. б. ұлттық ойындар өткізіледі.

- Наурыз мерекесі біздің елімізде қай жылдан бастап жаңғырды?

- Наурыз мерекесі біздің елімізде 1988 жылдан бастап жаңғырды.

- Наурыз мерекесі саған неліктен ұнайды?

- Наурыз күн мен түннің теңелген күні, Самарқанның көк тасының жібіген күні, сондықтан маған ұнайды.

(3) сұрақ.

Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем жалаң, сөйлем деп аталады. Мысалы: Жұмыс жүріп жатыр. Сабақ аяқталды.

Тұрлаулы мүшелерімен бірге, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем, жайылма сөйлем деп аталады.

9 Билет. (1) сұрақ.

Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңының 4 бабында Қ. Р. мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп көрсетілген. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қ. Р. тіл туралы Заңының 16 бабында былай деп жазылған. Қ. Р – сы орта, арнаулы орта және жоғары білімді мемлекеттік тілде, ал қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз етеді. Барлық білім беру орындарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім беру туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.

(2) сұрақ.

- Қазақстанда қай күндер мерекелі күн болып белгіленді?

- Қазақстанда тарихи маңызы бар, елеулі күндер мерекелі болып белгіленді.

- 30 тамызда қандай мереке тойланады?

- 30 тамызда Ата Заң күні тойланады.

- 25 қазан қандай мереке?

- 25 қазан Қазақстан Республикасының туған күні.

- Тәуелсіздік күні қашан?

- 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

- Көктемнің алғаш мерекесі қалай аталады?

- Көктемнің алғаш мерекесі «8 наурыз халықаралық әйелдер күні» - деп аталады.

- Көктемгі ұлттық мереке қалай аталады?

- Көктемгі ұлттық мереке «Наурыз мерекесі» деп аталады.

- 1 мамыр қандай мереке?

- 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

- Жеңіс күні қашан?

- Жеңіс 9 мамыр күні.

- Ұлы Жеңіс күніне биыл неше жыл?

- Ұлы Жеңіске биыл 63 жыл.

- Соғыс ардагерлеріне қандай құрмет көрсетіледі?

- Біздің елімізде, соғыс ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі

(3) сұрақ.

Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.

Мысалы: Шәмші Қалдаяқов – атақты сазгер, ол әнұранның әнін жазған тамаша өнер иесі. Құрмалас сөйлем құрамына қарай үш түрлі болады: салалас, сабақтас, аралас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]