Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

6 Билет. (1) сұрақ.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөз бар.Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.Шаңырақ – киіз үй мен көк әлемнің арасын қосып тұратын қасиетті ұғым. Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегі қайыңнан жасалады. Оны оюлап өрнектейді және айналдыра жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасайды, уық қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, оны «қаламдық» дейді. Ал, күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып

кетпес үшін қойылады.

(2) сұрақ.

- Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?

- Қазақ халқының бесбармақ, қазы-қарта, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдарын білемін.

- Дастарханның басты асы не?

- Дастарханның басты асы – нан.

- Еттен қандай тағамдар әзірленеді?

- Еттен қуырдақ, бесбармақ, тұшпара, палау тағы басқа тағам әзірленеді.

- Бауырсақ, таба нанды неден пісіреді?

- Бауырсақ, таба нанды ұннан пісіреді.

- Ораза кезінде міндетті түрде қандай тағамды дастарханға қояды?

- Ораза кезінде дастарханға бауырсақ, шелпек қояды.

- Емге пайдалы қандай сусын?

- Емге пайдалы қымыз сусыны, ол бие сүтінен ашытылады.

- Еріген қойдың майын халқымыз не үшін пайдаланады?

- Келін түскенде отқа май құю салты бар және суық тигенде емге пайдаланады.

- Наурыз мерекесінде міндетті түрде қандай мерекелік тағам дайындалады?

- Наурыз мерекесінде міндетті түрде наурыз көже дайындалады.

- Сүттен қандай тағам әзірлеуге болады?

- Сүттен ірімшік, сүзбе, сірне, айран, май, қоспа тағамдарын әзірлеуге болады.

- Сеніңше, жаңа талғаммен мейрамхана дастарханына қандай ұлттық тағам қояр едің?

- Меніңше, мейрамхана дастарханына бесбармақ, орама нан, бәліш қояр едім.

- Сенің анаң қандай ұлттық тағамды әзірлеуді дәстүрге айналдырған?

- Менің анам бесбармақ, тұшпара сияқты тағам әзірлеуді дәстүрге айналдырған.

(3) сұрақ.

Қаратпа сөз – сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөздердің бірі. Қаратпа сөз өзі тұрған сөйлемнің мазмұнына белгілі мағыналық байланыста болады да, бірақ сол сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспейді.

Мысалы: Ой, Аня мұның не? Өзгеге көңілім тоярсың. (Абай). Иә, сәлем қайда, Таня? Қаратпа сөз көбінесе лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдерде жиі қолданылады, онда көбінесе бастауышы айтылмайды.

7 Билет. (1) сұрақ.

Көне ескерткіштер V – VII ғасырда Орхон Енисей өзенінің бойынан табылған. Бұл ескерткіште түркі елінің батыр, қолбасшылары туралы жазылған.

Түркі ақындары өздерінің әдеби мұрасын келер ұрпаққа жеткізу үшін, оларды құлпытастарға қашап жазып кеткен.

Бұл тастардағы жазуды алғаш оқыған Дания ғалымы Вильгельм Томсен (1893ж). Тастарда жазылған жырлар түркілердің қағаны Білгеге, оның қолбасшысы Күлтегінге, ақылшысы Тоныкөкке арналған. Бұл жырларда батырлардың өз елін жаудан қорғауы, жасаған ерліктері, жақсы істері қызықты баяндалады. Күлтегін мен Тоныкөк қанды соғыстарда жеңіп, халқына бейбіт өмір орнатады.

2001 жылы Қ. Р – сының премьер министрі Иманғали Тасмағанбетов Орхон Енисей жазбасының көшірмесін әкеліп, Астанадағы Еуразиялық университетке қойды.

Ол біздің халқымыздың асыл қазынасы, мол мұрасы болып табылады.

(2) сұрақ.

- Қазақ халқының қандай салт – дәстүрлерін білесің?

- Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, құда түсу, сырға салу, беташар сияқты

салт – дәстүрлерді білемін.

- Сәбидің өмірге келуіне байланысты қандай салт – дәстүрлерді айта аласың?

- Шілдехана, қырқынан шығару, бесік тойын айта аламын.

- Тілашар тойы қашан жасалады?

- Тілашар тойы бала мектепке баратын кезде жасалады.

- Ер балаға қандай мұсылмандық белгісі жасалады?

- Ер балаға 5 - 7 жас аралығында сүндетке отырғызу, мұсылмандық белгісі жасалады.

- Мүшел жас деген не?

- Алғашқы мүшел жас 13 те, одан кейін 12 жылдан жыл айналуына байланысты, қайталанып отырады. Мүшел жас қатерлі деген ұғым бар.

- Сырға салу нені білдіреді?

- Сырға салу, құда түсу, құдаласуды білдіреді.

- Үйлену тойына байланысты қандай салт - дәстүрді білесің?

- Ұрын бару, құдаласу, беташар сияқты салт - дәстүрлерді білемін.

- Құрмалдық неге беріледі?

- Зіл - зала, жол апатынан аман қалғанда, ұзақ сапардан оралғанда құрмалдық беріледі.

- Ерулік деген не?

- Жаңа қоныстанған адамды көршілері қонаққа шақыру, ерулік – деп аталады.

- Жастардың оңаша қалғанда бас қосуы қалай аталады?

- Жастардың оңаша қалғанда бас қосуы, бастаңғы – деп аталады.

- Өмірдің кезеңдеріне байланысты болатын тойларды ата.

- Мүшел той, мерей той, күміс той, алтын той, зейнеткерлікке шығуға байланысты өткізілетін той т. б. тойлар.

(3) сұрақ.

Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады. Төл сөз айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты немесе лепті болып келуі мүмкін.

Тыныс белгілері де соған орай қойылады.

«Т, ? !» - а. Төл сөз автор сөзінен бұрын келсе, төл сөзден кейін не , не ?, не ! қойылып, одан кейін сызықша қойылады.

А: «Т, ? !» Автор сөзі төл сөзден бұрын келсе, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады да, төл сөз сызықша не тырнақша арқылы бас әріппен бастап жазылады.

«Т, - а, - Т» Автор сөзі аяқталмаған төл сөзді бөліп тұрса, яғни автор сөзі төл сөздің ортасында келсе, автор сөзінің екі жағынан да үтір және сызықша қойылады.

«Т, ? ! – а. - Т». Автор сөзі жеке сөйлем түрінде төл сөздердің ортасында келіп, аяқталған ойды білдіріп тұрса, одан кейін нүкте қойылады да, келесі төл сөз сызықшадан кейін бас әріппен бастап жазылады.

Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз.

Мысалы: Мұғалім ертең сенбілік болатыны туралы айтты.

Төл сөз. Мысалы: Мұғалім: «Ертең, сенбілік болады», - деді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]