Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

4 Билет. (1) сұрақ.

Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы және оқу құралының авторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы, Сартүбек деген жерде 1873 жылы туған. Әкесі оны Торғайдағы орыс – қазақ мектебіне оқуға береді. 1891 жылы мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі. Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. Ол – қазақ тілі емілесінің реформаторы, қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы.

Бұл туралы жазушы Мұхтар Әуезов Ахмет Байтұрсыновты өте жоғары бағалап: «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, т. б. өнер – білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты – біз ұмытқанда да, тарих ұмытпайтын істер», - деді. Қырық мысал кітабы 1909 жылы Петербургте басылды. Ол И. А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударған.

(2) сұрақ.

- Қазақстанда неше облыс бар?

- Қазақстанда 14 облыс бар.

- Облыстың орталық қалаларын ата.

- Облыстың орталық қалалары Ақсу, Екібастұз.

- Павлодар облысында неше аудан бар?

- Павлодар облысында 12 аудан бар.

- Павлодар облысы қай жылы құрылды?

- Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды.

- Павлодар облысы қайда орналасқан?

- Павлодар облысы Қазақстанның солтүстік - шығысында орналасқан.

- Павлодар облысы Қ. Р – сының қандай орталығы?

- Павлодар облысы Қ. Р – сының өндірістік орталығы.

- Облыста қандай өндіріс орындары бар?

- Облыста Аллюминий, Мұнай өңдеу, Ақсу Ферроқорытпа зауыты сияқты өндіріс

орындары бар.

- Павлодар облысының табиғаты қандай?

- Павлодар облысының табиғаты қоңыржай.

- Павлодар облысының топырағында қандай атақты ақын, әнші, сазгерлер, жазушылар, ғалымдар, әртістер дүниеге келді?

- Бұхар Жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса Байжанов, Жүсіпбек Аймауытов, Естай Беркінбаев, Иса Байзақов, Қаныш Сәтбаев, Сәбит Дөнентаев сияқты атақты адамдар дүниеге келді.

- Қазақстанның қандай мәдени орталықтарын білесің?

- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрын, М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драм-театрын білемін.

- Еліміздің жас, әдемі, сұлу қаласы қай қала?

- Еліміздің жас, әдемі, сұлу қаласы Астана қаласы.

(3) сұрақ.

Аяулы, менің анашым!

Сізді туған күніңізбен құттықтаймын. Зор денсаулық, бақыттыда ұзақ өмір сүріп, еңбегіңіздің жемісін көруіңізге тілектеспін.

Тілек білдіруші ұлыңыз немесе қызыңыз.

5 билет. (1) сұрақ. «Павлодар қаласындағы мұражайлар» туралы әңгімелеңіз

Павлодар қаласында кеесідей мұражайлар бар:

1.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы

2. Д. П. Багаев атындағы үй мұражайы

3.М. Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы Үйі

4.Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы

5.Бухар Жырау атындағы мұражай

6.П.Васильев атындағы мұражай

Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зерттеу қоғамы» бөлімі аясында құрылған болатын. 1959 жылы оған Павлодар облысының тумасы, саяхаттаушы, Орталық Азия зерттеушісі – Г.Н.Потанин есімі берілді. Мұражай экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 8 залдан тұрады. Мұражай жинағының негізін төмендегідей коллекциялар құрайды: археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматика, фотобейне коллекциясы, деректі, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару – оқ және суық қару

Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы

Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы 1992 жылы ашылды. Мұражай экспозициясы 8 залда орналасқан.

Ақын Павел Васильевтің үй-мұражайы

Үй-мұражайдың салтанатты ашылуы 1994 жылы 23 желтоқсанда, П.Васильевтің туған күніне орай өткізілді. Жаңа мұражай экспонаттарының көп бөлігі Е.А.Вялова, ақынның қызы Н.П.Фурман және ағасы В.Н.Васильев атынан тапсырылды. Келесі жылдары Үй-мұражай қоры тек П.Васильев қана емес, оның замандастарының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер беретін құжаттар мен материалдарға тола бастады. Бұл ақпарат ақының өмірі мен шығармашылығын терең түсінуге ықпалын тигізді.

(2) сұрақ

1. Ана сүті – бой өсіреді,

Ана тілі – ой өсіреді.

2. Ананың сүті – тәтті,

Баланың тілі – тәтті.

3. Құр судан май шықпайды,

Құр сөзден мән шықпайды.

4. Жақсының сөзі ақыл шақырады,

Жаманның сөзі ашу щақырады.

5. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,

Емен ағаштың иілгені – сынғаны.

6. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

7. Бал тамған тілден, у тамар.

(3) сұрақ

Айтылуы әртүрлі, бірақ мағынасы жақын сөздерді синонимдер дейміз. Мысалы: әдемі, сұлу, көркем, ажарлы; оқушы, шәкірт; мұғалім, ұстаз.

Қарама – қарсы мәндес сөздерді антоним дейміз. Мысалы: ақ – қара; күн – түн; ұзын – қысқа; туды - өлді; ақылды – ақымақ; келді – кетті; жақсы – жаман.

Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі сөздерді омоним дейміз. Мысалы: Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Сен ағаңа хат жаз. Анам дүкеннен алма сатып әкелді. Сен сабақта нашар баға алма.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]