Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakhsky_yazyk.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

25 Билет. (1) сұрақ..

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген) – ақын, ағартушы – демократ. Бір жасында анасынан жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) ұлын өзі арабша хат танытып, сауатын ашқан. Кейін ауыл молдасы Мұқаннан дәріс үйреніп, сол кісінің өнегесімен 13 жасынан өлең, әңгіме жаза бастайды. «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» өлеңмен жазылған романдары, сол кездегі халықтың әлеуметтік тұрмысы, әйел теңсіздігі туралы жақсы жазылған туындылары.

(2) сұрақ.

-Сен қай қалада тұрасың?

-Мен Ақсу қаласында тұрамын.

-Ақсу қандай қала?

-Ақсу шағын, әдемі қала.

-Ол қайда орналасқан?

-Ол Ертіс жағасында орналасқан.

-Қалада қандай оқу орындары бар?

-Сенің қалаң көне ме, жаңа ма?

-Менің қалам жаңа.

-Қандай оқу орндары бар?

-Қалада көлледждер, мектептер бар.

-Өзің қай мектепте оқисың?

-Мен сегізінші мектепте оқимын.

-Қалада қандай ұлт өкілдері тұрады?

-Қазақ, татар, орыс, неміс, азербайджан, т.б ұлт өкілдері тұрады

- Олар қалай тұрады?

-Олар тату-тәтті тұрады.

(3) сұрақ.

Заттың іс-қимылының мезгілін, мекенін, жай-күйін білдіретін сөздерді үстеу деп атайды. Үстеу қашан? қайда? қайдан? қалай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: биыл, алда, жоғарыда, тез.

Үстеулер мағынасына қарай мезгілдік, мекендік, сын-қимыл (бейнелік), мөлшерлік, күшейткіш, мақсат, себеп-салдар, топтау болып сегіз түрге бөлінеді.

1. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін, уақытын білдіреді. Мысалы: Биыл көктем ерте келді.

2. Сын-қимыл (бейнелік) үстеулер қимыл, іс-әрекеттің алуан түрлі сапасын білдіреді. Мысалы: Шөп қаулап өсті.

3. Мекен үстеулер қимыл, іс-әрекеттің орнын (мекенін) білдіреді. Мысалы: Алыстан қонақтар келді.

4. Мөлшер үстеулері іс-әрекет пен қимылдың мөлшерін білдіреді. Мысалы: Біз осыншама дайындалдық.

5. Күшейту үстеулері заттың, сынның, іс-әрекет, қимылдың мөлшерін аса асыра немесе аса кеміте көрсетеді. Мысалы: Азамат өте жақсы оқиды.

6. Мақсат үстеулер қимыл-әрекеттің мақсатын білдіреді: Мысалы: Ол әдейі айтты.

7. Себеп-салдар үстеулері қимыл-әрекеттің себебін білдіреді. Мысалы: Ол қалаға текке барды.

8. Топтау үстеулері қаншалап, қалай сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Арман кітаптарды рет-ретімен қойды.

22 Билет. (1) сұрақ.

Музыка – классикалық және қазіргі жеңіл музыка болып бөлінеді. Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады: поп, рок, диско, рэп және т.б. Жасөспірімдер техно және диско музыкасын жақсы көреді. Орта жастағы өнерсүйгіштер көбіне джаз, рок, поп деген бағыттарды ұнатады. Қазақстан эстрада жұлдыздары көп. Олар: Тоқтар Серік, Бейбіт Сейдуалиева, Ақбота Керімбекова т.б.

(2)сұрақ.

Сертінің ұрлап қара атын, Жазықсыз киып қанатын, Жапанда жаяу қалдырып, Жайым жоқ қарғыс алатын. Ел арасын егер қып, Ойым- жоқ шұрқан салатын. Қоныстан елді бостырып, Неміз бар енді шабатын! Өлең мен сөзді дос қылып, Құрамын ақын санатын!

(3)сұрақ. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеуесімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6)болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі. 1. Жіктеу есімдігі. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар2. Сілтеу есімдігі. Олар: бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.3. Сұрау есімдігі. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б. 4. Өздік есімдігі. Олар: Өз, өзім, өз-өзіне т.б.5. Жалпылау есімдігі. Олар: бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін.6. Болымсыздық есімдігі. Олар: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан,ешқандай, ешқайдан, ешқайда.7. Белгісіздік есімдігіне. Олар: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]