
- •1 Билет. (1) сұрақ.
- •2 Билет
- •3 Билет. (1) сұрақ.
- •4 Билет. (1) сұрақ.
- •6 Билет. (1) сұрақ.
- •7 Билет. (1) сұрақ.
- •8 Билет. (1) сұрақ.
- •9 Билет. (1) сұрақ.
- •10 Билет. (1) сұрақ.
- •11 Билет. (1) сұрақ.
- •12 Билет. (1) сұрақ.
- •13 Билет. (1) сұрақ.
- •14 Билет. (1) сұрақ.
- •15 Билет. (1) сұрақ.
- •16 Билет. (1) сұрақ.
- •17 Билет. (1) сұрақ.
- •18 Билет. (1) сұрақ.
- •19 Билет. (1) сұрақ.
- •20 Билет. (1) сұрақ .
- •21 Билет. (1) сұрақ.
- •23 Билет. (1) сұрақ.
- •24 Билет. (1) сұрақ.
- •25 Билет. (1) сұрақ..
- •22 Билет. (1) сұрақ.
23 Билет. (1) сұрақ.
Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында — Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады.
(2)сұрақ.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» -деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «адам» деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққанын көпке таңытады. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
(3) сұрақ.
Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер және сөз тізбегі сөйлем мүшелері деп аталады.
Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері болады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш пен баяндауыш. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
24 Билет. (1) сұрақ.
Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Ол Қазақстанның солтүстік шығысында, Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Облыста он екі аудан – Ақсу, Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Екібастұз, Ертіс, Қашыр, Аққу, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандары, төрт қала – Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс қалалары бар. Халқы көп ұлтты.
Павлодар облысы – Қазақстан Республикасының ауыр индустрия, энергетика және мәдениет орталықтарының бірі. Облыста алюминий, мұнай өңдеу, ферроқорытпа зауыттары, көмір разрездері, жылу электр станциялары жұмыс істейді.
Павлодар облысында табиғаты әсем, ауасы, суы, батпағы, шипалы Мойылды курорты, Баян таулары, Шалдай қарағайлы орманы, Сабындыкөл, Жасыбай көлдері бар. Ерке Ертіс өзеніне, Маралды көліне, Баянауыл баурайына арнап жерлес ақын, композиторлар өлең жазып, әндер шығарды.
Павлодар топырағында көптеген ғалымдар, атақты адамдар дүниеге келді. Олар: Бұхар Жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жаяу Мұса, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Айманов, Сәбит Дөнентаев т. б.
(2) сұрақ.
- Қандай қазақ батырларын білесің?
- Қандай қазақ батырларын білесің?
- Қабанбай, Бөгенбай, Сұраншы, Қарасай сияқты қазақ батырларын білемін.
- Олар қазақ жерін кімдерден қорғады?
- Олар қазақ жерін басқыншы жоңғарлардан, қалмақтардан қорғады.
- Ұлы Отан соғысының батырларын ата.
- Ұлы Отан соғысының батырлары: Қ. Қамзин, С. Мүткенов, М. Қайырбаев т. б.
- Олардың ерліктері немен марапатталды?
- Олардың ерліктері ордендермен медальдармен марапатталды.
- Жерлес батырларды білесің бе?
- Жерлес батырлар: Жасыбай, Олжабай т. б.
- Батырларды еліміз қалай құрметтейді?
- Батырларды еліміз аса зор қошеметпен құрметтеп, еске алады.
- 28 панфилавшылар дивизиясының ішіндегі қазақ батыры кім?
- 28 панфиловшылар дивизиясының ішіндегі қазақ батыры Бауыржан Момышұлы.
(3) сұрақ.
Заттың сынын, сипатын, түрін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есімдер қандай? қай? кімнің? ненің? Деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есімдер қазақ тілінде көбінесе анықтауыш болып келеді.
Мағынасына қарай: сапалық – ақ, қара, үлкен; қатыстық – тұзды, көрікті, орманды; болып екі түрге бөлінеді.
Тұлғасына қарай: негізгі – жақсы, әдемі, кең, суық; туынды – қысқы, таулы, өткір;
Құрамына қарай: дара – кіші, тар, нәзік, мол; күрделі – ұзын бойлы, қызыл ала