
- •1 Билет. (1) сұрақ.
- •2 Билет
- •3 Билет. (1) сұрақ.
- •4 Билет. (1) сұрақ.
- •6 Билет. (1) сұрақ.
- •7 Билет. (1) сұрақ.
- •8 Билет. (1) сұрақ.
- •9 Билет. (1) сұрақ.
- •10 Билет. (1) сұрақ.
- •11 Билет. (1) сұрақ.
- •12 Билет. (1) сұрақ.
- •13 Билет. (1) сұрақ.
- •14 Билет. (1) сұрақ.
- •15 Билет. (1) сұрақ.
- •16 Билет. (1) сұрақ.
- •17 Билет. (1) сұрақ.
- •18 Билет. (1) сұрақ.
- •19 Билет. (1) сұрақ.
- •20 Билет. (1) сұрақ .
- •21 Билет. (1) сұрақ.
- •23 Билет. (1) сұрақ.
- •24 Билет. (1) сұрақ.
- •25 Билет. (1) сұрақ..
- •22 Билет. (1) сұрақ.
20 Билет. (1) сұрақ .
Павлодарлық суретші қазақстандық өнер әлеміне өзгеше қолтаңбасын қалдырып, ерекше реңк енгізді. Еңбектерінің ерекшелігі осының барлығы ою-өрнекпен көмкеріліп, ұлттық нақыш, мақаммен берілуінде. Талғампаз сыншылардың жоғары бағасын алып жүрген талантты суретшінің туындылары көрмелерде ең жоғары бағаға ие болып жүр. Оның шығармашылық еңбектері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Павлодар, Семей, Атырау және Қарағанды көркемсурет мұражайларының қорларында, Қазақстан, Франция, Германия, Канаданың жеке коллекцияларында сақталуда.
Ғ. Қаржасовтың үздік туындылары Нью-Йорк, Амстердам, Варшава, Вроцлава, Берлин, Штутгарт пен Мюнхеннің мұражайларында, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында, Мәдениет пен келісім сарайында көрмелерінде қойылды.
(2) сұрақ.
Абайдың өлеңін жатқа айтыңы
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз
(3) сұрақ Мына сөздерге лексикалық талдау жасаңыз.
21 Билет. (1) сұрақ.
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сүйінбай ауылында дүниеге келді. Оның арғы атасы Құсеп Жиенқұлұлы батыр, ақын және шебер қобызшы болған.
Сүйінбай жастық шағынан бастап, өмірінің соңына дейін туған елінің тағдырымен болашағы үшін жан аямай күрескен адам. Ол әсіресе, өз елінің ұл – қыздарының намысын қорлайтын, басқыншы соғыстарға қарсы болған.
Сүйінбай ақынның өлеңдерінде жауапкершілік, жорықтық сарынмен бірге азамат өмірінің дамуын бейнелейтін ойшыл өлеңдерімен пәлсапалық толғауларыда бар.
Сүйінбай әлемге әйгілі Жамбылдың ұстазы. Жамбыл Сүйінбайды «пірім» деп атаған.
(2) сұрақ.
- Қазақстан елінің жері қандай?
- Қазақ елінің жері кең – байтақ, ұшан – теңіз.
- Қазақстан қанша экономикалық аймаққа бөлінеді?
- Қазақстан бес экономикалық аймаққа бөлінеді.
- Олар қандай экономикалық аймақтар?
- Олар: Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік экономикалық аймақтар.
- Батыс Қазақстанда не өндіріледі?
- Батыс Қазақстанда мұнай өндіріледі.
- Солтүстік Қазақстан өңірі қай қалаларды қамтиды?
- Ол – Қостанай, Петропавловск, Көкшетау, Павлодар қалаларын қамтиды.
- Орталық Қазақстан аймағы қалай аталады?
- Орталық Қазақстан аймағы Сарыарқа деп аталады.
- Сарыарқа – Қазақстандағы қандай металдардың қоймасы?
- Сарыарқа – Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы.
- Қазақстанның Шығыс аймағына қай қалалар жатады?
- Қазақстанның Шығыс аймағына Өскемен, Семей қалалары жатады.
- Шығыс Қазақстанда қандай әсем көлдер бар?
- Шығыс Қазақстанда Зайсан, Марқакөл сияқты әсем көлдер бар.
- Оңтүстік Қазақстанға қай облыстар жатады?
- Оңтүстік Қазақстанға – Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары жатады.
- Бұл өлке неге бай? Табиғаты қандай?
- Бұл өлке – мақтаға, көкөніске, жеміс – жидекке бай. Табиғаты аса сұлу.
(3) сұрақ.
Динара Жамбылқызы 1993 жылы туған, ұлты – қазақ. №8 орта мектептің 9«А» сыныбында оқиды. Мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласады. Түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Жыл сайын сыныпты Мадақтау қағазымен бітіреді.
Мінезі салмақты. Өз жолдастарының алдында беделді. Мектептегі үлгілі оқушылардың бірі.
Мектеп директоры (қолы) (аты – жөні)
Сынып жетекшісі (қолы) (аты – жөні)