
- •1 Билет. (1) сұрақ.
- •2 Билет
- •3 Билет. (1) сұрақ.
- •4 Билет. (1) сұрақ.
- •6 Билет. (1) сұрақ.
- •7 Билет. (1) сұрақ.
- •8 Билет. (1) сұрақ.
- •9 Билет. (1) сұрақ.
- •10 Билет. (1) сұрақ.
- •11 Билет. (1) сұрақ.
- •12 Билет. (1) сұрақ.
- •13 Билет. (1) сұрақ.
- •14 Билет. (1) сұрақ.
- •15 Билет. (1) сұрақ.
- •16 Билет. (1) сұрақ.
- •17 Билет. (1) сұрақ.
- •18 Билет. (1) сұрақ.
- •19 Билет. (1) сұрақ.
- •20 Билет. (1) сұрақ .
- •21 Билет. (1) сұрақ.
- •23 Билет. (1) сұрақ.
- •24 Билет. (1) сұрақ.
- •25 Билет. (1) сұрақ..
- •22 Билет. (1) сұрақ.
18 Билет. (1) сұрақ.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны[1] боп табылады.
(2) сұрақ.
- Қазақстан табиғаты қандай?
- Қазақстан табиғаты қоңыржай.
- Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесің?
- Қазақстанның Көкшетау, Баянауыл сияқты көрікті жерлерін білемін.
- Табиғаттың бұзылуына нелер әсер етеді?
- Табиғаттың бұзылуына зауыт, фабрикалар, ірі өндіріс орындары әсер етеді.
- Қазақстанның қай жерінде ядролық сынақтар, жарылыстар болды?
- Семей облысында ядролық сынақтар, жарылыстар болды.
- Ядролық сынақтың жабылуына кім өз үлесін қосты?
- Ядролық сынақтың жабылуына Олжас Сүлейменов өз үлесін қосты.
- Арал теңізі неліктен жойылды деп ойлайсың?
- Ондағы экологияның бұзылуына байланысты, жойылды деп ойлаймын.
- Біздің қаламыздың экологиясы қандай, оның бұзылуына нелер әсер етеді?
- Біздің қаламыздың экологиясы нашар, оған зауыт, ГРЭС әсер етеді.
- Табиғатты қорғауға өзің қандай үлес қосар едің?
- Табиғатты қорғауға өзім зор үлес қосар едім.
- Табиғатты қорғау жөнінде елбасының қандай бағдарламасы бар?
- Табиғатты қорғау жөнінде елбасының «Жасыл ел» бағдарламасы бар.
(3) сұрақ.
Фразеологизмдер – тұрақты сөз тіркестері. Тұрақты сөз тіркесі бір сөзге синоним болуы да мүмкін.
Иман жүзді – мейірімді; жаужүрек – батыр; екі көзі төрт болу – қорқу; көз ілмеу – ұйықтамау; өлердегі сөзін айту – жалыну;
19 Билет. (1) сұрақ.
Қыркүйек айы жақын қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды жаңа оқу жылына күтіп тұр. Жазғы демалыстары көңілді өткізген оқушылар мектептеріне сағынышпен оралатыны сөзсіз.
Мен Абай даңғылы бойында орналасқан бес қабатты аралас мектепте оқимын. Мектебіміз соңғы технология бойынша жабтықталған. Біздің мектепте компьютер сыныптары, үлкен кітапхана , спорт залы бар. Компьютерлер ғаламтор жүйесіне қосылған. Ал спорт залы еш уақытта бос болмайды. Оқушылар спортпен айналысады. Мектептің ауласы кең. Аулада ағаштар, гүлдер өсіп тұр.
(2) сұрақ.
- Сен өнердің қандай түрлерін білесің?
- Мен қолөнер, сәулет, кескіндеме, сурет, музыка, би т. б. өнер түрлерін білемін.
- Халқымыздың тұрмысында қолөнердің алатын орны қандай?
- Қазақ халқының тұрмысында қолөнер ерекше орын алған.
- Әйелдер өнердің қандай түрімен айналысқан?
- Әйелдер киіз басып, кілем, ши тоқып, киім тіккен.
- Халық шеберлері ағаштан, сүйектен қандай заттар жасаған?
- Халық шеберлері домбыра, ыдыс – аяқ, әр түрлі құрал – жабдықтар жасаған.
- Шеберлердің жасаған туындылары қайда сақталған?
- Шеберлердің жасаған туындылары мұражайларда сақталған.
- Қылқалам шебері Әбілхан Қастеев сурет салуды неден бастаған?
- Әбілхан Қастеев сурет салуды әжесінің киізінен, ешкінің мүйізінен, таудың биігінен бастаған.
- Қазақ фильм киностудиясы кімнің атында?
- Қазақ фильм киностудиясы Шәкен Аймановтың атында.
- Алдар Көсе рөлінде ойнаған актер кім?
- Алдар Көсе рөлінде ойнаған актер Шәкен Айманов.
(3) сұрақ.
Болымсыз етістік түрі етістік түбіріне – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы және жоқ, емес сөздері арқылы жасалады. Мысалы: айт – айтпа; бар – барма; сөйле – сөйлеме; тыңдаған – тыңдаған жоқ; естіген – естіген емес;