
- •1 Билет. (1) сұрақ.
- •2 Билет
- •3 Билет. (1) сұрақ.
- •4 Билет. (1) сұрақ.
- •6 Билет. (1) сұрақ.
- •7 Билет. (1) сұрақ.
- •8 Билет. (1) сұрақ.
- •9 Билет. (1) сұрақ.
- •10 Билет. (1) сұрақ.
- •11 Билет. (1) сұрақ.
- •12 Билет. (1) сұрақ.
- •13 Билет. (1) сұрақ.
- •14 Билет. (1) сұрақ.
- •15 Билет. (1) сұрақ.
- •16 Билет. (1) сұрақ.
- •17 Билет. (1) сұрақ.
- •18 Билет. (1) сұрақ.
- •19 Билет. (1) сұрақ.
- •20 Билет. (1) сұрақ .
- •21 Билет. (1) сұрақ.
- •23 Билет. (1) сұрақ.
- •24 Билет. (1) сұрақ.
- •25 Билет. (1) сұрақ..
- •22 Билет. (1) сұрақ.
1 Билет. (1) сұрақ.
Менің Отаным – Қазақстан. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Бұл – еркін адамдар елі.
Қазақстан – таңғаларлық әдемі жер. Мұнда ұлы Іле Алатауы, Ертіс. Сырдария, Амудария өзендері және шетсіз – шексіз дала жатыр...
Қазақстан - әртүрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел.
Еліміздің ұлан – байтақ даласында есепсіз байлық бар, бұл – сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар.
Біздің Қазақстанда Азия мен Еуропаның қалаларынан қалмайтын Астана, Алматы және Павлодар сияқты көрікті қалалар бар.
Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. 1991 жылы 16 жел-тоқсан күні Қазақстан тәуелсіз Республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның Елбасы – Президентінің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұл-тан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы 4 маусымда Қ.Р. рәміздері қабылданды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық теңгеміз айналымға енді. 1995 жылы 30 тамызда Қ.Р. Ата Заңы қабылданды.
Мен Қазақстанды өте жақсы көремін.
(2) сұрақ.
- Киіз үй кімдердің баспанасы болған ?
- Киіз үй қазақ халқының баспанасы болған.
- Неліктен оны халықтар кеңінен пайдаланған ?
- Көшіп қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы болғандықтан, оны халқымыз кеңінен пайдаланған.
- Киіз үй нешінші ғасырда пайда болған ?
- Киіз үй VII ғасырда пайда болған.
- Үйдің шаңырағын кім көтерген ?
- Үйдің шаңырағын үй иесі көтерген.
- Киіз үй қандай бөліктерден тұрады ?
- Уық, кереге, шаңырақ, түндік т. б. бөліктерден тұрады.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінде киіз үйдің қандай бөлігі көрсетілген ?
- Қ.Р. мемлекеттік рәміздерінде шаңырақ, уық бейнеленген.
- Оның мәні неде ? Ол нені білдіреді ?
- Оның мәні көп ұлтты халықтың бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүруін білдіреді.
- Киіз үйдің ішіне қандай жиһаздар қойылады ?
- Киіз үйдің ішіне абдыра, абажа, кебеже, жүкаяқ, сырмақ, текемет, алаша, бесік т. б.
- Киіз үй көлеміне қарай қандай түрлерге бөлінеді ?
- Киіз үй көлеміне қарай 4 қанатты, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болып бірнеше түрге бөлінеді.
- Қазіргі заманда киіз үйге сұраныс бар ма ?
- Қазіргі заманда той- думан, мереке, жиындарда киіз үйге сұраныс бар.
- Қай елдегі тосын жағдайда киіз үйдің пайдасын білдік ?
- 1986 жылы желтоқсанда Арменияда болған тосын жағдайда киіз үйдің пайдасын білдік.
(3) сұрақ..
Сөйлем тиянақты бір ойды білдіреді. Сөйлемнің белгілі бір интонациясы болады. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем, жай сөйлем деп аталады.
Жай сөйлем.
Бір сөзден: Көктем, Дүйсенбі Екі сөзден: Көктем келді, Бүгін – дүйсенбі.
Көп сөзден: Көктем ерте келді, Бүгін кезекті дүйсенбі.