
- •Ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптық үлгі жоспары
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Күтілетін нәтиже :
- •Қорытынды нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже :
Күтілетін нәтиже :
Біледі: музыканың сабырлы, мұңлы, ширақ, сергек сипатын ажыратуды.
Игереді: қоңыраулардың дыбысын ажыратуды, әнді суретке қарап көрсетіп, есте сақтауды.
Меңгереді: би қимылдарын ажыратуды, сюжеттік рөлдерде ойнауды.
№13-14 технологиялық карталар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Атамның киіз үйі»
Мақсаты: әуенді соңына дейін тыңдауға, таныс әуендерді ажырата білуге, әнді жеңіл әндете айтуға үйрету. Тембрлік есту қабілетін дамыту. Киіз үй туралы түсінік беру, домбыра аспабымен таныстыру, ерекшеліктерін ұғындыру.
Көрнекілік: жайлаудың, киіз үйдің суреттері, домбыра аспабы.
Сөздік жұмыс: киіз үй, домбыра, күй.
Оқу іс-рекетінің кезеңдері |
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жетекші балаларды қарсы алып, «Марш»(Л.Хамиди) әуеніне жүруді ұсынады. Бір, екі, үш ,төрт, Аяқты нық басайық. Бір, екі, үш,төрт, Асулардан асайық-деп әуен сипатын бере, ырғақты сезіне қозғалуларын бақылайды. Балаларға жайлаудың суретін көрсетіп, «Жайлау таңы»(Л.Хамиди) әуенін тыңдатады. Балалармен «Жайлауда» атты әңгіме-сұхбат жүргізеді. -Жайлауда не көрдің? -Жайлау қайда болады? |
Әуеннің сипатын беруге тырысып, тізелерін көтере, нық басып жүреді.
Екпіннің тез және жай түрін қимылмен көрсетеді. Жайлау туралы әңгімеге қосылып, сұрақтарға жауап береді, қызығушылықтары артады. |
|
-Дұрыс айтасыңдар, жайлау тау қойнауында, табиғаты әсем жерде болады. Атамызды қуантып, Жайлауға біз барамыз. Құлыншақпен шабамыз, Бұған жетер шамамыз,-деп «Құлыншақ» ( Е.Тәшенов, Ә.Тәжібаев ) әннің екпінімен құлыншақ шабысын келтіріп жүруді ұсынады.
|
«Құлыншаққа отырып», шаттана шауып, шеңбер бойымен жүреді. Екі қолдың жұдырығын түйіп, үзеңгіден ұстаған болып, қолдарын алға созады. Тізені серпе көтеріп, жеңіл жүреді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Міне, атамыздың киіз үйіне де келдік. Қараңдаршы ,қандай әдемі! (Суреттен немесе слайдтан көрсету.) Залға ата киімін киген педагог кіреді. -Амансыңдар ма, қарақтарым! Жоғары шығыңдар! Балалардан жайғасып отыруларын сұрайды. Педагог : «Киіз үйде не бар екен, көрейікші»,-деп үйдің ішкі жабдығы бейнеленген суретті көрсетеді. Киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын көрсетіп, атап айтуларын сұрайды (сандық, бесік, үстел, сырмақ, қамшы, көрпе,т.б). -Ал мына төрде ілулі тұрған біздің ұлттық аспабымыз-домбыра. Бұл аспап кімнің үйінде бар? Дауысы бар, үні жоқ, Шертсең күйі, әні көп. Құлағын аз бұра, Бұл не? Домбыраның сүйемелдеуімен ән айтады, күй ойнайды. Домбыра ағаштан жасалады. Екі құлағы, ұзын мойны, шертіп ойнайтын екі ішегі бар,-деп мағлұмат береді. Оң қолым ішекті қағады, Сол қолым пернені табады. Халық күйі «Кеңес» -ті орындатып береді немесе үнтаспадан тыңдатады. -Домбыраның даусы қандай? -Домбырада қалай ойнайды? Балалардан қимылмен көрсетуді сұрайды (имитация әдісімен). Ән тыңдау: «Домбыра сазы» (И.Нүсіпбаев, Х.Талғаров).Балалардың мұқият тыңдауын сұрайды.Сұрақтар қойып, шығарма туралы әңгңмелейді. -Әннің сипаты қандай? (жігерлі,ашық,т.б) -Сендерге ән ұнады ма? Дауыс жаттығуы: «Домбыра үні» Дығы –дығы, дың-дың, Домбырада ойнаймыз. Дығы-дығы, дың-дың, Ішектерді қағамыз, Пернелерін табамыз. Ән үйрену: «Домбыра» (Ж.Тұрсынбаев,А.Асылбек).Балалардың ән сөздерін дұрыс, анық айтуын қадағалайды. Аспаптың сүйемелдеуінсіз, ырғақты шапалақпен көрсетіп, сөзін буынға бөле жаттауға машықтандырады. Авторларымен таныстырады. Ойын ойнайық: «Киіз үй» Музыка жетекшісі балаларды ойынға шақырады. Дөңгелене тұайық, Киіз үйді құрайық,-деп ойынның мәтініне сәйкес қимылдарды көрсетіп, бақылайды.
-Атамызға рақмет айтып қоштасайық. -Атаның киіз үйі қандай екен? -Қандай заттарды көрдіңдер? -Қандай аспаппен таныстық? -Домбырада қалай ойнайды?-деген сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларды құлыншақ шабысымен топтарына шығарып салады. |
Атамен амандасып, кілемге жайғасып отырады. Киіз үй ішіндегі жиһаздарды, заттарды көріп, атап айтуға тырысады.
Домбыра туралы естіп білгендерін әңгімелейді. Жұмбаққа ойланып жауап береді, шешуін табады.
Балалар домбыра үнін естіп, елеңдейді. Күйді түсініп тыңдауға талпынады.
Домбыраның үні әдемі, сазды.Сол қолдарын соза оң қолымен домбыраны қағып ойнауды көрсетеді.
Әнді зейін қоя тыңдап, қызығушылықтары артады. Композитор И.Нүсіпбаев туралы түсінік алады. Әннің сипатын ажыратып, әңгімелейді.
Дауыс жаттығуын бірге басып, бірге аяқтауға үйренеді. «Дығы-дығы, дың» сөздерін бірге қайталайды. Жаңа әнді тыңдап, сөздеріне мән береді. Әннің авторлары туралы естіп біледі. Әуенді ырғақпен шапалақтап, екпінін сезіне көрсетеді. Шеңбер бойымен тұрып, ойынға көңілдене қатысады. Сұрақтарға көңілдене, зор ықыласпен жауап береді. Қоштасып, «Құлыншақ» әуенінің ырғағымен шауып шығып кетеді. |